Гүл құрылысы. Тозаңдану
түрлері. Гүлдеу және тозаңдану.
Тозаңдану түрлері.
Өсімдіктердегі ұрықтану
туралы түсінік және зиготаның
түзілуі. Қосарлы ұрықтану.
Қосарлы ұрықтанудың
биологиялық маңызы.
Сейтқұрман Гүлнұр
•
• Білім алушылар гүлдің құрылысын сипаттай алады.
• Тозаңдану түрлерімен танысады;
• Қосарлы ұрықтанудың биологиялық маңызын түсінеді.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
•
• Гүл дегеніміз не?
• Гүлдің құрылысы қандай?
• Тозаңдану дегенді қалай түсінесіздер?
“МИҒА ШАБУЫЛ” ӘДІСІ
“МИҒА ШАБУЫЛ” ӘДІСІ
Гүл (лат. flos) — гүлді
өсімдіктердің жыныстық
жолмен көбею мүшесі. Ол сабақ
немесе жанама бұтақ ұшында
өседі. Гүлден жеміс пен тұқым
дамиды.
Гүл дегеніміз не?
Гүл бөлімдері
1-сурет. Гүлдің құрылысы
1. Гүл сағағы. 2. Гүл табаны. 3.
Тостағанша жапырақша. 4.
Күлте жапырақша. 5.
Аталықтар. 6. Аналық.
Гүл бөлімдері – гүл сағағы, гүл табаны (тұғыры), тостағанша жапырақша, күлте
жапырақша, аталық пен аналықтан тұрады (1-сурет).
Тостағанша жапырақша мен күлте жапырақшаны гүл серігі дейді. Гүл серігі жай
және қос гүлсерікті деп бөлінеді. Жай гүлсерікте (2-сурет) тек тостағанша
жапырақшалары болып, күлте жапырақшалары болмайды (қалақай, қызылша,
қымыздық, еменнің аталық гүлдері, қарағаш гүлдері). Немесе керісінше, күлте
жапырақшалары ғана болады (қызғалдақ, лалагүл, інжугүл).
Қос гүлсерікті (3-супер) гүлде тостағанша да, күлте де болады (алма, өрік, шие
ағаштарының гүлдері). Гүл серігінің екеуі де болмайтындарды гүлсеріксіз гүлдер
дейді (тал, шаған, терек, еменнің аналық гүлі).
Достарыңызбен бөлісу: |