Тәуелсіздік жылдарындағы халық санақтары және оның қорытындылары



Дата22.05.2023
өлшемі7.72 Mb.
#474077
Халық санағы


Тәуелсіздік жылдарындағы халық санақтары
және оның қорытындылары
(1999 ж., 2009 ж., 2021 ж.)
Дайындаған: Жұмабек Н.Е
Айбек Жайдарман
Қабылдаған:Өтеулі М.С
Жоспар:
1. Тәуелсіздік жылдарындағы халық санақтары және оның қорытындылары (1999 ж.,2009ж., 2021ж.)
2. Қазақстан халқының ұлтаралық келісімі тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың кепілі.
3. Азаматтық институттардың дамуы. Азаматтық форумдар және олардың маңызы.ҚР ақпаратсаясаты,БАҚ-ның дамуы.
4. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі Комиссия және оның қызметі
Халық санағы — белгілі бір уақыт шеңберінде бүкіл елдің халқының немесе оның бір бөлігінің демографиялық, экономикалық, әлеуметтік сипаттағы ақпаратын жинау, өңдеу, жариялау, тарату мақсатындағы жалпымемлекеттік статистикалық шаралар.
Қазақстан Республикасының халық санағы 1999 жылғы ақпан айында, 1989 жылғы КСРО Бүкілодақтық халық санағынан 10 жыл өткен соң жүргізілді. Тәуелсіздікті алғаннан кейін, Қазақстан Республикасының алғашқы халық санағы. Санақ 1999 жылғы 25 ақпаннан басталып 4 наурызға дейін жалғасты. 2000 жылдың соңында мемлекет халқының алғашқы санағының негізгі қорытындылары жарияланды. 1999 жылғы өткен халық санағының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 14,953,1 млн адамды құрады, бұл 1989 жылғы бүкілодақтық халық санағы ұсынған қазақ тексерісінің деректеріне сәйкес 1246,1 мың адамға қысқартылды. Санақ Қазақстан халқы санының төмендеу үрдісін тіркеді, 1950-1990 жылдарда кеңес уақытында көп жылға созылған өсу кезеңін ауыстырды. Бұл еуропалық этностардың көші-қоны қысқартылуымен белгіленеді.

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ

ҚАЗАҚТАРДЫҢ САНЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ОРТАША ЖАСЫ

1999 жылы - 14 981 281

1999 жылы - 7 985 039

1999 жылы - 31,6 жас

2009 жылы - 16 009 597

2009 жылы - 10 102 055

2009 жылы - 31,5 жас

2021 жылы - 19 169 550

2021 жылы - 13 453 190

2021 жылы - 31,94 жас

2009 жылы халық санағы бойынша жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың саны 16 млн 9,6 мың адамды құрады, деп мәлім етті ҚР статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов.
«Біз 2009 жылғы Қазақстан халқының санағы бойынша жұмысты аяқтадық. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан халқының саны 16 млн 9 мың 600 адам болды», - деді Ә. Смайылов жұма күні брифингте.
Оның айтуынша, Қазақстан халқының өсуі 1999-шы жылғы халық санағын жүргізген уақытпен салыстырғанда 2009-шы жылы 1027,7 мың адам болды (6,9%-ға өсті).
Қала халқының саны 8662,4 мың адам болды және 1999 жылғымен салыстырғанда 218,4 мың адамға немесе 2,6% өссе, ауыл халқы – 7347,2 мың адам болып, тиісінше 809,3 мың адамға немесе 12,4%-ға өскен.
Қала халқының үлесі 54,1%, ауыл халқының үлесі 45,9% болды. 1999-шы жылы қала және ауыл халқының үлестері 56,4% және 43,6% болған.
2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтеді. Санақ «Қазақстанда әркім маңызды!» ұранымен ұйымдастырылады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, санақты өткізу процесі автоматтандырылып, оған заманауи сандық технологияларды енгізіледі.
Санақ екі тәсілмен жүргізіледі:
- 1 қыркүйектен бастап sanaq.gov.kz арнайы сайты жұмысын бастайды. Мұнда қазақстандықтар 15 қазанға дейін онлайн-режимде санаққа қатысты барлық сұрақтарға жауап бере алады;
- Дәстүрлі жалпы аралау 1-30 қазан аралығында, белгіленген мерзім ішінде санақтан онлайн-режимде өтпеген респонденттер арасында жүргізіледі.
Асқар Маминнің мәліметі бойынша қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адам. Отандастарымыздың 48,71%-і – ерлер, 51,29%-і әйелдер.
Қазақстан халқының орта жасы 31,94 жас деп көрсетілген. Жалпы халықтың 33,97%-і – 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72%-і – 14-28 жас аралығындағы жастар. Еліміздегі қазақтардың үлесі – 70,18%-ке жеткен.
Халықтың 59,05%-і, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде бірлік пен тұрақтылықтың сақталуына айрықша мән береді. Мұны Елбасының халыққа арнаған Үндеулерінен де байқауға болады. Яғни, өзінің баяндамаларының барлығында әрқашан да елдегі ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықты сақтап қалудың маңыздылығын айрықша атап өтіп отырады. Сондықтан, елдік ұстанымға сай, еліміздегі барлық этностар арасында достық қатынас орнатып, олардың ауызбіршілікте өмір сүруі және әртүрлі діндер арасында өзара түсіністіктің орнауы берік қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде, бүгінде елімізде этносаралық тату-тәтті қарым-қатынас пен қоғамдық келісімнің қазақстандық өзіндік үлгісі қалыптасқан.
Барлық құқықтар қорғалған. ASSEMBLY.KZ белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://assembly.kz/analitika/aza-stanny-berik-stanymy-ltaraly-tatuly-pen-konfessiyaaraly-kelisim/
Мемлекетіміздің барлық тұрғындарын толғандырып жүрген ұлтаралық келісім мен татулық мәселелері елдің ішкі бірлігі жайындағы мәселелер Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде жан-жақты көрініс тапты. Республикада этникааралық қарым-қатынас мәселелерін дұрыс шешуде, әсіресе, жастардың бойына ұлтаралық қатынас мәдениетін сіңіруде Н.Ә.Назарбаевтың осы еңбегінің үлкен мәнді методологиялық маңызы болды.
Қазақстан дүниежүзілік өзгеде бір қатар мемлекеттер сияқты көп ұлт өкілдері қоныс тепкен аймақ болып саналады. Түрік және славян тілді қауымдардың ірі топтарының қазақ жерінде мекендеуі ұлтаралық қатынас мәселелерін әрдайым басты назарда ұстап, реттеп отыруды талап етеді. Басты орын алып отырған осы мәселені шешу ішкі саясатта Қазақстан тәуелсіздігімен алысымен-ақ күн тәртібіне қойылды. Көпұлтты Қазақстан мемлекетінде әртүрлі ұлттық мүдделерді шешудің бір ғана жолы бар. Бұл қазақ ұлтының біріктіруші рөлі негізінде барлық халықтардың тепе-теңдігін қамтамасыз ету болып табылады
Еліміз адамзат үшін ең қымбат қазына– ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді, өзара түсіністік пен құрмет сезімін, жарастық пен келісімді қастерлеп сақтай отырып, қадам басты.
Осы тұста аталған жұмысты іске асыру мақсатында 1995 жылғы 1 наурызда оның мәртебесін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган деп бекіткен Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлығыменҚазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын.
Өз тарихында Ассамблея ҚР Президенті жанындағы консультативті-кеңесші органнан мықты құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органға дейін өсті.
Еліміздегі 100-ден аса этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап, республиканың ілгерілей дамуы үшін маңызды роль атқарды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп келеді.
Жалпы алғанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі қалыптасты.
Қазіргі уақытта Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың«100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру жөніндегі міндеттерінің негізінде Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту тұжырымдамасы әзірленді.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев қазақстандықтарды біріктіруші басты фактор болып саналатын қазақ тілін одан әрі дамытуға барлық күш-жігерді жұмсау қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Сонымен бірге, елімізде тұратын барлық этнос өкілдерінің өз ана тілінде еркін сөйлеуіне, оқуына және тілдерін дамытуына қолайлы жағдай жасау қажет.
Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет