Мемлекеттік тілді ана тілі ретінде дамыту мәселелері



бет1/2
Дата06.10.2024
өлшемі20.44 Kb.
#504355
  1   2
Ана туралы газетке (Автосохраненный)


Мемлекеттік тілді ана тілі ретінде дамыту мәселелері
Ана тілін бала кезден үйрену - ең басты мәселе. Ана тілді бала анасынан үйренеді. Баланың ана тілін толық меңгеруі өскен кезде ұлттық белгі болып қолданылады. Ана тілі мемлекет құрған ұлттың тілі болса, ол сол тілдің мемлекеттік тілі болуға тиіс. Қазақ баласының ана тілі мемлекеттік тілге айналған заман. Мемлекеттік тіл ретінде ана тілін үйрену мәселесі белгілі дәрежеде дұрыс ұйымдастырылған. Бірақ кейбір қазақ балалары ана тілін қоя тұрып, бала бақшада орыс тілінде, мектепте де орыс тілінде, жоғары оқу орнында да орыс тілінде білім алады. Сәбилерді мектеп жасына дейінгі мекемелерде ана тілінде тәрбиелеуге тиіспіз. Сонда ғана мемлекеттік қазақ тілі өз күшіне енеді.
Қазақ әйелдері ұлттық қоғам құруда төмен саналды немесе қам-қарекетсіз, бей-жай қарап отыра берді деуге болмайды. Жоғары қызметтердің барлығынан да биік тұратын бар мәселеге аналар араласқан. Бұл - «ана тілі», яғни тіл мәселесі. Халқымыздың сыртқы және ішкі саясатында аталардың атқарар жұмыстары жоғары болса, аналар бала тәрбиесімен айналысқан. Әйелдерге ұрпақтың тілін, рухани дүниесін, ой-өрісін дамыту жүктелген. Сондықтан да ананың ақ сүтімен дарыған ұлттың тілін «ана тіл» деп дәріптейміз. Өз тілінде сөйлемейтін, тілінің шұбарлануына жол берген бейбақтарды ана сүтіне, дәлірек айтсақ, «уызына жарымаған» деп кінәлап жататындығымыз да сондықтан. Балаларымыздың санасына қаршадайынан осындай нәрселерді сіңіруіміз керек. Алдымен ана тілінде тілі шығып, ана тілімен тілдеседі. Атам заманнан тілдік тәрбие көзі әкеден емес, анадан келген. Тарихтан қарап отырсақ, дүниедегі ең ұлы дейтін ғұламалардың барлығының қажыр-қайраты, тәрбиесі анасынан, әжесінен шығады.
Ана тәрбиесі бойына сіңген, өзі ақылды, өзі білімді, ұлттық рухы күшті, өзі күшті, денсаулығы мықты ұрпақты өсірсе, қазақ ұлты үшін одан артық қандай пайдалы іс болуы мүмкін. Ер-азамат та ана тілі деген ұғымды «ата тілі» деп айта алмасы хақ. «Баба сөзі», «баба тілі» деген ұғым бар. Бірақ бұл ана тілі деген ұғымнан биігірек. Ана тілі дегеніміз – әрбір ананың өз баласына бабасының тілін сіңіруі, ақ сүтін бере отырып, құлағына құюы."Ана тілі дегеніміз күллі тіл атаулыдан ішкі құрылыс ерекшелігімен дараланатын, белгілі бір халықпен нақты кеңістікте тарихи бірге жасап, оның төл мәдениетін ұрпақтан – ұрпаққа үздіксіз ұластырушы, сол халық адамдарына (жас, жыныс, сенім, кәсіп, әлеуметтік жағдай айырмасына қарамай) түгелдей және жан – жақты қызмет ететін ұлтішілік қатынас құралы¹" – дейді ф.ғ.д. ғалым Хасанұлы Б [1, 25 - б].
Тілдің қайнар көзі - жанұя. Жанұяда баланың тілдік тәрбиесін ата - ана береді. Бұл ретте ананың рөлі ерекше. Ендеше Қазақстанның мемелекеттік тілінің қазақ ана тілі ретінде дамуының негізі жанұяда салынады.Сондықтан да тілді дамуының алғашқы алар қуаты – жанұя. Осы ретте ананың рөлін ерекше бағалап, қазақ тілі ретінде дамуына ананың белсенділігін арттыруды алға тартамыз.Осы мәселеге мән берген ғалымдардың бірі профессор Бақытжан Хасанұлы. Оның "Ана тілі – ата мұра" деген еңбегін ерекше атап өтеміз. Ол "Ана тілі өмір салаларын қаншалықты мол қамтыса, соншалықты дамыған тіл болып есептеледі. Бірақ тілдің сақталуында өмірдің барлық саласынан гөрі жанұяның орны ерекше¹" – деп те айтып кетеді [1, 86 - б]. Әйелдің отбасында, қоғамда атқарып отырған қызметі, бала тәрбиесі мен ұлт болашағы алдындағы жауапкершілігі мол. Қоғамның әр саласын ана тілін білетін адамзат басқару керек. Ананың қоғамда, отбасында алатын орны, атқарар рөлі ұшан - теңіз.
Ана ― ақылшы, тәрбиеші, үйдің береке - ырысы ғана емес, ол ел мен елді елдестіруші, араздықты бітістіруші, дәнекерлеуші, ол іскер, қаһарман.
Сонау ерте замандардағы наным - сенімдердің түп - тамыры да ана. Ата - бабаларымыз аспанда Тәңірі, жерде Ұмай ана деп табынатын. Ұмай ана- қамқоршы, жарылқаушы, демеуші, жанұя, отбасының пірі. Қазақ халқының болмысындағы, дүниетанымындағы бар игі қасиеттерді тілін, ділін, дінін, әдет - ғұрпын, салт - санасын, ұлттық дәстүрін баласынан немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дарытушы, дамытушы әйел ана деп санаған² [2 ,31- б].
Қазақстан жастарының тілі мемлекеттік тіл болу үшін

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет