- 1 Кәсіпкерік мәдениеттің мәні мен мағынасы
- 2 Іскерлік қарым-қатынас және оның нысандары
- 3 Іскерлік хатты дайындау ерекшеліктері
- 4 Кәсіпкерлік этикасы. Іскерлік этикет.
1 Кәсіпкерік мәдениеттің мәні мен мағынасы Кәсіпкерлік мәдениет кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ажырамас бөлігі болып табылады. Мәдениет – адамдардың өндірістік, қоғамдық және рухани қажеттіліктерінің жиынтығы. Кәсіпкерлік мәдениет – субъектілердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы белгілі бір қалыптасқан қағидалары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы. Ол елдегі ( қоғамдағы) қолданыстағы құқықтық нормаларға, бизнесті жүзеге асыру кезіндегі іс-әрекет нормаларына, іскерлік дағдыларға, этикалық және адамгершлік ережелеріне негізделеді. Кәсіпкерлік мәдениет – субъектілердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы белгілі бір қалыптасқан қағидалары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы. Ол елдегі ( қоғамдағы) қолданыстағы құқықтық нормаларға, бизнесті жүзеге асыру кезіндегі іс-әрекет нормаларына, іскерлік дағдыларға, этикалық және адамгершлік ережелеріне негізделеді. « Кәсіпкерлік мәдениет» түсінігінің мазмұнын мынадай 3 құрамдас бөлік (компонент) арқылы анықтауға болады: - 1. Кәсіпкердің бизнестің құндылықтары туралы түсінігі
- 2.Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау мен жүзеге асыру кезіндегі мінез-құлық ( іс- әрекет) нормалары мен ережелері.
- 3. Кәсіпкердің нақты іс- әрекеті, соның нәтижесінде кәсіпкер әзірленген ережелер мен мәдени мінез- құлық нормаларын іс- жүзінде жүзеге асырады
Кәсіпкерлік мәдениеттің негізгі элементтеріне мыналар жатқызылады: - Кәсіпкерлік қызметтің заңдылығы;
- Міндеттер мен міндеттемелерді мінсіз орындау;
- Кәсіпкерлік субъектілерінің өз бизнесін адал жүргізуі, адамдармен, тұтынушылармен, әріптестермен, мемлекетпен адал қарым-қатынаста болу;
- Кәсіпкердің жалпы этикалық нормаларды сақтауы
- Кәсіпкерлік қызметтің қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталуы;
- Кәсіпкерлік іс- әрекетті болжау мүмкіншілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |