Тәуіп селолық округінің әкімі К. Тілеужановтың 2013 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттер жөнінде есеп беру баяндамасының тезистері



Дата22.02.2016
өлшемі58.7 Kb.
#1862
Тәуіп селолық округінің әкімі К.Тілеужановтың 2013 жылдың

9 айында атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттер жөнінде

есеп беру баяндамасының тезистері

Селолық округ әкімінің жұмыс жоспары мемлекет басшысының Жолдауларынан туындайтын тапсырмаларды орындауға,халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың орындалуына жұмыс жасауға бағытталған. Елбасы Жолдаулары-бүкіл халықтың,әрбір отбасының,әрбір адамның тұрмыс жағдайын одан әрі жақсартудың шынайы және нақты жоспары болып келеді.

Мемлекет Басшысының Жолдауына және тапсырмаларын іске асыру барысында алынған мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға сәйкес Тәуіп селолық округінде бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.

Ауыл шаруашылығын дамытуда округ бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

Селолық округтің негізгі өндірісі-мал шаруашылығы.Меншіктің барлық түрлері бойынша осы жылдың 1қазанына 2725 бас мүйізді ірі қара,10930 бас қой-ешкі, 412 бас жылқы, 197 бас түйе бар.Ет 16,4 тн,сүт 6557 цн,жүн 70 тн өндірілді.Селолық округ бойынша мал азығын дайындау науқанында 12437 тн табиғи шөп дайындалды,қазіргі уақытта тасу жұмыстары басталуда.

Тәуіп селолық округінде жалпы 11 шаруашылық құрылымы,9 шаруа қожалығы 2 ЖШС бар.Биылғы жылы 1 шаруа қожалығы жаңадан құрылды. Мемлекет тарапынан ауылшаруашылығын қолдау бағытында түрлі шаралар жүзеге асырылып жатыр.Осы бағдарламалар бойынша біздің селолық округ кәсіпкерлері де қолдау тауып өз шаруашылықтарын ұлғайтуда. 2013 жылы «Сәбитбек» ЖШС «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 6 млн 603000 теңге несие алып ірі қара мал басын ұлғайтты. Жалпы селолық округ бойынша мал басын бірдейлендіру жұмыстары,асылтұқымды мал басын сатып алу жұмыстары,жайылымдық қой сатып алу жұмыстары бойынша аудан көлемінде алдыңғы орындардан көрініп келеміз.

Биылғы жылы егіс алаңы 7 гектар құрады.Шаруашылық құрылымдарының ішінен «Қожакөл» шаруа қожалығы 33,7 тонна картоп, 7,5 тонна бақша өнімдерін, 6,9 тонна көкөніс өнімдерін



Шағын кәсіпкерлік саласы бойынша 11 жеке кәсіпкер тіркеліп жұмыс жасап тұр.Олар халыққа жолаушы тасымалы қызметі, сауда қызметін жасап тұрғындарға қажетті азық түлік, киім ,тұрмыстық, шаруашылық заттармен қамтамасыз етуде. Жергілікті атқарушы биліктің жұмысындағы маңызды мәселе тамақ өнімдерінің негізгі түрлеріне бағалардың өсуіне жол бермеу болып табылады,осы мақсатта бағаларға мониторинг жүргізіліп сауда нүктелеріндегі азық түлік бағасы тұрақты түрде ұсталынып келеді.

Жұмыспен қамту.«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы негізінде ауыл тұрғындарына бағдарламаның бағыттары мен міндеттері туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.Бағдарламаға сәйкес,округ бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына қаржыландырумен 3 адам 3 шаруашылық құрылымдарына әлеуметтік жұмысқа орналастырылған.Бағдарламаның 1-ші бағыты бойынша Ақтөбе техникалық колледжінде 1 бала тегін білім алуда. Отбасыларды кедейлік жағдайдан шығаруға бағытталған жұмыстар нәтижесінде селолық округ бойынша кедей отбасылар санаты жоқ.Табысы азық-түлік себетінің бағасынан аспайтын 18 жасқа дейінгі балалары бар 11 отбасыға жәрдемақы тағайындалып төленіп келеді.

Коммуналдық қызмет.Округ бойынша барлық әлеуметтік нысандлар қысқы от жағу маусымына дайын.Балабақша мен дәрігерлік амбулаторияға бөлінген отын тасылып болды.Жаңа мектеп ғимаратының жылуына қажетті сұйық отын тасылуда.Жеке тұрғындарға қажетті қатты отынмен қамтамасыз етуді кәсіпкерлермен келісілді.

Әлеуметтік сала.Округ бойынша әлеуметтік нысандардан 1 орта мектеп, 1 балабақша,1 дәрігерлік амбулатория,1 фельдшерлік пункт,клуб,кітапхана жұмыс жасайды.Өткен жылдардағы есеп беру жиналыстарында тұрғындардан жаңа мектеп салу туралы туындаған сұрақ 2012 жылы шешімін тауып жалпы сметалық құны 300. млн теңге болатын 150 орындық мектеп ғимаратының құрылысы басталған болатын.Заман талабына сай жаңа үлгідегі 2 қабатты мектеп үйінің құрылысы аяқталып 1 қыркүйекте пайдалануға берілді.

Пошта,байланыс жұмысы халыққа қалыпты қызмет көрсетуде.Мерзімді баспасөзге жазылу жұмыстары қарқынды жүргізіліп,баспасөз уақытында жеткізіліп тұрады.Тұрғындардың барлығына жуығы телефон байланысымен қамтылған.Ауылдағы барлық отбасы сандық «Отау» телетартқышын пайдаланып отыр.Аз қамтылған,мүгедектік топқа жатқызылған адамдары бар 8 отбасыға телетартқыш жеңілдікпен алынып берілді.

Аптаның барлық күндері аудан орталығына жүйелі түрде көлік қатынап жолаушы тасымалын қамтамасыз етіп тұр. 2 елді мекенде де ауыз су құдықтары пайдаланылады.Құдықтарға көктем және күз айларында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.Ауыз су автокөлікпен тасымалданып халыққа тасылып беріледі.

«Көркейе бер,туған жер» акциясы аясында 2013 жылғы жоспарға сәйкес село орталығында орналасқан жастар саябағын жасақтау жұмыстары болатын.Осы жоспарға сәйкес саябақтың сыртын қоршау жұмыстары жүргізілуде.

Абаттандыру мен көгалдандыру.Санитарлық-экологиялық жағдайды жақсарту аясында селолық округ аумағын санитарлық тазалауға айрықша көңіл бөлінуде.Селолық округ аумағында көгалдандыру,санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында екі айлық ұйымдастырылып өткізілді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы Құйлыс селосындағы саябаққа балалардың ойын алаңы орнатылды.Көшелелердегі баннерлер жаңартылып ілінді.

Қоғамдық тәртіп.Азаматтардың қауіпсіздігін,қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде 1 учаскелік полиция инспекторы жұмыс жасайды.Мал ұрлығы жоқ,тіркелген қылмыс жоқ. Округ бойынша қоғамдық саяси ахуал тұрақты.

Ырғыз ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Тәуіп селолық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу,болдырмау жөніндегі жұмыстар атқарылуда. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын,Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы»,«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»,«Мемлекеттік сатып алу туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын басшылыққа алып күнделікті жұмыс барысында қадағалау басты мәселе,және осы заңдардың талаптарын қатаң сақтап сыбайластық көріністерге жол бермеуін қадағалау жіті бақылауға алынған.

Еліміздің дамуының ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тұрғындарға насихаттау және түсіндіру тұрақты жүргізіліп келеді.

Тәуіп селолық округі әкімінің есеп беру кездесуіне

байланысты тұрғындардың ұсыныс пікірлері мен

арыз-шағымдарына арналған жәшіктердің

орналасуы жөніндегі мәлімет





Жәшіктердің

орналасқан орыны



Мекен-жайы

1

Тәуіп селолық округі әкімшілік ғимараты


Құйлыс селосы

Ө.Қанахин көшесі № 3




Тәуіп селолық округінің әкімі К.ТІЛЕУЖАНОВ


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет