Тест спецификациясы
1. Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын химия пәні бойынша мемлекеттік аттестациялауға арналған тест.
2. Мақсаты: жалпы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациядан өткізу.
3. Міндеттері: жалпы білім беретін орта мектептердің 11-сынып оқушыларының химия пәні бойынша білім деңгейлерін анықтау.
4. Тест мазмұны:
Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде – 10, екінші деңгейде –6, үшінші деңгейде – 4 тапсырма.
Тест мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде жасалған орта мектеп бағдарламасына сай мына бағыттағы тапсырмалардан тұрады:
№
|
Тақырып
|
№
|
Тақырыпша
|
01
|
Жалпы химия
|
01
|
Атом құрылысы
|
02
|
Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі мен периодтық заңы
|
03
|
Ковалентті байланыс
|
04
|
Иондық байланыс
|
05
|
Металдық байланыс. Сутектік байланыс
|
06
|
Кристалл торларының түрлері
|
07
|
Химиялық реакция жылдамдығы және оларға әсер етуші факторлар. Химиялық тепе-теңдік
|
02
|
Бейорганикалық химия
|
01
|
Металлдардың жалпы қасиеттері және олардың алу әдістері
|
02
|
I негізгі топтың металдары
|
03
|
II негізгі топтың металдары
|
04
|
III негізгі топтың металдары
|
05
|
Қосымша топшаның металдары
|
06
|
Бейметаллдардың жалпы қасиеттері және олардың алу әдістері
|
07
|
IV негізгі топтың бейметалдары
|
08
|
V негізгі топтың бейметалдары
|
09
|
VI негізгі топтың бейметалдары
|
10
|
VII негізгі топтың бейметалдары
|
11
|
Есептер
|
03
|
Органикалық химия
|
01
|
А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясының негізгі қағидалары
|
02
|
Кіші период элементтері атомдарындағы электрондардың жағдайлары
|
03
|
Көміртегі атомының электрондық құрылысы
|
04
|
Ковалентті байланыс. Ковалентті байланыстың негізгі сипаттамалары
|
05
|
Органикалық қосылыстардың жіктелуі
|
06
|
Алкандар. Циклопарафиндер
|
07
|
Алкендер. Алкадиендер
|
08
|
Алкиндер
|
09
|
Арендер
|
5. Тест жоспары:
I жартыжылдық: Бейорганикалық химия – 10 тапсырма
Жалпы химия – 10 тапсырма
II жартыжылдық: Бейорганикалық химия – 5 тапсырма
Жалпы химия – 5 тапсырма
Органикалық химия – 10 тапсырма
6.Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Оқу бағдарламасы бойынша оқушылар химия курсынан меңгеруі тиіс:
- химиялық заттардың формулалары, химиялық реакциялардың теңдеулері, химиялық элемент, атом, молекула, салыстырмалы атомдық және молекулалық масса, химиялық реакциялардың типтері, атом құрылысы, ядро заряды, протон, нейтрон, электрон, электрондық орбиталь, иондар, изотоптар, химиялық байланыс, аллотропия, моль, мольдік масса, мольдік көлем, Авогадро тұрақтысы, реакцияның жылу эффектісі, әрекеттесуші массалар заңы, химиялық реакциялар жылдамдығы, катализ, химиялық тепе-теңдік, реагенттер, металдардың белсенділік қатары, бейтараптану реакциясы, электртерістілік, тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш, тотығу және тотықсыздану, тотығу-тотықсыздану реакциялары; оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздар, генетикалық байланыс; индикаторлар;
- негізгі заңдарды: зат массасының сақталу заңы, зат құрамының сақталу заңы;
Д. И.Менделеевтің периодтық заңы, Авогадро заңы;
- химияның негізгі түсініктері;
- заттарды алудың жалпы әдістері, өндірістік синтездің заманауи технологиясы туралы түсінік;
- бейорганикалық заттардың кластары және олардың генетикалық байланысы;
- заттар мен материалдарды өндіруде, қоғамның дамуында және адам денсаулығын, табиғатты қорғаудағы химияның өскелең рөлі;
- қоршаған ортаны химиялық ластанудан қорғау және салауатты өмір салтын (тамақтану үйлесімділігі, тыныс алу) ұйымдастырудың химиялық жолдарын.
- химиялық құрылым, гомологтар, гомологтық қатар. Изомерия, гомология изомерлер, құрылымдық және кеңістіктік изомерлер;
- А.М. Бутлеровтың органикалық қосылыстардың химиялық қосылыстар теориясының негізгі қағидалары мен маңызы; көміртек атомдарының гибридтенуі, оның түрлері, s-, p-байланыстар, дара, қос және үш байланыс, көміртек тізбектерінің түрлері; органикалық қосылыстардың электрондық және кеңістіктік құрылысы; органикалық химиядағы реакция типтері;
- көмірсутектердің табиғи көздері, оларды өңдеу және Қазақстандағы кен орындары;
- органикалық заттардың жіктелуі мен номенклатурасы, функционалдық топ; көмірсутектер және олардың туындыларының химиялық қасиеттері мен алынуын сипаттайтын реакциялар;
- көмірсутектердің және олардың туындылары арасындағы генетикалық байланыс.
7. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт – 1,5 минут. Тесттің толық орындалу уақыты – 30 минут.
8. Нұсқалар мен тапсырмалар саны:
Бір нұсқада 20 тест тапсырмасы беріледі.
Тест нұсқаларының баламалылығы:
- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;
- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.
9. Тапсырмалар формасы:
Тест тапсырмасында берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.
Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.
10. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін 1 балл беріледі. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған жағдайда 20 балл алады.
Достарыңызбен бөлісу: |