Тәрбие сағатының тақырыбы: Жолда жүру ережелерін білеміз бе? Мақсаты


- оқушы: Көшеден тек жаяу жүргіншілер өтпесі арқылы өту керек. Оны «Зебра» (жолақ жол) деп атайды. Суретпен жұмыс



бет3/7
Дата03.01.2022
өлшемі23.03 Kb.
#450371
1   2   3   4   5   6   7
раз

10 - оқушы: Көшеден тек жаяу жүргіншілер өтпесі арқылы өту керек. Оны «Зебра» (жолақ жол)
деп атайды.
Суретпен жұмыс
1. Жаяу жүргіншілер жолын көрсет.
2. Балаға үйден мектепке дейінгі ең қысқа жолды табуға көмектес. Оны қызыл сызықпен белгіле.
3. Ал енді ең қауіпсіз жолды тап. Оны жасыл сызықпен белгіле.
- Қызыл сызықпен белгіленген жол қысқа болғанымен қауіпті, сондықтан жасыл түспен белгіленген жолмен жүргіземіз.
11 - оқушы: Жолақ жолмен көшеден
Өтеді кіл жаяулар.
Көліктердің бәрінің
Жылдамдығы баяулар.
«Қалмасын жұрт жолынан!»-
Деп жол берер көліктер.
Зебраның жонынан
Аумайды өзі, келіп көр!
- Көшеде жүру тәртібін не басқарады?
Оқушылар хормен: БАҒДАРШАМ

Би «Бағдаршам» ( үш қыз бағдаршамның үш көзіне сәйкес күсті дөңгелекшелермен билейді)
1 - қыз: Қызыл көзі жанғанда
Қалт тоқтай қал табанда.
2 - қыз: Сары көзі жанғанда,
Сақ, абай бол барынша.
3 - қыз: Жасыл жарық жол ашық,
Жүре бергін бел асып.
Сергіту ойынын ойнайық.
Орнымыздан тұрайық
Бағдаршамның белгісін
Қимылмен келтіріп шығайық.
( Мен қызыл дөңгелекті көтергенде отырасыңдар, сары дөңгелекті көтергенде тұрасыңдар, жасыл дөңгелекті көтергенде орындарыңда жүресіңдер.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет