Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы «5» қыркүйектегі
№ 1153 қаулысына
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2009 жылғы 29 қазандағы
№ 1710 қаулысымен
бекiтiлген
«Темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу»
мемлекеттiк қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер
-
«Темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу» мемлекеттiк қызметін (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтардың қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi – ХҚО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – уәкілетті орган) осы стандартқа 1 және 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
-
Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
-
Мемлекеттiк қызмет «Темiр жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына, «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1351 қаулысына сәйкес көрсетіледі.
-
Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
-
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгiнiң интернет-ресурсында: www.mtc.gov.kz («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде);
-
ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
-
ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
-
«электрондық үкімет» call-орталығында 1414 орналастырылған.
-
Көрсетілген мемлекеттiк қызметтің нәтижесі Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік), Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің телнұсқасы немесе қағаз түрінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады.
-
Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасында тiркелген жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдiк заңды тұлғаларға, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, және халықаралық ұйымдарға (бұдан әрi – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
-
Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімдері:
-
ХҚО аудандық бөліміне өтініш берген кезде куәлік 10 жұмыс күн мерзімінде беріледі (2 күн уәкілетті органға және 2 күн орындалған құжаттарды ХҚО жеткізу мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
-
ХҚО облыстық филиалына өтініш берген кезде куәлік 10 жұмыс күн мерзімінде беріледі (құжаттарды қабылдау күнi мен беру күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
-
мемлекеттік қызметті алушының өтініш берген күні мемлекеттік қызмет көрсетілетін орында мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етiлген уақыты 20 минуттан аспайды;
-
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін кезекте тұрудың ең ұзақ рұқсат етiлген уақыты 20 минуттан аспайды;
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн болып табылады.
9. ХҚО-да мемлекеттiк қызмет демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес күн сайын дүйсенбіден бастап, сенбіні қоса алғанда көрсетіледі.
Қабылдау «электрондық» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттiк қызмет дене мүмкiндiктері шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсетуге жағдайлар көзделген мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты орны бойынша ХҚО ғимаратында көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, күтіп отыратын креслолар, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стенділер орналасқан.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
11. Мемлекеттiк қызметті алу (тіркеу және қайта тіркеу) үшiн құжаттардың тізбесі:
1) жеке тұлға үшін:
осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандар бойынша жеке тұлғаның қолымен расталған темiр жол жылжымалы құрамының, соның iшiнде сенiмгерлiк басқаруға немесе мүлiктiк жалға, лизингке берiлген тіркеуге немесе қайта тіркеуге жататын мүкәммал паркiнiң тiзбесi;
осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтiнiш;
жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың немесе жеке тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың және оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда дара кәсіпкерді мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгінің көшірмесі;
меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі немесе мүлiктi жалға алу (жалдау), лизинг немесе сенiмгерлiк басқару шарты;
жасаушы зауыттың темiр жол жылжымалы құрамының әрбiр бiрлiгiне арналған техникалық куәлігінің (формуляр) көшірмесі;
Қазақстан Республикасы Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген ставкалардан өзгеше кедендік баж ставкаларын қолданатын темір жол жылжымалы құрамы үшін төлеген кедендік баж туралы түбіртектің көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті алушы құжаттардың түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсынады.
2) заңды тұлға үшін:
осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы заңды тұлғаның бірінші басшысының қолымен расталған темiр жол жылжымалы құрамының, соның iшiнде сенiмгерлiк басқаруға, мүлiктiк жалға немесе лизингке берiлген тіркеуге немесе қайта тіркеуге жататын мүкәммал паркiнiң тiзбесi;
осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтiнiш;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесі;
меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі немесе мүлiктi жалға алу (жалдау), лизинг, немесе сенiмгерлiк басқару шарты;
жасаушы зауыттың темiр жол жылжымалы құрамының әрбiр бiрлiгiне арналған техникалық куәлігінің (формуляр) көшірмесі;
басшының жеке басын куәландыратын құжаттың немесе өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың және оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Жарғының көшірмесі;
құрылтай шартының көшірмесі:
Қазақстан Республикасы Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген ставкалардан өзгеше кедендік баж ставкаларын қолданатын темір жол жылжымалы құрамы үшін төлеген кедендік баж туралы түбіртектің көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті алушы құжаттардың түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсынады;
3) Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің телнұсқасын алу үшін:
Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің телнұсқасын беру туралы өтiнiш;
бұрын берілген куәлік бүлінген жағдайда куәліктің бүлінген бланкісі;
жоғалғанын растайтын құжатты, атап айтқанда бұқаралық ақпарат құралдарынан осы куәліктің күшін жойғаны туралы мәліметтерді қамтитын хабарлама.
12. Белгiленген үлгiдегi өтiнiштiң бланкісі ХҚО күту залындағы арнайы тағанда немесе ХҚО қызметкерінде, сондай-ақ ХҚО www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
13. ХҚО құжаттарды қабылдау ХҚО қызметкерінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ атқарылатын қызметі және тағайындалуы туралы ақпарат орналастырылған операциялық залда «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға:
1) сұрау салудың нөмiрi және қабылдау күнi;
2) сұрау салынған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттар берiлген күні (уақыт) мен орны;
5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегi, аты, әкесiнiң аты;
6) мемлекеттік қызметті алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкілетті өкілдің тегi, аты, әкесiнiң аты және олармен байланыс телефондары көрсетілген, тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.
15. ХҚО-да Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру мемлекеттік қызметті алушыға ХҚО қызметкері «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы күн сайын, қолхат негізінде, көрсетілген мерзімде, өзінің қатысуымен қол қойып және жеке басын куәландыратын немесе өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырады.
16. Мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін бермеген жағдайда ХҚО құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Уәкілетті орган:
1) жеке және заңды тұлғалар ұсынған құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеу;
2) уәкілетті органға ұсынылған құжаттарда өшiрулердiң, қолмен немесе машинамен жазылған түзетулер болғанда немесе оларды растауды талап ететiн даналарда қолдар және мөрлер болмау;
3) сот қабылдаған шешiмге сәйкес темiр жол жылжымалы құрамына тыйым салу негізінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті орган мен ХҚО-ның мемлекеттік қызметті алушыларға қатысты қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына және адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың, Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiнiң сақталуына негiзделедi.
4. Жұмыс нәтижелерi
18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету жұмыс нәтижелерi осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенеді.
19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекiтіледi.
5. Шағымдану тәртiбi
20. Уәкілетті органның лауазымды адамының немесе ХҚО қызметкерінің әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбiн түсіндіру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органның немесе ХҚО-ның басшылығына осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жүгінеді.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым қағаз тасығышта Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, жұмыс күндері сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайына беріледі, электрондық пошта мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz.
22. ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар арқылы ХҚО басшыларына немесе 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурстың: www.con.gov.kz мекенжайы бойынша шағым беріледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағым еркін нысанда пошта арқылы қағаз тасығышта ұсынылады.
25. Мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылдағанын растау үшін нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.
26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық – анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
________________________
«Темiр жол жылжымалы
құрамын тiркеу» мемлекеттiк
қызмет стандартына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң
Көлiктiк бақылау комитетi аумақтық органдарының тiзбесi
Р/с
№
|
Бөлiмше атауы
|
Толық заңды мекенжайы
|
Байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi
|
Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесi, 95
|
8 (7132) 54-29-03
ktk_aktb@mtc.gov.kz
|
2.
|
«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы
|
Орал қаласы, Еуразия даңғылы, 100
|
8 (7112) 53-86-43
ktk_zko@mtc.gov.kz
|
3.
|
«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертiс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi
|
Павлодар қаласы, Бектұров көшесi, 107
|
8 (7182) 32-06-39
ktk_pavl@mtc.gov.kz
|
4.
|
«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертiс» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы
|
Өскемен қаласы, Крылов көшесi, 114
|
8 (7232) 25-22-06
ktk_vko@mtc.gov.kz
|
5.
|
«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетiсу» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi
|
Талдықорған қаласы, Шевченко көшесi, 131
|
8 (7282) 24-55-01 ktk_alm@mtc.gov.kz
|
6.
|
«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетiсу» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы
|
Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесi, 11
|
8 (7272) 43-72-71
ktk_galm@mtc.gov.kz
|
7.
|
«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi
|
Атырау қаласы, Абай көшесi, 10 а
|
8 (7122) 32-73-65
ktk_atr@mtc.gov.kz
|
8.
|
«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы
|
Ақтау қаласы, 1 ш.а., 1
|
8 (7292) 60-55-50
ktk_mang@mtc.gov.kz
|
9.
|
«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi
|
Шымкент қаласы, Ә. Молдағұлова көшесi, 4
|
8 (7252) 56-44-88
ktk_uko@mtc.gov.kz
|
10.
|
«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 1 филиалы
|
Тараз қаласы, Қадырғали Жалайыр көшесi, 1
|
8 (7262) 34-21-41
ktk_jamb@mtc.gov.kz
|
11.
|
«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 2 филиалы
|
Қызылорда қаласы, Әуезов көшесi, 24 а
|
8 (7242) 27-68-26
ktk_kzl@mtc.gov.kz
|
12.
|
«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi
|
Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 87
|
8 (7162) 25-69-93
ktk_akm@mtc.gov.kz
|
13.
|
«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 1 филиалы
|
Қостанай қаласы, Чехов көшесi, 105 а
|
8 (7142) 56-85-25
ktk_kost@mtc.gov.kz
|
14.
|
«Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстiк» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң № 2 филиалы
|
Петропавл қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 122
|
8 (7152) 46-44-07
ktk_sko@mtc.gov.kz
|
15.
|
«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi
|
Қарағанды қаласы, Гапеев көшесi, 5
|
8 (7212) 34-80-00
ktk_kar@mtc.gov.kz
|
16.
|
«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңiраралық көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы
|
Астана қаласы, Ақжол көшесi, 28
|
8 (7172) 46-44-07
ktk_ast@mtc.gov.kz
|
Достарыңызбен бөлісу: |