Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы «__» ___ № ___ бұйрығымен
Бекітілді
Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің
техникалық пайдалану ережесі
-
Жалпы ережелер
-
Осы Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану ережесі (әрі қарай - Ереже) Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңының 7 бабы 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және телерадио хабарларын тарату жүйелерінің пайдалану тәртібін және телерадио хабарларын тарату операторларының телерадио хабараларын таратуды ұйымдастыру барысында теле-, радиокомпаниялармен өзара әркетін анықтайды.
-
Ереже телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану және техникалық құралдарын ұйымдастыру процедуралары мен тәртібін, пайдаланушы қызметкердің міндеттерін және теле-, радиоарналар сигналдарын таратуды ұйымдастыру барысында телерадио хабарларын тарату операторлары мен теле-, радиокомпаниялардың өзара әрекет ету үдерістерін белгілейді.
-
Ереже телерадио хабарларын тарату желілері мен жүйелерінің сенімді, қауіпсіз және ұтымды жұмысын қамтамасыз ету және оларды қалыпты жағдайда ұстауды мақсат етеді.
-
Ережемен телерадио хабарларын тарату жүйелері жабдықтарының параметрлеріне, сондай-ақ телерадио хабарларын таратудың жаңадан құрастырылатын жүйелерін жобалауға және қосымша жабдықтар орнатуға нормалар қарастырылмайды.
-
Ереже меншік формасына және ұйымдастыру құқықтық формасына тәуелді емес жерсеріктік және эфирлік телерадио хабарларын тарату операторларына және теле-, радиокоманияларға таратылады.
-
Теле-, радиокомпаниялар мен телерадио хабарларын тарату операторлары Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын тарату субъектілері болып табылады.
-
Теле-, радиокомпаниялар бұқаралық ақпарат құралдары ретінде ақпарат саласындағы уәкілетті органдар есебіне теле-, радиоарналарды қою туралы айғақ негізінде, теле-, радиоарна сигналдарын қалыптастыру және оларды әрі қарай телерадио хабарларын тарату желілерінде тарату қызметтерін іске асырады.
-
Телерадио хабарларын тарату операторлары (әрі қарай - Операторлар) теле-, радиоарналарға сигналдарды тарату бойынша қызметтерді іске асырады және кәсіпорын Жарғысы, ҚР аумағында теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметтерге берілетін лицензия негізінде және ҚР заңамалық және нормативтік актілеріне сәйкес телерадио хабарларын тарату желілерін және жүйелерін пайдалануды қамтамасыз етеді.
-
Операторлардың телерадио хабарларын тарату желілері және жүйелері жұмысындағы зақымдануын тексеру және есепке алулары белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.
-
Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын пайдалануға және телерадио хабарларын тарату желілері және жүйелері нысандарында орын алған жазатайым оқиғаға байланысты тексеру қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүргізіледі.
-
Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын пайдалану, тек теле-, радиоарналардың таратылуын қамтамасыз ететін аппаратты-бағдарламалық және техникалық құралдарда пайдаланылатын сәйкестік сертификаты болған жағдайда беріледі.
-
Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын пайдалану мәселелері бойынша жалпы басшылық жасауды байланыс саласындағы уәкілетті орган іске асырады.
-
Ереже эфирлік және жерсеріктік телерадио хабарларын тарату жүйелеріне таратылады.
-
Осы Ережеде Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңында белгіленген терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ келесі терминдер тиісті анықтамалармен қолданылады:
-
телерадио хабарларын тарату жүйесінің апаты: ТРХТ жүйесінің техникалық тоқтау ұзақтығы 10 мин жоғары;
-
төменгі жиілік (ТЖ) - диапазондағы жиілік - 30 кГц-тен – 300 кГц -ке дейін;
-
орташа жиілік (ОЖ) - диапазондағы жиілік - 300 кГц-3 000 кГц;
-
жоғары жиілік (ЖЖ) - диапазондағы жиілік- 3 000 кГц-тен – 30 000 кГц-ке дейін;
-
өте жоғары жиілік (ӨЖЖ) - диапазондағы жиілік 30 000 кГц-тен – 300 000 кГц-ке дейін;
-
телевизиялық аппаратты-студиялық кешен (АСК) – бір бірімен біріккен телевизиялық студия және апаратты телевизиялық орталықтың жиынтығы;
-
цифрлық телевидениенің сигналын тарататын жерсеріктік жер станциясы (ЖС) – жерсеріктік байланысқа және телерадио хабарларын таратуға цифрлық телевидение сигналын таратуды қамтамасыз ететін Жер станциясы;
-
цифрлық телевидениенің сигналын қабылдайтын жерсеріктік жер станциясы – эфирлік таратқыштардың немесе кәбілдік телевидение жүйесінің көмегімен әрі қарай тарату үшін телевизиялық бағдарламаларды байланыс жерсеріктерінен және телерадио хабарларын тарату бағдарламаларынан қабылдауды іске асыратын жер станциясы;
-
телерадио хабарларын тарату жүйесі – телерадиосигналдардың қалыптастырылуын және таратылуын қамтамасыз ететін және тарату ортасы және/немесе технологияларымен біріккен техникалық құралдардың жиынтығы;
-
телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісі (ТҰЖ) – мемлекет меншігіндегі, Қазақстан Республикасы аумағында телерадиосигналдарды таратуды қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен байланыс арналарының жүйесі;
-
теле-, радиоарналар сигналының алғашқы таратылуы – теле-, радиоарналар сигналдарын радиотелевизиялық және (немесе) радиотаратушы станцияларға жеткізу;
-
теле-, радиоарна – кейіннен трансляциялау үшін хабар тарату торымен сәйкес теле-, радиобағдарламалар мен дыбыс-бейне туындыларының, сюжеттер мен материалдардың жиынтығын білдіретін бұқаралық ақпарат құралы;
-
теле-, радиобағдарлама – тиісті атауы, хабар тарату көлемі бар және теле,- радиоарнаның басқа бөліктеріне қарамастан пайдаланылуы мүмкін теле-, радиоарнаның мазмұны жағынан аяқталған бөлігі;
-
техникалық тоқтап қалу – таратқыштың шығуы кезінде және/немесе сигналдың алғашқы таратылу арналарында сигналдың жоғалуымен туындаған қалыпты жұмысының бұзылуы;
-
тарату торы – нақты бір кезеңге теле-, радиобағдарламалардың эфирге шығу уақыты, атауы, жүйелілігі, тізбесі;
-
теле-, радиоарналар сигналын тарату – телекоммуникация техникалық құралдарын қолдана отырып тұтынушыға дейін теле-, радиобағдарламаларды жеткізу;
-
дара жерсеріктік және (немесе) эфирлік қабылдау құрылғы – телерадиосигналды дара қабылдауға арналған жеке техникалық құрал;
-
телевизиялық абоненттік қосымша құрал – цифрлық телерадиосигналды абонентпен қабылдауға арналған жеке техникалық құрал;
-
телевизиялық сынақ кестесі (ТСК) – нормаланған кескін, оның элементтері трактің шығатын орнында параметрлерді және телевизиялық кескіннің сипаттамасын хабар тарату телевидениесінің немесе оның бөліктерін бағалау үшін қызмет етеді;
-
радиотелевизиялық станция (РТС) – телеарналарды эфирлік трансляциялау үшін, сондай-ақ ӨЖЖ диапазонындағы радиоарналарға арналған техникалық құралдар мен инженерлік құрылыстардың кешені;
-
радио тарату станциясы - ЖЖ, ОЖ және ТЖ диапазонындағы радиоарналарды эфирлік трансляциялау үшін арналған техникалық құралдар мен инженерлік құрылыстардың кешені;
-
.Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын техникалық пайдалануды ұйымдастыру тәртібі, міндеттері, Ереженінің орындалуына Операторлардың жауапкершілігі
-
Телерадио хабарларын тарату құралдарының техникалық пайдалануы Қазақстан Республикасының «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңына сәйкес, телерадио хабарларын тарату саласындағы халықаралық және мемлекеттік стандарттармен және басқа да нормативті техникалық құжаттармен, сондай-ақ Бұйрықтармен және телерадио хабар тарату саласындағы уәкілетті органдардың өкімдік құжаттарымен іске асырылады.
-
Телерадио хабарларын тарату жүйелерін пайдалануды дайындықтан өткен техникалық қызметкерлер іске асыруы тиіс.
Телерадио хабарларын тарату жүйелерін пайдалану бойынша жұмыстардың көлемі мен күрделілігіне байланысты Операторларда техникалық қызметкерлердің біліктілігіне сәйкес жинақталған пайдалану қызметі құрылады.
Оператор қамтамасыз етуге міндетті:
-
телерадио хабарларын тарату жүйелерін жұмысқа жарамды күйде ұстауды және оларды Осы ереженің талаптарына және басқа да нормативті техникалық құжаттарға (әрі қарай – НТҚ) сәйкес пайдалануға;
-
уақытылы және сапалы техникалық қызмет көрсетуді, жоспарлы алдын-алу жөндеуді, сынақтар, жаңғырту және телерадио хабарларын тарату жүйелері мен жабдықты қалпына келтіруді жүргізуге;
-
қызметкерлерді іріктеуді, жұмыскерлерді кезеңдік медициналық тексеруден өткізуді, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқау жүргізуге;
-
техникалық қызметкерлердің білімін тексеруді жүргізуге;
-
телерадио хабарларын тарату жүйелері жұмысының сенімділігі және пайдалану қауіпсіздігіне;
-
техникалық қызметкерлердің еңбегін қорғауға;
-
телерадио хабарларын тарату жүйелері мен желілерді пайдалану кезінде қоршаған ортаны қорғауға;
-
телерадио хабарларын тарату жүйелеріндегі жұмыстың зақымдануына тексеру жүргізу және талдау жасау, телерадио хабарларын тарату жүйелерімен байланысты жазатайым оқиғаларды есепке алуға және олардың пайда болу себептерін жою бойынша шараларды қолдануға;
-
уәкілетті органдарға телерадио хабарларын тарату жүйелерімен байланысты апаттар, өлімге әкеліп соқтыратын, ауыр және топтық жазатайым оқиғалар туралы хабарламаларды ұсынуға;
-
техникалық қызметкерлер үшін лауазымдық, өндірістік және еңбекті қорғау бойынша нұсқауларды әзірлеуге;
-
телерадио хабарларын тарату жүйелерін қорғаныс құралдарымен, өрт сөндіру құралдарымен және құрал-саймандармен жабдықтауға;
-
электр қуатын ұтымды пайдалану және энергиямен қоректендіру бойынша шараларды жүргізуге, есепке алуға;
-
телерадио хабарларын тарату жүйелеріне қажетті сынақтарды жүргізуге, найзағайдан қорғану құрылғыларын, өлшеу құралдарын және электр қуатын есепке алу құралдарын пайдаланылуына;
-
мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының нұсқамаларын орындауға.
-
Телерадио хабарларын тарату жүйесін пайдалануды ұйымдастыру бойынша міндеттерді тікелей орындау үшін Оператор басшысы тиісті құжатпен ұйымның телерадио хабарларын тарату жүйесін пайдалануға жауапты адамды және оның орынбасарын тағайындайды. Телерадио хабарларын тарату жүйесін пайдалануға жауапты адам және оның орынбасары Оператор мамандары мен басшылар қатарынан тағайындалады.
-
Операторда бас инженер немесе техникалық директор лауазымы бар болған жағдайда, телерадио хабарларын тарату жүйесін пайдалануға жауапты қызметкердің міндеттері оған жүктеледі.
-
Трактінің оперативті басқарушысы теле-, радиоарналарды алғашқы тарату операторының ауысым бастығы болып табылады.
-
Телерадио хабарларын тарату жүйесін пайдалануға жауапты адам міндетті:
-
телерадио хабарларын тарату жүйесін пайдалануды ұйымдастыру мәселелері бойынша қажетті құжаттарды жүргізу мен әзірлеуді ұйымдастыруға;
-
техникалық қызметкерлердің оқытуын ұйымдастыруға, нұсқаулық жүргізуге, білімдерін тексеруге және өз бетінше жұмыс жасауына рұқсат етуге;
-
электр қондырғыларда барлық жұмыс түрлерін қауіпсіз жүргізуді, соның ішінде іссапардағы қызметкерлердің қатысуымен жүргізуді ұйымдастыруға;
-
телерадио хабарларын тарату жүйесі мен желісіне техникалық қызмет көрсетудің уақытылы және сапалы орындалуын, жоспарлы алдын алу жөндеулерді және алдын алу сынақтарын қамтамасыз етуге;
-
энергоресурстарда Оператордың қажеттілік есебін жүргізуді ұйымдастыруға және олардың шығынын бақылауды іске асыруға;
-
энергоресурстарды ұтымды пайдалану бойынша іс-шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысуға;
-
телерадио хабарларын тарату жүйелері мен желілеріндегі қорғаныс құралдарын уақытылы тексеру, өрт сөндіру құралдары мен сайманды сынақтан өткізу және қолданыста болуын бақылауға;
-
телерадио хабарларын таратудың жаңа және қайта құрылған жүйесін іске қосуын және пайдалануға бекітілген тәртіпте қабылдауын қамтамасыз етуге;
-
телерадио хабарларын тарату жүйесіне оперативті қызмет көрсетуді және апаттық жағдайларды жоюды ұйымдастыруға;
-
тексеру белгісі бар (2 жылда 1 реттен кем емес) жобамен бекітілген телерадио хабарларын тарату жүйесінің пайдалану сызбаларының нақты сәйкестігін тексеруді қамтамасыз етуге; нұсқаулықтар мен сызбаларды (3 жылда 1 реттен кем емес) қайта қарап шығуға; сапа көрсеткіштерін өлшеуді (бекітілген кестеге сәйкес) бақылауға; техникалық қызметкерлердің (5 жылда 1 реттен кем емес ) біліктілігін арттыруға;
-
құрылыс-құрастыру және арнайы ұйым қызметкерлерін қолданыстағы телерадио хабарларын тарату жүйесіндегі жұмыстарына кіргізу рұқсатының дұрыстығын бақылауға;
Телерадио хабарларын тарату жүйесін пайдалануға жауапты адамның лауазымдық нұсқауында оның құқы мен жауапкершілігін қосымша көрсету керек.
-
Телерадио хабарларын тарату жүйесін пайдалануға жауапты адамның және оның орынбасарын тағайындау, білімдері тексерілгеннен кейін және электр қауіпсіздігі бойынша тиісті топты берілгеннен кейін жүргізіледі:
V – 1000 В жоғары кернеулігі бар электр қондырғыларда;
IV – 1000 В дейін кернеулігі бар электр қондырғыларда;
Телерадио хабарларын тарату жүйесін пайдалануға жауапты адамның ұсынысы бойынша Оператор басшысы телерадио хабарларын тарату жүйесін пайдалану үшін құрылымдық бөлімшелердің (филиалдарды) жауаптыларын тағайындай алады.
Оператордың телердио хабарларын тарату желілерін және жүйелерін пайдалану кезіндегі бөлімшелер арасындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді бөлу ішкі регламенттік құжаттар мен нұсқауларда, соның ішінде лауазымдық нұсқауларда көрсетіледі.
-
Телерадио хабарларын тарату жүйесі мен желісі жұмыстарындағы бұзылымдар үшін жеке жауапкершілігіне алады:
-
Оператор басшысы мен телерадио хабарларын тарату жүйесін пайдалану үшін жауаптылар – Ереже мен лауазымдық нұсқауда қарастырылған талаптарды орындамағаны үшін;
-
телерадио хабарларын тарату жүйесіне тікелей қызмет көрсететін жұмыскерлер – солардың кінәсі бойынша болған зақымдар үшін, сондай-ақ қызмет көрсетіліп жатқан учаскедегі телерадио хабарларын тарату жүйесіндегі жұмыстардағы бұзылымдарды дұрыс емес жойылғаны үшін;
-
жабдыққа жөндеу жүргізетін жұмыскерлер, - жөндеу жұмыстары сапасының төмен болуынан туындаған бұзылымдар үшін;
-
техникалық қызмет басшылары мен мамандары – олардың кінәсі бойынша телерадио хабарларын тарату жүйесі жұмыстарындағы бұзылымдар үшін, сондай-ақ уақытылы емес және қанағаттандырылмаған техникалық қызмет көрсету және апатқа қарсы шараларды орындамағаны үшін.
-
Осы Ережені бұзу қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады.
Осы Ережені бұзуды анықтаған, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату жүйесі мен желісінде немесе қорғаныс құралдарында бұзылымдарды байқаған әр жұмыскер оперативті түрде өзінің тікелей басшысына хабарлауы керек, ал ол болмаған кезде – жоғарыда тұрған басшыға хабарлауы тиіс.
-
Осы Ереже талаптарының орындалуын мемлекеттік қадағалау Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы уәкілетті органымен іске асырылады.
-
Оперативті-радиотелевизиялық станциялардың техникалық қызмет көрсетуі бекітілген кесте бойынша жұмыс істеп жатқан РТС кезекші қызметкерімен іске асырылады.
-
Жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес жасалады. Кезекші қызметкерді алмастыру тек РТС басшысының рұқсатымен іске асырылады.
-
Теле-, радиоарналарды тарату кезінде РТС кезекші қызметкері телерадио хабарларын тарату Операторының Басқару және мониторингтеу орталығының кезекші қызметкерімен оперативті байланыста болады.
-
Теле-, радиоарналарды тарату үдерісінде туындаған телерадио хабарларын үздіксіз таратуды қамтамасыз ету жөніндегі барлық мәселелерді телерадио хабарларын алғашқы тарату операторының кезекші қызметкері АСК және/немесе бағдарламаларды беру құралдарындағы ауысымдардың бас мамандарымен шешеді.
Ескерту 1. Телерадио хабарларын тарату операторларының оперативті басшысы осы оператордың құрылымына байланысты тағайындалады.
Ескерту 2. Теле-, радиоарна көзі – АСК, ал бағдарламаларды тарату құралдары – теле-, радиоарналардың алғашқы таратылуын іске асыратын телекоммуникацияның техникалық құралдары болып табылады: жерсеріктік байланыс арналары, талшықты-оптикалық байланыс желілері, радио-релелік желілер.
-
Электрмен жабдықтау немесе қорек желілерін ауыстырып қосуға байланысты энергиямен жабдықтау ұйымдарының кезекшілерімен келіссөздер жүргізу, РТС оперативті басшысы және/немесе ауысымнан тыс қызметкердің уәкілетті тұлғасы жүргізеді.
-
Телерадио хабарларын тарату жүйесін пайдалануға қабылдау
-
Телерадио хабарларын таратудың жаңа немесе қайта құрылған жүйелері осы Ережеде және басқа да нормативті құжаттарда баяндалған тәртіпте пайдалануға қабылдануы тиіс.
-
Телерадио хабарларын тарату жүйесін құрастыру немесе қайта құрастыруын бастауға дейін қажет:
1) жұмыс жобалауын орындау;
2) тиісті сараптамалық органдарда жобалық құжаттарды келісу және сараптау жұмыстарын жүргізу бойынша байланыс саласындағы уәкілетті органнан бекітіп алу.
-
Телерадио хабарларын тарату жүйесін пайдалануға қабылдау алдында келесілер жүргізілуі керек:
-
телерадио хабарларын тарату жүйесі нысанына құрылыс және құрастыру жұмыстарын жүргізу кезеңінде жабдық және құрылыс торабын аралық қабылдау, сонымен қатар жасырын жұмыстарын жүргізу;
-
телерадио хабарларын тарату жүйесі жабдығының кейбір түрлерін реттеп іске қосу және жабдықты қабылдап тапсыру тестілік сынақтарын өткізу;
-
телерадио хабарларын тарату жүйесін кешенді тестілеу.
-
Жабдықтың қабылдап тапсыру сынақтары мен жеке жүйелерді реттеп іске қосу сынақтары телерадио хабарларын таратудың тапсырылатын жүйесі бойынша барлық құрылыс және құрастыру жұмыстарын жүргізуді аяқтағаннан кейін бекітілген Қабылдау жұмыстарын жүргізу әдістерімен жасалуы тиіс, ал кешенді тестілеу мен тәжірибелі пайдалану Оператормен мердігердің келісілген мерзімінде жүргізілуі тиіс.
-
Қабылдап тапсыру және реттеп іске қосу сынақтары алдында осы Ереженің, телерадио хабарларын тарату жобасы жүйесінің сызбалық шешімдері, құрылыс нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік стандарттар мен еңбек қауіпсіздігі ережесінің, өрт және жарылыс қауіпсіздігі ережесінің, өндіруші-зауыттардың нұсқауларының, жабдықты құрастыру нұсқауларының орындалуы тексерілуі керек.
-
Жабдықты қабылдап тапсыру және тәжірибелі пайдалану жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетімен берілген уақытша рұқсатнама негізінде ғана жобалық сызба бойынша телерадио хабарларын тарату жүйесін іске қосуға болады.
-
Құрылыс және жөндеу жұмыстары барысында жіберілген ақаулар мен кемшіліктер, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату жүйесін қабылдап тапсыру және реттеп іске қосу сынақтарын, кешенді тестілеуді жүргізу үдерісінде анықталған жабдық ақаулары жойылуы керек. Телерадио хабарларын тарату жүйесін тәжірибелі пайдалануға ақаулар және кемшіліктерімен қабылдауға рұқсат етілмейді.
-
Қабылдап алу алдында телерадио хабарларын тарату жүйесі нысандарын сенімді және қауіпсіз пайдалану үшін жағдай жасалуы тиіс:
-
техникалық және технологиялық қызметкерлер оқытылған (білімдерін тексерілуімен), жабдықталған;
-
пайдалану нұсқаулықтары мен еңбек қорғау нұсқаулықтары және оперативті сызбалар, есеп беру мен есеп жүргізу техникалық құралдары әзірленуі, бекітілуі;
-
қорғаныс құралдары, саймандар, қосалқы материалдар мен бөлшектер дайындалды, сынақтан өткізілді;
-
4)байланыс құралдары, сигнал беру және өрт сөндіру, апаттық жарық беру және желдеткіш құралдары іске қосылған.
-
Телерадио хабарларын тарату жүйелері пайдалануға енгізу алдында Оператормен бекітілген тәртіпте қабылдануы қажет.
4. Қызметкерлерге талап қою
-
Телерадио хабарларын тарату жүйесін пайдалануды дайындықтан өткен техникалық қызметкер іске асыру тиіс.
Өндірістік құрылымның техникалық қызметкері: әкімшілік-техникалық; ауысымдық (оперативті); ауысымнан тыс (жөндеу жүргізу) болып бөлінеді.
-
Оператордың бекітілген техникалық қызмет ұйымының құрылымына сәйкес техникалық қызметкерлер тікелей техникалық қызмет құрамына кіреді немесе Оператордың (құрылымдық бірлік) өндірістік бөлімшелер штатына жатады. Соңғы жағдайда техникалық қызмет өндірістік және құрылымдық бөлімшенің техникалық қызметкерлеріне техникалық және методологиялық түрде басшылық етеді және олардың жұмыс істеуін бақылауға алады.
-
Тікелей қарамағында технологиялық қызметкерлері бар басшыларда бағынышты қызметкерлерден төмен емес электр қауіпсіздігі бойынша тобы болуы тиіс. Олар осы қызметкерлер жұмысын және техникалық басшылығын жүргізу тиіс.
Тиісті электр қауіпсіздігі бойынша тобы бар техникалық және технологиялық қызметкерлердің лауазымдар мен мамандықтар тізбесін оператор басшысы бекітеді.
_________________________________________________________________
* Егер бөлу қажет етілмеген жағдайда, технологиялық қызметкерлер де алдағы уақытта техникалық қызметкерлер деп саналады.
-
Оператор басшысы, ұйымның басқарушы жұмыскеріне телерадио хабарларын тарату жүйесін техникалық басқару жөніндегі өкілеттігін берген жағдайда электр қауіпсіздігі тобын беру талап етілмейді. Егер көрсетілген жұмыскерлерде бұрын топтар болған жағдайда және оны растағысы (немесе арттыру) келсе, онда білімін тексеру әдеттегі тәртіпте, техникалық қызметкерлерге жүргізілгендей өткізіледі.
-
Өз өндірістік қызметіне қатысты электр қауіпсіздігі бойынша талаптарды меңгерген қызметкерлерге белгіленген формадағы журналға ресімдеу арқылы топ беріледі; куәлік берілмейді.
-
I топты беру нұсқама жүргізу арқылы жүзеге асырылады, әдетте ауызша түрде сұрау арқылы (қажет болған жағдайда) және қауіпсіз жұмыс жасау тәсілдерін немесе электр тоғымен зақымдалған жағдайда алғашқы көмек көрсетуде алынған дағдыларын тексерумен аяқталуы қажет. Электр қауіпсіздігі бойынша I топты беруді осы Оператордың электр қауіпсіздігі бойынша III топтан төмен емес техникалық қызметкерлер қатарындағы жұмыскер өткізеді.
Электр қауіпсіздігі бойынша I топты беру жылына 1 ретттен кем емес аралықта өткізіледі.
-
Түрлі санаттағы жұмыскерлермен міндетті жұмыс формасы:
-
Әкімшілік-техникалық қызметкерлермен:
Еңбек қауіпсіздігі бойынша (қажет болған жағдайда) кіріспе және мақсатты нұсқаулықтарын жүргізу;
осы Ереженің, өрт қауіпсіздік ережесі, еңбекті қорғау бойынша нормалар мен ережесін және басқа да нормативті құжаттар бойынша білімін тексеру;
біліктілікті үздіксіз арттыру үшін қосымша кәсіби білім алу.
Оперативті, оперативті-құрылыс немесе құрылыс қызметкерлері құқы бар әкімшілік-техникалық қызметкерлермен, баяндалған жұмыс түрінен өзге оперативті, оперативті-құрылыс немесе құрылыс қызметкерлеріне қарастырылған дайындықтардың барлық түрі жүргізілуі тиіс.
-
Оперативті, оперативті-құрылыс немесе құрылыс қызметкерлерімен:
Кіріспе, жұмыс орнындағы алғашқы, қайта, еңбекті қорғау бойынша жоспардан тыс және мақсатты нұсқаулықтар, сонымен қатар өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар жүргізу;
жұмыс орнында (сынақ ісі) оқытумен жаңа лауазым немесе мамандық бойынша дайындау;
осы Ереженің, өрт қауіпсіздік ережесі, еңбекті қорғау бойынша нормалар мен ережесін және басқа да нормативті құжаттар бойынша білімін тексеру;
қайталау;
арнайы дайындық;
апатқа қарсы және өртке қарсы бақылау жаттығулары;
біліктілікті үздіксіз арттыру үшін қосымша кәсіби білім алу.
-
Жөндеу жүргізу қызметкерлерімен:
Кіріспе, жұмыс орнындағы алғашқы, қайта, еңбекті қорғау бойынша жоспардан тыс және мақсатты нұсқаулықтар, сонымен қатар өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар жүргізу;
жұмыс орнында (сынақ ісі) оқумен жаңа лауазымы немесе мамандығы бойынша дайындау;
осы Ереженің, өрт қауіпсіздік ережесі, еңбекті қорғау бойынша нормалар мен ережесін және басқа да нормативті құжаттар бойынша білімін тексеру;
біліктілікті үздіксіз арттыру үшін қосымша кәсіби білім алу.
-
Еңбек қауіпсіздігі нұсқаулығын өрт қауіпсізідігі нұсқаулығымен қатар өткізуге рұқсат беріледі.
-
Телерадио хабарларын тарату жүйесіндегі жұмыстарды орындау үшін қабылданған жұмыскерлердің жұмыс сипатына сәйкес кәсіби дайындығы болуы тиіс. Кәсіби дайындығы жоқ жұмыскерлер қызметкерлерді дайындау бойынша арнайы орталықтарда (оқу комбинаттарында, оқу жаттығу орталықтарында ж.т.б.) оқытылуы тиіс (өз бетінше жұмыс жасауға рұқсат берілгенге дейін).
-
Техникалық қызметкер өз бетінше жұмыс жасауға тағайындалғанға дейін немесе телерадио хабарларын тарату жүйесін пайдалануға байланысты басқа жұмысқа (лауазым) ауысқанға дейін, сондай-ақ техникалық қызметкер ретінде жұмысында 1 жылдан аса үзіліс болған жағдайда, жұмыс орнында сынақ ісін (өндірістік оқу) өтуі тиіс.
Жұмыскерге жабдықпен, аппаратурамен, оперативті сызбалармен танысу үшін және аталған лауазымға қажетті көлемде бір мезгілде үйрену үшін (мамандық) оқуға жеткілікті мерзім берілуі тиіс:
-
телерадио хабарларын тарату жүйесін техникалық пайдалану ережесін, қауіпсіздік ережесін, өндірісте жазатайым оқиға болған жағдайда алғашқы көмек көрсету ережесі мен әдістерін, осы Ережені;
-
лауазымдық және өндірістік нұсқаулықтарды;
-
еңбекті қорғау нұсқаулығын;
-
аталған оператор қолданысындағы басқа да ережелерді, нормативті және пайдаланушылық құжаттарды.
-
Техникалық қызметкерлерді дайындау бағдарламалары Ереже мен нұсқаулықтың қажетті бөлімдерінің көрсетілуімен құрылымдық бөлімше (телерадио хабарларын тарату жүйесін пайдалануға жауаптылар) басшылары жасайды және Оператордың телерадио хабарларын тарату жүйесін пайдалануға жауаптылармен бекітілуі мүмкін.
Оперативті қызметкерлер басшыларын дайындау бағдарламалары оперативті, оперативті – жөндеу жүргізу қатарындағы қызметкерлер және жөндеу жүргізу қызметкерлері сынақ ісін өту мен білімдерін тексеруді қарастыруы тиіс.
-
Сынақ ісіннен өтіп жатқан жұмысшы (қайталау) тиісті құжатпен ұйым бойынша (басшылар мен мамандар үшін) немесе құрылымдық бөлімше бойынша (жұмыскерлерге) тәжірибелі жұмыскерге бекітілуі тиіс.
-
Сынақ ісі жауапты оқытушы жұмыскерінің басшылығымен өткізіледі және әр лауазымға (жұмыс орнына) әзірленеген бағдарламалар бойынша және бекітіліп белгіленген тәртіпте іске асырылады. Сынақ ісінің ұзақтығы 2 ауысымнан 14 ауысымға дейінгі мерзімде болады.
-
Оператор басшысы немесе құрылымдық бөлімше басшысы мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес өтілі бар, бір цехтан басқа цехқа ауысып жатқан және оның жұмыс сипаты мен алдыңғы істеген жабдық түрі өзгертілмеген жағдайда жұмыскерді сынақ мерзімінен өтуден босата алады.
Сынақ ісіне жіберілу Оператор немесе құрылымдық бөлімше басшысының тиісті құжатымен ресімделеді. Құжатта сынақ ісінен өтудің күнтізбелік мерзімі және оны өткізуге жауапты жұмыскердің тегі көрсетіледі.
Сынақ ісінен өту ұзақтығы оқытылатын қызметкердің мамандығы (лауазымы), жұмыс тәжірибесі, кәсіби білім деңгейіне байланысты жеке анықталады.
-
Сынақ мерзімінен өту үдерісінде жұмыскер міндетті:
-
пайдалану ережесі, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелері талаптарын үйрену және оларды жұмыс орнында тәжірибе түрінде қолдануға;
-
бұл лауазымда жұмыс істеу үшін білу міндетті болып табылатын сызбаларды, өндірістік нұсқаулықтарды және еңбек қорғау нұсқаулығын оқып-білуге;
-
өзінің жұмыс орнында нақты дұрыс бағдарды бірнеше қайталап істеуге;
-
өндірістік операцияларды орындауға қажетті практикалық дағдыларды иемденуге;
-
қызмет көрсету жабдығын пайдалануда апатсыз, қауіпсіз және үнемді тәсілдер мен шарттарды үйренуге міндетті.
-
Жұмыскерлердің техникалық қауіпсіздігі бойынша білімін тексеру: алғашқы және кезеңдік (кезекті және кезектен тыс) болып бөлінеді.
-
Техникалық қауіпсіздігі бойынша алғашқы білімін тексеру - телерадио хабарларын тарату жабдығы жүйесіне қызмет көрсетуге байланысты жұмысқа алғаш рет шыққан жұмыскерлерден немесе білімін тексеру кезінде 3 жылдай үзілістер болған жағдайда жүргізіледі; кезекті тексеріс 55 т. көрсетілген тәртіпте; ал кезектен тыс тексеріс 58 т. көрсетілген тәртіпте жүргізіледі.
-
Техникалық қауіпсіздігі бойынша кезекті тексеріс келесі мерзімдерде өткізілуі тиіс:
-
телерадио хабарларын таратудың қолданыстағы жүйесіне қызмет көрсету бойынша жұмыстарды тікелей жүргізіп және ұйымдастыратын немесе оларда реттеу, электр құрастыру, жөндеу немесе алдын ала сынақ жүргізу жұмыстарын өткізу техникалық қызметкерлер үшін, сондай-ақ кезекшілік, өкімдерді беруге және оперативті келіссөз жүргізуге құқы бар қызметкерлер үшін – жылына 1 рет;
-
алдыңғы топқа жатпайтын әкімшілік-техникалық қызметкерлер үшін, сонымен қатар телерадио хабарларын тарату жүйесін тексеруге жіберілген еңбекті қорғау мамандары үшін – 3 жылда 1 рет.
-
Келесі тексерістің уақыты техникалық қауіпсіздігі бойынша білімін тексерудің соңғы күнімен сәйкес белгіленеді.
-
Техникалық қауіпсіздік бойынша кезекті тексерісте қанағаттандырылмаған баға алған жұмыскерлерге комиссия қайта тексерістен өтуді соңғы тексеріс күнінен 1 ай мерзімінен кешіктірілмей тағайындайды. Егер телерадио хабарларын тарату жүйесі жұмыстарынан уақытша босату туралы арнайы комиссияның шешімі білімін тексеру журналында жазылмаған болса, қанағаттандырылмаған баға алған жұмыскерлерге куәлік мерзімі екінші тексеріс үшін комиссиямен тағайындалған мерзімге дейін автоматты түрде ұзартылады.
-
Техникалық қауіпсіздік бойынша кезектен тыс білімін тексеру алдыңғы тексеру мерзімінен тәуілсіз өткізіледі:
-
Операторда жаңа немесе қайта өңделген нормалар мен ережелерді қолданысқа енгізу кезінде;
-
жаңа жабдықты орнату, телерадио хабарларын тарату жүйесінің электрлік және технологиялық сызбаларын қайта құру немесе өзгерту кезінде (кезектен тыс тексерудің қажеттілігін осы жағдайда техникалық басшы анықтайды);
-
басқа жұмысқа тағайындалған немесе ауысқан кезінде, егер жаңа міндеттері қосымша нормалар мен ережелерді білуді қажет етілсе;
-
жұмыскерлердің еңбекті қорғау бойынша нормативтік актілерді бұзған жағдайда;
-
телерадио хабарларын тарату жүйесінің нысандары жұмыстарында бұзылымдар немесе адамдармен болған жазатайым оқиғаны зерттеген комиссия қорытындысы бойынша;
-
білімін одан да жоғары топқа көтеру кезінде;
-
қанағаттандырылмаған баға алғаннан кейінгі білімін тексеру кезінде;
-
аталған лауазым жұмысында 6 айдан аса үзілістер болған кезінде.
-
Кезектен тыс тексеріс үшін білім көлемі мен оның өткізу күнін осы ереженің талаптарын ескере отырып телерадио хабарларын тарату операторы жүйесін пайдалануға жауаптылар анықтайды.
-
Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының талаптары бойынша кезектен тыс техникалық қауіпсіздік бойынша білімін тексеру, сондай-ақ болған апаттардан, оқиға мен жазатайым оқиғалардан кейін кесте бойынша кезектен тыс тексеру мерзімін өзгертпейді.
-
Қолданыстағы ережеге өзгерістер мен қосымшалар енгізілген жағдайда кезектен тыс тексеріс жүргізілмейді, ал олар жұмыс орнындағы нұсқаулықтарды тіркеу журналына ресімделуімен жұмыскерлерге хабардар етіледі.
-
Телерадио хабарларын тарату операторлар жүйесіндегі жұмыс нормалары мен ережелері бойынша білімін тексеру Оператор басшысымен бекітілген күнтізбелік кесте бойынша жүргізіледі.
Білімін тексеруге жататын жұмыскерлер кестемен танысуы керек.
-
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі байланыс саласындағы уәкілетті орган комиссиясында телерадио хабарларын тарату операторлар жүйесін пайдалануға жауапты жұмыскерлердің және олардың орынбасарларының, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату операторлар жүйесі жұмыстарын бақылау міндетіне кіретін еңбекті қорғау мамандарының техникалық қауіпсіздік бойынша білімін тексеруді жүргізеді.
-
Оператор басшысы ұйымның техникалық қызметкерлерінің техникалық қауіпсіздігі бойынша білімін тексеру үшін құрамында бес адамнан кем емес комиссия құруды ұйымдастыру туралы бұйрығымен тағайындау тиіс.
-
Құрылымдық бөлімшелерде оператор басшысымен құрылымдық бөлімше жұмыскерлерінің техникалық қауіпсіздігі бойынша білімін тексеру үшін комиссия құрыла алады.
Құрылымдық бөлімше комиссия мүшелері Оператордың орталық комиссиясында техникалық қауіпсіздігі бойынша білімін тексеруден өтуі тиіс.
-
Техникалық қауіпсіздігі бойынша білімін тексеру рәсімін жүргізу кезінде комиссияның үш мүшесінен кем емес мүшесі қатысуы тиіс, сонымен қатар комиссия басқармасының (басқарма орынбасары) қатысуы міндетті.
-
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі байланыс саласындағы уәкілетті орган комиссиясының өкілдері барлық деңгейдегі білімін тексеру жөніндегі комиссия жұмысына өз шешімдері бойынша қатыса алады.
-
Әр жұмыскерлердің білімі жеке тексеріледі.
Әр лауазымға (мамандыққа) Оператор немесе құрылымыдық бөлімше басшысымен жұмыскердің тиісті лауазымы бойынша өндірістік қызметінің сипатын, лауазымдық нұсқаулығын ескере отырып, нормалар мен ережелер білімін тексеру көлемі анықталуы тиіс, сондай-ақ оның қызметтік міндетіне кіретін нормативтік құжаттардың талаптарын қамтамасыз ету мен сақтауға тиіс.
-
Белгіленген формадағы журналға техникалық қауіпсіздік бойынша білім тексерісінің нәтижесі енгізіледі және комиссияның барлық мүшелерімен қол қойылады. Егер бірнеше жұмыскердің білімі бір күнде тексерілген болса және комиссия құрамы ауыспаса, бұл жағдайда комиссия мүшелері жұмыс аяқталғаннан кейін 1 рет қана қол қоя алады; бұл ретте білімдері тексерілген жұмыскерлердің барлық саны жазбаша түрде көрсетілуі тиіс.
Білім тексеруді сәтті өткен қызметкерлерге белгіленген формада куәлік беріледі.
-
Алғашқы тексерістен басқа тексерістің барлық түріне дербес компьютерді (ДК) пайдалануға болады, бұл ретте журналға жазба жүргізу тоқтатылмайды.
Әзірленген бағдарлама, сонымен қатар оны оқу режимінде пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.
-
Операторларда техникалық қызметкерлермен білімін арттыру, еңбекті қорғау ережесі мен нұсқауын білу деңгейін, озық тәжірибелерді және телерадио хабарларын тарату жүйесі жабдықтарын қауіпсіз әдістерімен қызмет көрсетуді үйрену және апат пен жарақаттанушылықтың алдын алуды арттыруға бағытталған жүйелік жұмыстары өткізіліп тұруы тиіс.
Оператордың техникалық басшысы ұйымдастырылатын техникалық оқу көлемін, апатқа қарсы жаттығуларды өткізу қажеттілігін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |