Тәуелсіздік жолындағы қадам. «Туған халқының тағдыры үшін күрескен»



Дата15.06.2016
өлшемі68.5 Kb.
#136647
Тәуелсіздік жолындағы қадам. «Туған халқының тағдыры үшін күрескен»

 


  1. жүргізуші

 

Ел өміріңің алуан салалы тіршілік тынысын терең білуі, шешімін күтіп, қордаланып қалған мәселелерді  тап басып тани алуы, ел  ішінде ұрымтал әрекеттерге барып, таңдаған бағытын табандылықпен жүзеге асыру қасиеті 1989 жылы маусым- шілдеде Жаңаөзен мен Қарағанды оқиғаларының оң шешім табуы, халықпен тіл табыса білуін байқатты.



  1. жүргізуші

«Дәуір алмасып жатқанда өмір сүрме» дейді екен қытайлар. Ғасыр мен ғасыр алмасып, заман өзгеріп, аумалы- төкпелі кезде келген жаңа басшының алдында халықты «қазақ ұлтшылдығы» деген айыптан арашалау және тіл мәселесін шешу тұрды.

7-оқушы


-1989 жылдың 22- қыркүйегінде «ҚКСР-нің Тіл туралы»заңы қабылданды.

-1990 жылы қыркүйекте «30-50 жылдары заңсыз қуғын- сүргіннен зардап шегіп, кейін ақталғандарға жәрдем көрсету туралы» Жарғы шықты

-1990 жылы қазанның 25-інде «ҚКСР Мемлекеттік егемендігі туралы»Декларация қабылдады.

-1990 жылы 17- желтоқсанның Демократиялық жаңару күні Желтоқсан құрбандарына ескерткіш ашылды.

-1991 жылы тамыздың 29-ында «Семей полигонын жабу туралы»Жарлығы шықты.

-1991 жылы қазанның 2- сінде қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

-1991 жылы желтоқсанның 12-сінде «1986 жылы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» Жарлығы шықты.

(слайд, Тәуелсіздікті алған жылдар)



  1. жүргізуші

Тәуелсіздік жылдарда

«Адам санасының, қоғам дамуының тамыршысы»

 


  1. жүргізуші

 

Елбасы тәуелсіз елдің бұқаралық санасын өзгертуде, ұлттық дәстүрлерді қайта жаңғыртуда, тарихи сананы қалыптастыруда ерекше істер атқарды.

8-оқушы

1995 жылы «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы» қабылданды.



1997 жылдың Президенттің Жарлығымен «Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу жылы», 1998 жылдың «Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы», 1999 жылдың «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп жариялануы өткен тарихтан келешек үшін тәлім алуға септігін тигізді.

 


  1. жүргізуші

 

Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде халықтың санасына күштеп өшірілген тарихи тұлғалар- Алаш арыстарының есімдері халыққа қайтарылды.

Н.Ә. Назарбаевтың 1999 жылы жарық көрген «Тарих толқынында» атты кітабы ұлт пен мемлекеттің өткені мен келешегіне жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жаңа көзқарас қалыптастыру ісіне қосылған қомақты үлес деп бағалады.

 

9-оқушы



ХХ ғасыр соңында еліміздің рухани-мәдени өмірінде ЮНЕСКО-ның тегеурінімен Абайдың 150 жылдығын, Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығын, Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдығын, Мұхамед Хайдар Дулатидың 500 жылдығын, Түркістан қаласының 1500 жылдығы атап өтілді. Жамбылдың 100 жылдығын, Ғабит Мүсіреповтың 100 жылдығын,  Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығы, Тараз қаласының 2000 жылдығы  ЮНЕСКО күнтізбесіне енгізілді.

 

10-оқушы



Кітап басу ісі қарқынды жүрді. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясының 10томы, «Қазақ әдебиеті», «Қазақ мәдениеті» энциклопедиялық  басылымы, Мұхтар Әуезовтың 50 томдық, Шоқан Уәлихановтың 30 томдық, Бауыржан Момышұлының 30 томдық, Қаныш Сәтбаевтың шығармалар жинағы жарық көрді.

2- жүргізуші

«Біз электрондық кітапхана, халықаралық бағдарламалар, интернет жүйесі, ғарыш, бизнес, сервистік технологиятілін білмейінше елеулі табысқа жете қоюымыз қиын»- дейді елбасымыз Н.Ә. Назарбаев

 

11-оқушы



1995 жылы 30-тамыздағы бүкілхалықтық референдумда ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы байырғы қазақ жерінде мемлекеттік құра отырып, еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жауапкершілікті сезінетін, егемендік құқықтық ала отырып Ата Заңымызды қабылдады.

 

12-оқушы



         Алтын Заңда парасатым, пайымым,

         Алтын Заңда күш-қуатым, жалыным.

        Сен қорғайсың

        Бостандық пен құқықты,

        Анамдайсың елжіреген жаңа күн.

 

                                                    Ән: «Қазақ елі»



 

  1. жүргізуші

 

        Қазақстан- бүкіл қазақтың Отаны

Н.Ә.Назарбаев- Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы.

Біз талайлы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарымызды атамекенге жинаған үш елдің біріміз. Тәуелсіздік жылдары шетелдерден 800 мыңнан астам отандастарымыз келіп, халық саны бір жарым миллионға артты.

 

13-оқушы


1992 жылдың 28-қыркүйегінен  4- қазанға дейін Алматыда  қазақтардың І Дүниежүзілік құрылтайы өтті. Оған 13 елден 800-дей өкілдер қатысты.

2002 жылдың 23-24- қазан күдері Түркістан қаласында қазақтардың ІІ Дүниежүзілік құрылтайы болып, оған алыс және жақын шетелдерден 400-ге жуық делегат қатысты.

2005 жылғы қыркүйек айында Астана қаласында қазақтардың ІІІ Дүниежүзілік құрылтайы  болып, оған шетелдерден 300-ден астам өкіл қатысты.

2- жүргізуші

 

«Қазақстан- біздің ортақ үйіміз»



«Н.Ә.Назарбаев- Қазақстан халқтары Ассамблеясының төрағасы»

Егемендік пен тәуелсіздігімізді нығайтып, алға қарай дамуымызда қазақстандықтардың көптеген ұрпақтары жинақтаған достық пен ынтымақтастық аса бағалы құндылықтарға жатады. 1992 жылы 14- желтоқсанда жаңа қоғамдық институт-Қазақстан халықтары Ассамблеясының негізі қаланды.

Қазқстан халықтар Ассамблеясы 1995  жылы 1-наурызда Президент жарлығыменен құрылды. Ассамблея- биүкіметтік, бисаяси, еліміздің Президенті жанындағы кеңесші орган, ол қызметін Конституцияға, Ассамблея туралы Ережеге сәйкес жүргізеді. Ассамблеясының төрағасы Н.Ә.Назарбаев. Ассамблея құрамына 320-дан астам адам енді.Олар қазақ халқы мен 33 диаспора өкілдері.

(слайд , елбасының Ассамблея отырысындағы суреттерден)

 

14-оқушы


Тәуелсіздікті алғаннан кейін еліміздің рәміздері әзірленді.

Рәміздерім- елдігімнің белгісі,

Білу керек баладағы ең кіші.

Рәміздерім- Әнұран, Ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген-жөн кісі.

 

(слайд рәміздер), (схема, Әнұранға өзгерістер енгізу себептері)



 

1992 жылы қабылданған Әнұран

2006 жылы қабылданған Әнұран

1) Әнұран әуезінің қазақ жырының табиғатына керағар келетін 12 буындық өлеңмен жазылуы

1) Әнұранда ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрсетілді

2) мұның өзі, әуездегі салтанаттылыққа бойлаумен байланысты соншалықты салмақты жазылуына әкеп соқтырған

2) ата- бабалар мұрасы- жеріміздің кең байтақтығы орын алған

3) тым тереңдікке бой ұру әнұранның тілге оралымдылығы мен есте сақталуына қиындықтар туғызды

3) еліміз бен жеріміздің байлығы біздің ұрпақтарымыздың болашағына жарқын жол ашатыны да көрініс тапқан

4) бүкілхалықтық сипат дәрежесіне көтеріле алмады

4) біздің тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі ел бірлігі екенін баса көрсетілген

 

15- оқушы

     1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы Теңге айналымға енді.

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,

Білдім дербес елімнің үлгісі деп.

Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,

Беттерінен көз тартып тұрды сурет.

                                                                                                                           (слайд теңгелер)

 

16- оқушы



          Сән берген Сарыарқадай гүл өңірге,

          Жайнаған Отанымның жүрегінде.

         Астана- бақ ошағы, түп қазығым,

         Айналған бар қазақтың тірегіне.

 


  1. жүргізуші

 

Жаңа қоғамға жаңа идея керек. Жаңа қоғам құру ісі жаңа қаладан басталады. Астана идея болып еніп, жаңа акме қоғамды өмірге әкелді. «Әкме» деген гректің биіктік, асқақтық, кемелдік деген ұғымдарын береді екен.

 


  1. жүргізуші

Астананы кемел қоғам рәмізіне айналдырған- Елбасының көрегендігі мен қайрат- жігері. Қала салу ісі тұлғалық қуатты талап етеді. Тұлғалық қуатты психология ғылымында лидерлік деп атайды. Лидер болашақты болжап жүйелей біледі.

Бүгінде Астана- елдің ірі мегаполисі, жаңа ұрпақтың қаласы.

«Астана- шын мәніндегі жаңа дәуірдің қаласы, ақиқатқа айналған арманның қаласы», -деген екен Д.Медведев.

 

(слайд Астана суреттері), (схема, Жаңа Астана шежіресі)



 

Жылдар

Атқарылған игі істер

1994 жылы,6-шілде

Жоғарғы Кеңес астананы Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.

1995 жылы,15-қыркүйек

Президенттің астананы Ақмолаға көшіру туралы Жарлығы шықты.

1997жылы,желтоқсан

Президент, Парламент, Үкімет Ақмола қаласына көшірілді.

1997 жылы,10-желтоқсан

Ақмола ресми астана болып бекітілді.

1998 жылы,6-мамыр

Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға Жарлық шығарды.

1998 жылы,10-маусым

Жаңа Астананың ресми тұсаукесері болды.

 

17- оқушы

              Азияда, төрлет қазақ төріне,

              Туды көтер қазағымның көгіне.

              Бақыт болып келдің туған жеріме,

              Қуаныш боп ендің бүгін еліме.

 

18- оқушы



2010 жылдың ақпан айында 7- Қысқы Азияда ойындары Қазақстанның астана және Алматы қалаларының спорт алаңдарында өтті. Азиядаға Азияның 27 елінен үздік спорт саңлақтары қатысты. Қазақстан спортшылары қорытынды бойынша 1-орынды иеленіп, қанжығаларына 70 медаль салды. Оның 32-сі алтын, 21-і күміс, 17-сі қола.

 

1- жүргізуші



 

Енді Н.Ә.Назарбаевтың атсалысумен құрылған ұйымдарға назар аударыңдар (слайд)





Аймақтық ұйымның атауы және құрылған жылы

1

ТМД, Алматыда(1991 жылы 21-желтоқсанда)

2

Орталық Азия Экономикалық қауымдастығы (1994 жылы)

3

Орталық Азия Ынтымақтастық Ұйымы (ОАЫҰ, 2002 жылы)

4

Кедндік Одақ (1995 жылы)

5

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ, 2001 жылы 15-маусым)

6

Азиядағы өзара ынтымақтастық және сенім шаралары туралы Кеңес (АӨСШК)

 

2- жүргізуші

 

Н.Ә.Назарбаев- бірқатар ғылыми кітаптардың, әлеуметтік- экономикалық даму проблемалары мен қоғамдық- саяси еңбектердің авторы. Ал енді Президентіміздің еңбектерімен таныс болыңыздар.





Н.Ә.Назарбаевтің еңбектері

1

«Қазақстанның егеменді мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуының стратегиясы». Алматы, 1992

2

«Қазақстанның балашағы- қоғамның идеялық бірлігінде». Алматы, 1993

3

«Ғасырлар тоғысында». Алматы, 1996

4

«Тарих толқынында». Алматы, 1999

5

«Бейбітшілік кіндігі». Астана, 2001

6

«Сындарлы он жыл».Астана: Атамұра, 2011

7

«Тәуелсіздік белестері». Астана: Атамұра, 2003

8

«Еуразия жүрегінде». Астана, 2005

9

«Қазақстан- 2030». Алматы, 1997

(слайд, схема Н.Ә.Назарбаевтің еңбектері)

           Мұғалім:Қорыта келгенде, мемлекетіміздегі жоғары лауазым президенттік қызмет- елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет. Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы, мідениетін  құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады. Олай болса біздің елбасымыздың бойында бұл  қасиеттердің барлығы бар екенін мынадан көре аламыз

 

   (слайд, схема)



1- жүргізуші

Уа, халқым, сөз қадірін білесің.

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшысы болмаса, ел жетім.

Көсіле шабар жерің бар,

Ту көтерген елің бар.

Қол бастайтын ерің бар,

Атадан қалған сара жолың бар- дей келе тұғыш президентіміздің құрметіне арналған тәрбие сағатымызды аяқтамақпыз. Тамашалағандарыңызға рахмет!



 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет