«Тәуелсіздік жолында» Сырым Датұлы - Сырым Датұлы(1753-1802)-Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы,атақты батыр,әрі әйгілі шешен.Шыққан тегі-Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан.Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып,әділдігімен аты шыққан «Бала би» атанды.Сырым Датұлы өз халқының нағыз патриоты екенін таныта білген және отарлық бұғаудан елді босатуға зор үлес қосқан.Ол Ресейдің отарлау саясатын жүзеге асырған қазақтарға қарсы соғысты бастады.Ұлт азаттық көтерілістің негізгі себебі-патша саясаты мен Жайық казактарының жүгенсіздігі,олардың қазақ халқын қанауы болды.Сырым Датұлы жалпы екі көтеріліс бастаған.
Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова - Шын есімі-Мәнсия.1922 жылы Орал облысы,Бөкей орда ауданында дүниеге келген.Кеңес одағының батыры,пулеметші.Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медициналық институтында оқып жүрген.1942 жылы тамызда өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып,21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.Аға сержант,пулеметші Мәншүк Мәметова ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті.Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып ,қаһармандықпен қаза тапты.Мәншүк Мәметоваға құмретпен оған өз туған өлкесі Орал қаласында ескерткіш орнатылды,көшелерге атауы берілді және «Мәншүк туралы жыр»атты көркем фильм түсірілді.
Мәншүк Мәметоваға қойылған есерткіш және суреті Қасым Шабанұлы Ахмиров
Кеңес Одағының Батыры (17.10.1943). Ұлты - татар. Батыс Қазақстан облысынан Қызыл Армия қатарына алынды. Воронеж, Орталық, т.б. майдандарда ұрысқа қатысып, жауынгерлік жорығын Берлинде аяқтады. 388-атқыштар полкінің взвод командирі А. Марково, Уросово, Колопежи үшін болған ұрыстарда әскери-ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленді. Оның взводы 1943 ж. 4 қазанда Чумакиев хуторына басып кіріп, бетпе-бет айқаста дұшпанның 85 солдатын өлтірді. Осы ұрыста Ахмиров оққа ұшқан командирдің орнына ротаны басқарып, жау қоршауын бұзып шықты. Қызыл Ту, 1-дәрігерлік «Отан соғысы» ордендерімен марапатталған.[1] Ахмировке КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (17.10.1943). 1945 жылдың қарашасында командалың (офицерлік) құрам біліктілігін жетілдіру курсын аяқтады. 1946 жылдың қыркүйегінде Ахмиров запасқа шықты. Ленин, Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған
Қасым Шабанұлы Ахмировтың суреттері - Жұбан Молдағалиев – қазақ поэзиясының, бүкіл қазақ әдебиетінің ірі өкілі. Жұбан Молдағалиев 1920 жылы Орал облысының Тайпақ ауданында Сайқұдық деген жерде (Қазіргі «Өлеңті» совхозында) дүниеге келеген. Оралдың ауыл шаруашылық техникумында оқиды. 1940 жылы Жұбан міндетті әскери қызметке шақырылады да, сонда жүріп Ұлы Отан соғысын қарсы алады. Ақын өзі «Отан үшін», «Майдан ақиқаты», «Жеңіс туы» атты майдан газеттерінде қызмет істеп, өлеңдерін жариялайды.
- 1949 жылы оның «Жеңіс жырлары» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді. Одан бергі дәуірде ақын «Қызыл галстук» (1949), «Нұрлы жол» (1951), «Бастаушымыз партия» (1954), «Жыр туралы жыр» (1957), «Заман тынысы» (1960), «Жесір тағдыры» (1962), «Ғашық көзбен» (1964), «Мен — қазақпын» (1965) тағы басқа кітаптарын жариялады. «Отан», «Бір бассаң да алға бас», «Туған елге», «Қазақ», «Шығыста туған елім бар», «Солдат сыры», «Сағындым, Жайық», «Жеңімпаздар сәлемі» деген өлеңдері бар.
- Жұбан — лирик қана емес, талантты эпик ақын. Ақынның «Қиял қанаты», «Мереке дастарқаны», «Мен-қазақпын», «Айттым сәлем», «Туған жер» сияқты поэмалары бар.
Жұбан Молдағалиевтың суреттері Қадыр Мырза Әлі - Қадыр Мырза Әлі 1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Жымпиты кентінде дүниеге келген.
- Қадыр Мырза Әлі 1958 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген соң еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған «Балдырған» журналында бастаған.
- Оның тұңғыш туындысы 1954 жылы «Пионер» журналында жарияланған. Сонан бергі уақыт ішінде «Көктем», «Данышпан», «Ой орманы», «Дала дидары», «Бұлбұл бағы», «Ақ отау», «Күміс қоңырау», «Домбыра», «Кеш», «Жерұйық», «Қорамсақ», «Көкпар», «Қызыл кітап», «Алақан», «Саз сиқыры», «Күндер-ай», «Жаңғалақтар» (1960ж); «Ноян-қоян» (1962ж); «Күміс қоңырау» (1970-1985); «Үкілі үзінділер» (1996); «Кішкене қожанасырлар» (1961); «Алуан-палуан» (1963); «Данышпан» (1961); «Биік баспалдақ» (1993); «Жазмыш» (2001); «Шырғалаң» (2004ж); «Алаштың арманы» (2001); «Иірім» (2004); т.б. ұзын — саны қырықтан аса кітаптары, таңдамалы шығармаларының бес томдығы, 2001 жылы он бес томдығы жарық көрген. Екі жүзге жуық ән мәтіндерін жазған. Ақынның бірнеше пьесасы сахнада қойылған. Қадыр Мырза Әлі жасөспірімдерге арналған өлең, жаңылтпаш, жұмбақ, мысалдардан тұратын ондаған жинақ беріп, балалар әдебиетін дамытуға да үлкен үлес қосқан
Қорытынды: - Біз тақырыпта Орал өңірінен шыққан бес қоғам қайраткерлері мен батырларын қарастырдық.
- Осы тақырып арқылы өз туған жеріміздің ұлы тұлғаларын жақынырақ тани білдік.
- Ұлы тұлғаларымыздың есімін жадымызда өшпестей қылып сақтай алдық.
Достарыңызбен бөлісу: |