«Тәуелсіздік» ел болғанның белгісі, Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші



Дата01.03.2024
өлшемі13.9 Kb.
#493436
Тәуелсіздік

«Тәуелсіздік» – ел болғанның белгісі,


Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.
«Тәуелсіздік» деген сөздер естілер,
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

Армандарды жақындатып тым алыс,


Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Тәуелсіздік – ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Т- Тәуелсіз елде тұрағым, Тәуелсіздік жыр әнім!


Ә- Әспеттеп салт пен әдетті, боламыз оқушы әдепті.
У- Уәдеге берік боламыз, досқа серік боламыз!
Е- Елім деп мен жар салам, елімменен мақтанам!
Л- Лайым болсын ел аман, несібесі мол заман.
С- Сенімін елдің ақтаймыз, жақсы істер жасаймыз!
І- Ізгілік нұрын шашатын, жасасын Қазақстаным!
З- Зейінге бәрін тоқимыз, сабақты жақсы оқимыз!
Д- Даламыздай кең пейілді, мақтан тұтам елімді.
І- Ізетті бала боламыз, үлкеннің тілін аламыз!
К- Келешекке нық басқан, біз бақытты балалар!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет