Тәрбиенің әдістері дегеніміз



бет3/3
Дата11.11.2022
өлшемі21.38 Kb.
#464570
түріСабақ
1   2   3
тәрбие әдістері

Бірінші топ - тәрбиеленушілердің іс-әрекеттеріндегі, қарым-қатынастардағы, мінез-құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері: талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру, арнайы тәрбиелік ситуация. Талап - мінез - құлық нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Талаптың ынтыландыру және тежелеу функциялары бар. Ынтыландыру функциясы - бұл жұмысты бастау және аяқтау. Тежелеу- басқа адамдардың жұмысына кесел келтіретін әрекетті тоқтату. Ұжым мүшелерінің байымдауы, баға беруі - бұл қоғамдық пікір, ұжымның еркі және күші. Ұжым тәрбие субъектісі, педагогтың тірегі. Үйрету. жаттықтыру -бұл мінез- құлық нормасына сәйкес оқушыларды қажетті дағдыға, әдетке төселдіру. Жаттықтыру әдісінің ұжымының мүлдесімен, талаптарымен қабысуы қажет. Үйрету және жаттықтыру әдістерінің тәсілдері: нұскау көрсету, машықтандыру, тапсырма. Екінші топ. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау - пікірін айту, баға беру, сендіру). Бұл топтың әдістері: саяси., этикалық әңгіме, әңгімелесу, пікірталас, лекциялар, өнеге. Бұл әдістердің балалар санасына ықпал жасауда маңызы өте зор. Осы тұрғыдан балаларды өмірдің, еңбектің қоғамдық нормасына қатыстыру қажет, ал бұл балалардан осы нормалар жөнінде білімді, байымдауды, баға беруді талап етеді. Бұл жағдай жеке адамның өмірлік позициясын, яғни көзқарасын сипаттайды. Әңгіме - бұл балалардың санасын қалыптастыру әдістерінің бірі. Пікірталас- бұл жоғары сынып оқушыларыныңбайымдауын (пікір айтуын), баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі, оқушыларды қателіктер мен жалған көзқарастармен күресуге үйретеді.
Үшінші топ - мадақтау және жазалау әдістері. Өткізілетін тәрбиелік шаралардың сапасын және тиімділігін арттыру үшін, кейде, адамгершілік тәрбиесінің әдістері көмектесуді қажет етеді. Бұл жағдайда мадақтау және жазалау әдістері пайдаланылады. Мадақтау тәрбиеленушіні іс-әрекетінде және мінез-құлқында белсенділікке ынталандырады, бұл баланың жағымды мінез-кұлқын ынталандыру құралы. Жазалау - баланы өзінің теріс мінездері үшін ұялтады, оның теріс қылықтарын тежейді, бұл балаға қоғамдық талап қою, оның мінез-құлқында байқалатын теріс қылықтарды тежеу тәсілдері. Қолданылатын әдістің бір түрі -жарыс. Бұл әдіс оқушылардың белсенділігін арттырады, жауапкершілігін, ұжымшылдығын дамытады.
Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық ситуацияларға тәуелді. Мысалы, үйрету әдісі кіші мектеп жасындағы балалар тәрбиесінде жиі қолданылады. Үйрету әдісі арқылы балаларды мектепке, үйелменде әр түрлі іс-әрекетіне дағдыландыруға болады. Тәрбие жұмысында әр баланың жеке даму ерекшелігін еске алған жең. Сонымен, біріншіден, тәрбие әдістерінің көмегімен оқушылардың әр түрлі іс-әрекеттері ұйымдастырылады, мақсатқа сәйкес бағытталады, олардың адамгершілік тәжірибесі баийды; екіншіден, тәрбие әдістерінің көмегімен оқушылардын дүниеге көзқарасы қалыптасады, олар қоғамдық өмірге қатысады, тәрбиенің әлеуметтік мақсаты іске асырылады. Барлық тәрбие әдістері бір-бірін толықтырады. Әдістердің бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етеді, балалардың білімін, іскерлігін және дағдысын тереңдетеді: қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады; жалпы мәдениетін, ой-өрісін кенейтеді. Зерттеулер мен озат тәжірибелердің арқасында педагогикалық ғылымда оқушылар арасында тәрбие жүйесі орын алғанда ғана тәрбие нәтижесі маңызды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет