Темір қаласының құрамды бөліктерін атау туралы



Дата02.07.2016
өлшемі12.05 Kb.
#173170
Темір қаласының құрамды бөліктерін атау туралы

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 мамырдағы № 40 шешімі.

Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 7 мамырдағы №104 қаулысы

Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 31 мамырда № 3-10-169 тіркелді


"Темір" 2012 жылғы 8 маусымдағы № 24


Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 31 бабтарына сәйкес, Темір қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Темір қаласындағы құрамды бөліктеріне /қыстауларына/ қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес мына атаулар берілсін:

1) Ащысай -1,

2) Ащысай-2,

3) Аққұдық,

4) Астықбаз,

5) Бақман,

6) Жанғозы,

7) Құмкемер,

8) Қызылжар,

9) Тауықбаз,

10)Түйебаз.

2. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі орындалуына бақылау жүргізу аудан әкімінің орынбасары Н. С. Қалауовқа жүктелсін.

3. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Аудан әкімі Б. ҚАНИЕВ

Мәслихат хатшысы Н. ӨТЕПОВ
Мәслихат сессиясының төрағасы Е. БАЛБОСЫНОВ

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет