Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Мұрағаттық ақпаратты пайдалану саласындағы өзара iс-қимыл жасау принциптерi мен нысандары жөнiндегi келiсiмдi бекiту туралы



Дата03.07.2016
өлшемі69.92 Kb.
#175240
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Мұрағаттық ақпаратты пайдалану саласындағы өзара iс-қимыл жасау принциптерi мен нысандары жөнiндегi келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 2000 жылғы 18 наурыз N 414

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. 1999 жылғы 4 маусымда Минск қаласында жасалған Тәуелсiз

Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Мұрағаттық ақпаратты

пайдалану саласындағы өзара iс-қимыл жасау принциптерi мен нысандары

жөнiндегi келiсiм бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң мұрағаттық ақпаратты

пайдалану саласында өзара iс-қимыл жасау жөнiндегi

қағидалар мен нысандар туралы

КЕЛIСIМ


Ресми

бекiтiлген

мәтiн

Үкiмет атынан осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер, бұдан әрi -



Тараптар,

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығында шоғырланған процестердiң барынша

дамуына өзара мүдделiлiктi еске алып,

      гуманитарлық және мәдениеттiк өрiстердiң өзара iс-қимыл мен ақпараттық кеңiстiктi сақтаудың маңыздылығын мойындап,


      бұрынғы КСРО-ның мемлекеттiк мұрағаттары саласындағы құқықты мирасқор туралы 1992 жылғы 6 шiлдедегi Келiсiм ережелерiн назарға алып,
      мұрағат iсiнде ынтымақтастықты тереңдету және кеңейтуге ұмтылушылықтан, сондай-ақ мұрағаттық ақпаратты пайдалану саласында осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер ынтымақтастығын құру механизмiн жүзеге асыру қажеттiлiгiне сүйенiп

      төмендегiлер жөнiнде келiстi:


1 -бап

      Тараптар мұрағаттық ақпараттар алмасуды ынтымақтасудың маңызды нысаны деп қарайды. Тараптар олардың ұлттық заңдарына сәйкес мұрағаттық ақпарат алмасуды кең көлемде қамтамасыз етуге барынша жәрдемдеседi.


2-бап

      Тараптар қалыптасқан тарихи және iскерлiк байланыстарды есепке ала отырып, ынтымақтастықта жинақталған тәжiрибелердi мұрағат саласында тең құқықтық негiзде ұжымдасып талқылауда және пайда болған күрделi мәселенi шешудiң механизмiн жасау мен оларды жүзеге асыруда өзара iс-қимылды дамытады.


3-бап

      Тараптар осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң ұлттық заңдарымен белгiленген тәртiбiне сәйкес мемлекеттiк мұрағаттарында сақталған мұрағаттық ақпараттарына заңды және жеке тұлғалардың қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.


4-бап

      Тараптардың мұрағаттық мекемелерi олардың ұлттық заңдарына сәйкес мұрағаттық құжаттар негiзiнде Тараптардың заңды және жеке тұлғаларының сұраныстары бойынша мүмкiндiгiнше өтiнiш жасаушының тiлiнде немесе орыс тiлiнде: еңбек өтiлi, еңбек ақысы, бiлiмi мен мамандығы, мемлекеттiк және ведомстволық наградалары, қуғын-сүргiнге негiзсiз ұшырау фактiлерi, азаматтардың қонысынан ерiксiз қуғындалуы және олардың мүлкiнiң тәркiленуi, әскер қатарында болуы, соғысқа қатысуы, әскери тұтқында концентрациялық лагерьлерде, геттода болуы, халықты ерiксiз айдау және азаматтардың өз Отанына оралуы, екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында жараланғандығы және госпитальдарда емделгендiгi туралы әлеуметтiк-құқықтық ақпараттарды беруге тиiс.


      Тараптар жеке тұлғалардың әлеуметтiк-құқықтық сұраныстары жөнiндегi хабарын жiберуге пошта байланыстарының қызметiне төлем үшiн мұрағаттық мекемелерге қаржы бөлуге мiндеттенедi.
      Заңды тұлғалардың әлеуметтiк-құқықтық сұраныстары жөнiндегi пошта байланысының көрсеткен қызметiне төлем мұрағаттық мекемелермен келiсiмiне сәйкес жүзеге асырылады.
      Заңды және жеке тұлғалардың басқа сұраныстарының төлемi тиiстi мұрағаттық мекемелермен келiсiмiне сәйкес жүзеге асырылады.
5-бап

      Тараптар автоматтандырылған орталық қорлар мен каталогтар негiзiнде мұрағаттық органдар мемлекеттiк мұрағаттық қорлар туралы деректер қоймасының жүйесiн құру және мемлекеттiк мұрағаттық қорлар туралы өзара ақпараттасу үшiн оларды ақпараттық жүйеге бiрiктiру жөнiндегi бiрлескен жұмыстарды қамтамасыз етедi.


6-бап

      Тараптар мемлекеттiк мұрағаттық сақтауда тұрған құжаттар туралы өзара ашық ақпараттар алмасуды қамтамасыз етедi.


      Мұндай алмасуды жүзеге асырудың тәртiбi мен жағдайы Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес ықылас бiлдiрушi мұрағат саласын басқарушы органдарының екi немесе көп жақты келiсiмдерi негiзiнде анықталады.
7-бап

      Тараптар тиiстi министрлiктер мен ведомстволарға мұрағат саласында ұлттық заңдарға талдау жасауды және Келiсiм күшiне енген күннен бастап үш ай мерзiм iшiнде оны үйлестiру жөнiнде тиiстi ұсыныс әзiрлеудi тапсырады.

                                8-бап
      Тараптар 1995 жылы 28 қыркүйекте мемлекеттiк мұрағат басшылары қол қойған ТМД елдерi, Латвия, Литва және Эстония мемлекеттiк мұрағат қызметi басшыларының консультативтiк кездесуiн өткiзу және келiсiмдердi жүзеге асыру механизмi туралы Келiсiм негiзiнде құрылған мұрағат iсi жөнiнде Ақпараттық орталық қызметiн қамтамасыз ету және жетiлдiру үшiн шаралар қолданады.
9-бап

      Тараптар өз мемлекеттерiнiң мұрағат саласын басқарушы органдарына мұрағаттық ақпаратты пайдалану мәселелерi бойынша өзара ортақ мүдденi көрсететiн екi немесе көп жақты негiзде консультацияларды жүйелi түрде өткiзудi тапсырады.


      Тараптар қажеттiлiгiне қарай мұрағат саласында ынтымақтастық мәселесiн талқылау үшiн өкiлдерiн тең қатыстыру есебiмен кеңестер, комиссиялар және жұмыс топтарын құруы мүмкiн.
10-бап

      Тараптар бiр-бiрiне:


      мұрағат iсi жөнiнде кәсiбi мамандар даярлауға;
      мұрағат саласының әртүрлi мәселелерi бойынша бiрлескен ғылыми зерттеулер, симпозиумдар, семинарлар ұйымдастыруға, нормативтiк, әдiстемелiк, ғылыми және оқу материалдарымен жүйелi түрде алмасуға көмек көрсететiн болады.
11-бап

      тараптар мұрағаттық iс бойынша халықаралық ұйымдар шегiнде мұрағаттық ақпаратты пайдалануға қатысты халықаралық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруда қарым-қатынас жасайды.


12-бап

      Осы Келiсiмдi пайдалануға және түсiнiк беруге байланысты даулы мәселелер ықылас бiлдiрушi Тараптардың өзара консультациялар және келiссөздер жүргiзу арқылы шешiлетiн болады.


13-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың мемлекет iшiндегi барлық қажеттi рәсiмдердi орындағаны жөнiнде қол қойған жазбаша хабарды үшiншi жақтың депозитарийге сақтауға өткiзген күнiнен бастап күшiне енедi.


      Мемлекет iшiндегi қажеттi рәсiмдердi кеш орындаған Тараптардың құжаттары депозитарийге өткiзiлген күннен бастап күшiне енедi.
14-бап

      Осы Келiсiм оның мақсаттары мен қағидаларын бөлiсетiн басқа мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық, оған қосылу барлық Тараптардың Келiсiмiмен құжаттарын депозитарийге тапсыру арқылы жүзеге асырылады.


      Қосылу Келiсiм туралы депозитарийден соңғы мәлiметтi алған күннен бастап күшiне кiрген болып есептеледi.
15-бап

      Тараптардың өзара келiсiмiмен осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге болады. Олар хаттамамен рәсiмделiп, осы Келiсiмнiң 13 бабына сәйкес тәртiппен күшiне енедi.


16-бап

      Осы Келiсiм күшiне енген күнiнен бастап бес жыл қолданыста болады. Бұл мерзiм өткен соң Келiсiм, егер Тараптар басқа шешiм қабылдамаса өздiгiнен жаңа бес жылдық мерзiмге ұзартылады.


17-бап

      Әрбiр Тарап Келiсiмнен шығудан 6 ай бұрын депозитарийге жазбаша хабар

жолдап, осы Келiсiмнен шыға алады.

1999 жылы 4 шiлдеде Минск қаласында түпнұсқа бiр данада орыс тiлiнде

жасалды. Бұл Келiсiмнiң қол қойылған түпнұсқа данасы Тәуелсiз Мемлекеттер

Достастығының Атқарушы комитетiнде сақталады, осы Келiсiмге қол қойған әр

мемлекетке оның куәландырылған көшiрмесiн жолдайды.

Әзiрбайжан Республикасының Молдова Республикасының

Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн

Армения Республикасының Ресей Федерациясының

Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн

Беларусь Республикасының Тәжiкстан Республикасының

Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн

Грузия Түрiкменстан Республикасының

Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн

Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының

Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн

Қырғыз Республикасының Украина Республикасының

Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң мұрағаттық ақпарат

пайдалану саласында өзара iс-қимыл жасау жөнiндегi қағидалар

мен нысандар туралы Келiсiм жобасы жөнiнде

Грузияның ұсынысы және ескертпесi

Құжаттың ұсынылған жобасын Грузия негiзiнен мақұлдайды, бiрақ сонымен

бiрге мынадай ескертпе жасайды:

- 4 баптың 2 азат жолын алып тастау;

- Келiсiмнiң 3 айлық үйлестiру мерзiмiн қол қойылған күннен бастап 6

айға дейiн ұзарту ақылға қонымды.

В. Лордкипанидзе

Осымен ұсынылып отырған мәтiн 1999 жылы 4 шiлдеде Минск қаласында

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Үкiмет басшыларының кеңес мәжiлiсiнде

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң мұрағаттық ақпаратты пайдалану саласындағы

өзара iс-қимыл жасау жөнiндегi қағидалары мен нысандары туралы Келiсiмнiң

тең заңдық құқы танылған көшiрмесi болып табылатындығын куәландырамын.

Жоғары айтылып кеткен Келiсiмнiң түпнұсқа данасы Тәуелсiз Мемлекеттер

Достастығы Атқарушы комитетiнде сақтаулы тұр.

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының

Атқарушы комитетiнiң төрағасы -

Атқарушы хатшысы

Оқығандар:



Қобдалиева Н.М.

Қасымбеков Б.А.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет