Tәрбие сағаты: «АУҒАНСТАН – ЖҮРЕКТЕГІ ЖАРА»
Таженова Г.С. Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы Есенсай орта жалпы білім беретін мектебі
Мақсаты: Отанға деген патриоттық суйіспеншілігін қалыптастыру; өз тарихына қызығушылығын арттыру;
Оқушылардың батырларға деген адамгершілік сезімін дамыту;
Отанға және Қарулы Күштерге деген сүйіспеншілікпен, туған жерін, елін шексіз сүюге қалыптастыру; оқушылардың экстремалдық жағдайлардағы қимылдарының дайындықтарын қалыптастыру; келешекке деген жауапкершілігін,ой өрісінің дамуын қалыптастыру
Көрнекіліктер: компьютер,интер - белсенді тақта,қабырға газеттері.
Әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелесу, ой толғау, кіріспе түсініктер.
Іс – шараның барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Қонақтарды қарсы алу.
1 – жүргізуші:
Отан үшін мерт болғанды танып біл,
Оларды есте ұмытпайды халық бұл!
Ерлік даңқы ешқашанда өшпеиді,
Батырлардың жүрегі от болып
жанып тұр!
Олар – сенің таңғы шапақ нұрыңғой!
Олар – сенің мәңгі асқақ жырың ғой!
Мәңгі алауға жиі барып әрдайым,
Бас киімінді қолына алып гүлін қой.
Қара бұлтқа оранбастан Күн көкте!
Барлық халық бейбіт өмір сүрмек де!
Отанының бақыты үшін мерт болған
Батырларды есінде ұста құрметте.
Қадірлі Ауған соғысының ардагерлері, ұстаздар мен оқушылар! 14 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толу мерекесі құтты болсын!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.
Гүлден
Соғыс жан алып жан беру.
Соғыс халықтын басына келген қасірет, жұт. Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25жыл толуына байланысты «Ауған журектегі жара
атты тәрбие сағатың ашық деп жариялаймыз.
Сол соғыста ел мүддесін қөрғаған ардақты ағамыз бүгінгі салтанатты тәрбие
сағатымызда.Ауған соғысының ардагерін құрметпен таныстырып өтейік.
Есенсай орта жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі,алғашқы әскери пәнінің мұғалімі Мырзағалиев Нұғман Ғадылжанұлы.
Сол ауғанда талай досты жерледі,
Қарлы шыңға күн түн демей өрледі
Сұрапылда қайсарлықпен ерледі
Намыс туын қолдан бірақ бермеді.
Соғыс тарихынаң қысқаша баяндама.
КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978жылғы сәуір төңкерісі
Нәтижесінде билікке келген Халықтық демократиялық үкіметті қолдап,
Көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп интернационалдық
Әскери жәрдем береміз деген желеумен оның ішкі істеріне араласты.
1965жылы қаңтарда Ауғанстанда Кенес Одағы мемлекеттік қауіпсіздік
Комитеті тыңшыларының қатысуымен астыртын қызмет атқарған Ауған
стан халықтық демократиялық партиясы құрылып,біраздан соң ол екіге
бөлініп Халық тобын Н.М.Тараки,Х.Амин,ал Парчам тобын Б.Кармал бас
қарды.1977жылы мамырда Мәскеудің нұсқауымен Ауғанстан Халықтық
демократиялық партиясының екі тобы бірігіп астыртын қимылдарын
ұлғайта тұсті.Мұхаммед Дауд үкіметі Халықтық демократиялық партиясына
қысым жасап,1978жылдың 26сәуірінде бала шағасымен қазаға ұшырады.
Сөйтіп Ауғанстанда АХДП билігі орнады.Жаңа үкімет КСРОның айтқанынан
шықпай бірден социализм негізін қалауға көшті.Жер реформасын енгізу,діндарларды қудалау,ағарту саласындағы өзгерістер, кенестік
романдарды көбірек пайдалану жергілікті көшпелі тайпалардың әдет
ғұрпымен салт мұддесімен санаспау,т.б. бұхара халықтың наразылығын
тудырды.1978жылы қазанда ірі қақтығысулар басталды. Ауған үкіметі
КСРОмен достық тату көршілес және ынтымақтастық туралы шартқа
отырып Мәскеуге арқа сүйеді.Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті.
1979жылдың ақырында 26 уәлаятта18көтеріліс оты лаулады.Сондай жағ
дайдаАХДП басшылары өзара тартысып,Кармаль тобы женіліп оның өзін
Чехословакияға елші етіп жіберді.Келесі жылы қыркүйекте Тараки Аминнің
Қолынан қаза тауып АХДПмен мемлекет басына Амин отырды.Бұл жағдайда
Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады.КСРО мемлекеттік қауіпсіздік
Комитеті Аминді қызметінен шеттетіп Парчамшыларды билікке әкелуге әре
Кеттенді.1979 жылы12 желтоқсанда Кенес Одағы басшыларының шағын
тобы Л.И.Брежнев,Ю.В.Андропов,М.А.Суслов,Д.Ф.Устинов Ауғанстанға Кенес Әскерін енгізу туралы шешім қабылдады.Сөйтіп1979жылы 25желтосанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасына өтіп, онда 1989жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.Қазақстан Ауған соғысында 22OOO адам қаза тапты,21адам хабарсыз кетті.
Мерген Камшат
Құрметті достар!Бүгінгі біздін кездесу кешіміз Ауған соғысына қатысқандардың барлығын еске алу сағаты.Ауғанстан жеріндегі қозғалыстар мен іс әрекеттер бір ғана сөзге тоқталады ол соғыс.Бұл баршамызға сабақ болатын,өмірбақи есімізде қаларлық қайғы қасіретті ешкім де, ешкашанда ұмытпайды.
Қан майданда қан аққан бұлақтардан,
Қанды кешіп жүреді алда ерлер
Міне,бүгін сіздерге жыр ақтарам,
Ассаламуағалейкум,ардагерлер.
Ардагерлер!
Айтса ертек көргендері
Табандары таймаған өрден кері
Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда,
Кеуде толы жарқырап өрдендері.
Еске алайық, құрметтейік
Құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға оралсын,суық көрде жылынсын.
Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда ел үшін,
Мәңгі бақи тірісіңдер,тірісіндер, біз үшін.
«Алға қазақ жігіттері»әнін қабыл алыңыздар!
Данагүл
Ауған соғысы кезінде бастан кешкен оқиғаларыңыз жайлы өзіңізден біраз
Естеліктер тыңдасақ.
Данагүл
Біздің халқымызда ертеден досқа қол ұшын беру,көмек көрсету үлкен мәртебе,әрі парыз болып есептеледі.Ал» Достық қиындықта шыңдалады» дейміз.Ауған жерінде осындай достық,қарым қатынас жеңіске жетулеріңізге
Көмектесті ме?
Би орындайтын Мариямгүл және бишілер тобы
Сандуғаш
Ерлік кездейсоқ болмайды,ол жауынгердың жүрегінде достарын еске алып, Отанынан өзін тыс сезіне алмайтынын түсінгенде ғана туындайды. Сол соғыста ерлік көрсеткен Қазақстандықтарда аз болған жоқ соғыс сұрапылын көрген ағаларымыз, сіздерге деген ыстық тілегін білдіруге, сөз мектебіміздің директоры Сапа Мирдан Ғимранұлына беріледі.
(ардагерге сый сый-сияпат тапсыру)
Сарбаздар әні:
Гүлдана:
Ұмыт болған, ұмыт болған жоқ ешкім
Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім
Ұрпақ үшін тозбай тұғын бітпейтін
Ардагерлер – естелігі соғыстың
Бүгінгі кешімізге келген Ауған соғысы ардагеріне мыңда бір алғыс айтқымыз келеді. Сізге мықты денсаулық, ашық аспан,
Қажымас қайрат, қунышпен шаттық тілей отыра, Отанымыз тыныш болсын дейміз. Тек қана жақсылықта кездесейік.
Осымен «АУҒАНСТАН – ЖҮРЕКТЕГІ ЖАРА» атты кездесу кеші аяқталды. Көніл бөліп тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет.
Ардагермен естелікке суретке түсу.
Достарыңызбен бөлісу: |