2013-2014 көктемгі семестрге ойдағыдай тіркелу туралы нұсқаулық
|
Медициналық анықтаманы тапсыру:
|
|
Анықтама (№ 086-У үлгідегі)
Егу картасының көшірмесі (№ 063 үлгідегі) Флюорографиялық түсірілім (Аты-жөні мен күнін көрсетумен)
|
КИМЭП Медицина Орталығы, офис № 111, Жатақхана ғимараты. Тел.: +7(727)237-48-05
|
Оқу ақысын төлеу:
|
|
Оқу ақысын төлеу пәндерді тіркеу үшін қажет және семестр басталғанға дейін жүргізілуі керек. Пәндерге тіркелу 12.01.14. дейін аяқталуы тиіс. Назар аударыңыз, студенттік порталда Finance бөлімінде Tuition Calculator функциясы бар.
|
Foundation – 83 120 теңге
3 кредиттік пән – 119 250 теңге
Студенттік жарна – 2520 теңге
Төлем мәселелері бойынша Қаржылық қолдау бөліміне хабарласыңыздар, офис 125, Достық ғимараты немесе телефон: +7 (727) 2374772
|
Төлемді қалай жүргізу керек:
|
|
Сіздің есіңізде болсын, ақша кітапхана және оқу үшін төленеді. Төлеу кезінде сіз өзіңіздің ID нөміріңізді көрсетуіңіз қажет.
|
Төлемді Центр Кредит немесе КазКоммерц банктерін пайдалана отырып жасауға болады (жақын жердегі банк Достық көшесіндегі №48 үйде орналасқан). Жұмыс кестесі: Дс-Жм, сағ.9:00-19:00
|
Кітапхана үшін төлем жасау:
|
|
Кітаптарды пайдалану үшін Сіз жеке депозитке 18070 теңге салуыңыз қажет. КИМЭП-тегі оқу біткен кезде ол қайтарылатын болады (төлем чегін сақтап қойыңыздар).
|
Төлемді Центр Кредит немесе КазКоммерц банктерін пайдалана отырып жасауға болады (жақын жердегі банк Достық көшесіндегі (Шевченко көш. қиылысы) №48 үйде орналасқан). Жұмыс кестесі: Дс-Жм, сағ.9:00-19:00.
|
Оқырман билетін алу (Student’s ID-card):
|
|
Оқырман билеті (Student’s ID card) КИМЭП кітапханасындағы кітаптарды пайдалану үшін қажет.
|
Оқырман билетін алу үшін сіз Жаңа Кітапхана ғимаратындағы № 101 офиске келуіңіз қажет. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіздің көшірмесін, 3х4 суретіңізді және кітапхана үшін төлем чегін алып келуіңіз керек.
|
User Name және пароль алу:
|
|
User Name және пароль КИМЭП Университетінің компьютер зертханаларындағы компьютерлерді пайдалану үшін қажет.
|
Сіз оларды алу үшін Уәлиханов ғимаратындағы № 327 офиске жеке куәлігіңізбен келуіңіз керек.
|
Студенттік билет алу:
|
|
Студенттік билет алу үшін Сіз КИМЭП сайтына кіріп, келесі сілтеме бойынша жүруіңіз керек: www.kimep.kz –> Students Portal–> ID and Password (for the first time the password is the same as ID, example ID 20110033 password 20110033) –> Study -> Forms-> Student ID card –> өз сауалыңызды басып шығару –> күңгірт қағазға 3х4 суретіңізді қою –> және суретпен бірге сауалды Студенттерді Тіркеу Бөліміне беру.
|
Уәлиханов ғимараты, № 201 офис
тел.: +7(727)2374794
|
Студенттерді Қолдау Бөлімі
Алматы қ., Абай даңғ. 4, КИМЭП Университеті
Жатақхана жағынан 1-ші кіре беріс
Тел: +7 727 2374799 (1086,1085)
E-mail: advising@kimep.kz
|