«Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты



бет1/3
Дата27.06.2016
өлшемі469.66 Kb.
#161028
  1   2   3


«Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты



  1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекцияларының (бұдан әрі – инспекция) мекенжайлары бойынша көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет:

1) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы
12 шілдедегі Заңының 16-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының;

2) Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 шілдедегі № 317 шешімімен бекітілген Кеден одағының кедендік шекарасында және кеден одағының кедендік аумағында ветеринариялық бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ереженің және Ветеринариялық бақылауға жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың;

3) «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 132 қаулысының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары» кіші бөлімінде, сондай-ақ инспекциялардың стендтерінде орналастырылады. Стендтер мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын


үй-жайлардағы көрнекті орындарда орнатылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне қағаз тасығыштағы рұқсат (бұдан әрі рұқсат) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі –мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:

1) рұқсат беру:

импортқа, экспортқа – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзитпен тасуға (30 жұмыс күніне дейін) және тірі жануарлардың карантиннен өтуіне (күнтізбелік 60 күнге дейін) басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді талап ететін рұқсаттарды қоспағанда, мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауы керек;

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне – Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитке рұқсат беру туралы импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органының жазбаша өтінішін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауы керек;

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;

3) мемлекеттік қызмет нәтижесін алу кезіндегі кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;

4) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру мерзімі – екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде келісу берілмеген немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылмаған жағдайда келісу берілген деп есептеледі және екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушыға берілуге жатады.

8. Мемлекеттік қызмет ақысыз түрде көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдай жасалады (күту креслолары, қажетті құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен


оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады. Физикалық мүмкіндіктері шектелген мемлекеттік қызмет алушылардың кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын
үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат беру жөніндегі мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар мыналарды ұсынады:

1) экспорт кезінде – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасқан) жері бойынша, импорт кезінде – әкелу орны бойынша мыналарды көрсете отырып өтініш береді:

заңды тұлғалар үшін – өндіріс объектісінің атауы, мекенжайы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) берген есептік нөмірі (коды), жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты және есептік нөмірі (коды)

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің мөлшері, оның өлшем бірлігі;

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттаушы ел (импорттаушы ел) және шыққан жері;

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорты, импорты кезінде пайдалануға көзделетін көлік түрі;

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні тасымалдауды олар арқылы жүзеге асыру көзделетін мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін көрсете отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің жүру маршрутты;

импорттың, экспорттың мақсаттары (тірі жануарлар үшін – өсіру және бағу, сату, етке сою; өнімдер үшін – өткізуге, қайта өңдеуге; азық және азықтық қоспалар үшін – ол арналған жануарлар түрі);

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні сақтауды (қайта өңдеуді, өткізуді) жүзеге асыратын өндіріс объектілері мен олардың есептік нөмірін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағындағы межелі пункті;

жануарларды, аңшылық олжаларын немесе олардың оңай танылатын бөліктерін (дериваттарын), оның ішінде олар құжаттары, орама жапсырмасы немесе таңбалануы бойынша немесе басқа да белгілері бойынша құрып кету қаупі төніп тұрған және СИТЕС қолданылатын жануарлардың бөліктері немесе туындылары (дериваттары) болып табылатындарды не болып табылуы мүмкіндерді әкелген жағдайда Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы 1973 жылғы 3 наурыздағы конвенция (бұдан әрі – СИТЕС) қолданылатын жануарлардың, олардың бөліктерінің және/немесе дериваттарының импортына рұқсаттың нөмірі;

ветеринариялық препараттардың, азық және азықтық қоспалардың экспорты кезінде шыққан елі мен тіркеу куәлігінің нөмірін (тіркеу, қайта тіркеу күнін) және азықтық қоспаларды, ветеринариялық препараттарды көрсете отырып, өндіруші ұйым;

2) экспорттаушы елдің ресми органы малдың әрбір басына берген асыл тұқымдық куәлігінің немесе оған барабар құжаттың көшірмесі (асыл тұқымды малды және асыл тұқымды өнімді (материалды) импорттау кезінде);

3) ветеринариялық зертханалық зерттеулердің сараптама актісі.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне рұқсатты беру Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитке рұқсат беру туралы импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органының мыналар көрсетілген жазбаша өтінішінің негізінде жүзеге асырылады:

1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыратын: заңды тұлғалар үшін атауы, мекенжайы және өндіріс объектісінің Комитет берген есептік нөмірі; жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы және есептік нөмірі;

2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы;

3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің мөлшері және оның өлшем бірлігі;

4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорттаушы елі немесе импорттаушы елі және шыққан елі;

5) көлік түрі;

6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні әкелу және әкету жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің тізбесі;

7) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің транзиті оның аумағы арқылы жүзеге асырылатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен немесе оның орынбасарымен келісілген жануарлардың жүру маршруты, аялдамалары, ауыстырып тиеу, азықтандыру (суару) орындары, тасу (айдау) шарттары.

12. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтініш бланкісін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан инспекциялардың кеңселерінен алуға болады.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар осы стандартқа
1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан инспекциялардың кеңселеріне тапсырылады.

Мемлекеттік қызмет алушының транзитке рұқсат алуы үшін импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органы Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 605-кабинет, электрондық поштасы: veterinary@minagri.kz, телефоны: 8 (7172) 55-58-15 мекенжайы бойынша Комитетке жазбаша өтініш жолдайды.

14. Мемлекеттік қызмет алушыға:

1) құжаттарды қабылдау нөмірін және күнін;

2) сұратылатын мемлекеттік қызмет түрін;

3) қоса берілген құжаттар санын және атауларын;

4) мемлекеттік қызметті алу күнін (уақытын) және құжаттарды беру орнын;

5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегін, атын, әкесінің


атын;

6) мемлекеттік қызмет алушының тегін, атын, әкесінің атын (жеке тұлға үшін) немесе атауын (заңды тұлға үшін), байланыс деректерін көрсете отырып, қажетті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілеттік берілген тұлғаға жеке келген кезде беріледі.

Транзитке рұқсат беру кезінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елің ветеринария саласындағы уәкілетті органына жолданады.

Берілген рұқсаттар Кеден одағының сыртқы шекарасына электрондық түрде жолданады.

16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

импортқа рұқсат беру кезінде:

1) импорттаушы елдің жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша қолайсыздығына байланысты жекелеген елдерге (елдер өңірлеріне) қатысты шектеу шараларын енгізу;

2) импорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық талаптарын экспорттаушы елдің сақтамауы;

3) Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін, бақылауға жататын тауарлар өндіруді, қайта өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалардың Бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі – Бірыңғай ұйымдар тізілімі) кәсіпорынның немесе тұлғаның болмауы;

экспортқа рұқсат беру кезінде:

1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (тұрған) жерінің жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша қолайсыздығы;

2) импорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық талаптарын орындаудың мүмкін болмауы;

3) Бірыңғай ұйымдар тізілімінде кәсіпорынның немесе тұлғаның болмауы.

транзитке рұқсат беру кезінде – экспорттаушы елдің жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша қолайсыздығына байланысты жекелеген елдерге (елдер өңірлеріне) қатысты шектеу шараларын енгізу.

3. Жұмыс қағидаттары
17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде Комитеттің және инспекциялардың лауазымды тұлғалары мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

1) кішіпейілділік таныту, өзінің лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;

2) сыпайы және әдепті болу;

3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;

4) қызмет көрсету мерзімдерін және күту уақытын қысқарту үшін күш салу;

5) мемлекеттік қызмет алушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

6) мемлекеттік қызмет алушы белгіленген мерзімдерде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыстың нәтижелері
18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету бойынша жұмыс нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік қызметті көрсететін Комитеттің және инспекциялардың жұмысы бойынша бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.



5. Шағымдану тәртібі
20. Комитеттің және инспекциялардың лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесуді Комитеттің заң қызметінің мамандары Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 604-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55–54–07 мекенжайы бойынша немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан инспекциялардың заң қызметінің мамандары жүзеге асырады.

21. Комитет көрсеткен мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің атына Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет, телефоны: 8 (7172)
55-57-63, электронды поштасы: info@minagri.kz мекенжайы бойынша беріледі.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

Шағым www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің блогында баяндалуы мүмкін.

Инспекциялар көрсеткен мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 605-кабинет мекенжайы бойынша беріледі.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.



22. Сыпайы қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 605-кабинет мекенжайы бойынша немесе тиісті Инспекция басшысының атына осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

23. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолға жұмыс күндері осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы қабылданады.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу құзыретіне не лауазымды тұлғаның атына жолданады.



Шағымда мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және мемлекеттік қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берілген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері және талаптар көрсетіледі.

25. Қабылданған шағым осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселерінде тіркеледі. Шағым қабылдануының растамасы шағым берген мемлекеттік қызмет алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті ұйым кеңсесінің лауазымды тұлғаларынан алуға болады.

Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

26. Мемлекеттік қызмет алушы қосымша ақпаратты Комитеттің немесе


инспекциялардың кеңселерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсынан ала алады.
___________________

«Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып,


орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекцияларының мекенжайлары мен телефондары


Ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы

Заңды мекенжайы

Телефон нөмірлері

1

2

3

Ақмола облысы

Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы

Көкшетау қ-сы, Абай к-сі, 8-үй

8 (7162) 401494

Ақкөл аудандық аумақтық инспекциясы

Ақкөл қ-сы, Нұрмағамбетов к-сі, 81-үй

8 (71638) 21100,
22312, 20188

Аршалы аудандық аумақтық инспекциясы

Аршалы кенті, Комсомольская к-сі, 3-үй

8 (71644) 22483,
21634

Астрахан аудандық аумақтық инспекциясы

Астраханка ауылы, Әл-Фараби к-сі, 49-үй

8 (71641) 22808,
22286

Атбасар аудандық аумақтық инспекциясы

Атбасар қ-сы, Жеңіс к-сі, 67-үй

8 (71643)
42902, 41388

Бұланды аудандық аумақтық инспекциясы

Макинка қ-сы,

Углинский к-сі, 42-үй



8 (71646) 21530, 21009

Егіндікөл аудандық аумақтық инспекциясы

Егіндікөл ауылы,

Жеңіс к-сі, 7-үй



8 (71642) 21965,
21334

Еңбекшілер аудандық аумақтық инспекциясы

Степняк қ-сы,

Рысқұлов к-сі, 2-үй



8 (71639) 21154, 21512

Ерейментау аудандық аумақтық инспекциясы

Ерейментау қ-сы,

Степная к-сі, 1-үй



8 (71633) 23770,
23798

Есіл аудандық аумақтық инспекциясы

Есіл қ-сы,

Мырзашев к-сі, 96а-үй



8 (71647) 29387,
21437, 21387

Жақсы аудандық аумақтық инспекциясы

Жақсы ауылы,

Тұқтыбаев к-сі, 1-үй



8 (71635) 21168,
21672

Жарқайың аудандық аумақтық инспекциясы

Державинск қ-сы,

Ленин к-сі, 24-үй



8 (71648) 91437,
91336

Зеренді аудандық аумақтық инспекциясы

Зеренді ауылы,

Ленин к-сі, 23 а-үй



8(71632)21250,
22558

Қорғалжын аудандық аумақтық инспекциясы

Қорғалжын ауылы,

Абай к-сі, 72-үй



8 (71637) 21869,
21236

Сандықтау аудандық аумақтық инспекциясы

Балқашино ауылы,

Ленин к-сі, 126 а-үй



8 (71640) 91674, 92200

Целиноград аудандық аймақтық инспекциясы

Ақмола аулы,

Гагарин к-сі, 14-үй



8 (71651) 31153,
31152

Шортанды аудандық аумақтық инспекциясы

Шортанды кенті,

Зеленый орамы к-сі, 5-үй



8 (71631) 22520,
21744

Щучье аудандық аумақтық инспекциясы

Щучье қ-сы, Железнодорожная к-сі, 105-үй

8 (71636) 36236

Степногор аудандық аумақтық инспекциясы

Степногорск қ-сы,

2 ш.а.,16-үй



8 (71645) 64997,
61993

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы

Ақтөбе қ-сы,

Смағұл к-сі, 11-үй



8 (7132) 244089,
241819

Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясы

Комсомольское ауылы, Кұлымбет к-сі, 6-үй

8 (71339) 21712,
21182, 21577

Алға аудандық аумақтық инспекциясы

Алға қ-сы, Тамды к-сі,

1-үй


8 (71337) 31475,
31475

Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы

Байғанин кенті, Метеостанция к-сі, 33-үй

8 (71345) 22998,
22076

Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы

Ырғыз кенті,

Барысбай к-сі, 7-үй



8(71343)21643,
21848

Қарғалы аудандық аумақтық инспекциясы

Батамша кенті,

Әйтеке би к-сі, 40-үй



8 (71342) 23106,
23156

Қобда аудандық аумақтық инспекциясы

Қобда кенті, Алиата к-сі, 21-үй

8 (71341) 21122

Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясы

Мәртөк кенті,

Панфилов к-сі, 50-үй



8 (71331) 22778,
21747

Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы

Қандыағаш қ-сы,

Қалиев к-сі, 14-үй



8 (71333) 35550

Темір аудандық аумақтық инспекциясы

Шұбаркұдық кенті, Желтоқсан к-сі, 5-үй

8 (71346) 22152,
23217

Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы

Ойыл кенті, Бақаев к-сі,

6-үй


8 (71332) 21821

Хромтау аудандық аумақтық инспекциясы

Хромтау қ-сы, Спортивная к-сі, 2-үй

8 (71336) 21741

Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы

Шалқар қ-сы, Үргенiшбаев к-сі, 26-үй

8 (71335) 21748

Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясы

Ақтөбе қ-сы,

Иманов к-сі, 33-үй



8 (7132) 962558,
230299

Алматы облысы

Алматы облыстық аумақтық инспекциясы

Талдықорған қ-сы,

Лесная к-сі, 1-үй



8 (7282) 261297

Ақсу аудандық аумақтық инспекциясы

Жансүгіров кенті, Сәтпаева к-сі, 2-үй

8 (72832) 21315

Алакөл аудандық аумақтық инспекциясы

Үшарал қ-сы,

Шуақов к-сі, 30-үй



8 (72833) 21455

Балхаш аудандық аумақтық инспекциясы

Бақанас ауылы,

Бижанов к-сі, 4-үй



8 (72773) 91466

Еңбекші қазақ аудандық аумақтық инспекциясы

Есік қ-сы, Пугачев к-сі, нөмірсіз

8 (72775) 41879

Ескелді аудандық аумақтық инспекциясы

Қара бұлак кенті, Оразбеков к-сі, 52-үй

8 (72836) 30130

Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы

Ұзынағаш ауылы,

Сәтпаев к-сі, 117-үй



8 (72770) 22731

Іле аудандық аумақтық инспекциясы

Өтеген Батыр кенті,

Титов к-сі, 33 а-үй



8 (72752) 22286

Қарасай аудандық аумақтық инспекциясы

Қаскелен қ-сы, Тәуелсіздікке 10 жыл к-сі, 23-үй

8 (72771) 23572

Қаратал аудандық аумақтық инспекциясы

Үштөбе қ-сы,

Оспанов к-сі, 8-үй



8 (72834) 21849

Кербұлақ аудандық аумақтық инспекциясы

Сарыөзек кенті,

Рысқұлов к-сі, 20-үй



8 (72840) 31280

Көксу аудандық аумақтық инспекциясы

Балпық Би кенті, Сейфуллин к-сі, 5-үй

8 (72838) 20565

Панфилов аудандық аумақтық инспекциясы

Жаркент қ-сы,

Иванов к-сі, 94-үй



8 (72831) 51034

Райымбек аудандық аумақтық инспекциясы

Кеген ауылы,

Лебаев к-сі, 43-үй



8 (72777) 21911

Сарқанд аудандық аумақтық инспекциясы

Сарқанд қ-сы,

Қабанбай Батыр к-сі, 6-үй



8 (72839) 21089

Талғар аудандық аумақтық инспекциясы

Талғар қ-сы,

Аблайхан к-сі, 98-үй



8 (72774) 20783

Ұйғыр аудандық аумақтық инспекциясы

Шонжы ауылы,

Ж. Кұдайбергенов к-сі, 119-үй



8 (72778) 21800

Талдықорған қалаық аумақтық инспекциясы

Талдықорған қ-сы,

Қабліс жырау к-сі, 207-үй



8 (7282) 301980

Атырау облысы

Атырау облыстық аумақтық инспекциясы

Атырау қ-сы,

Лесхоз ш.а., 49 a-үй



8 (7122) 282941

Жылыой аудандық аумақтық инспекциясы

Құлсары қ-сы, 8 учаске

8 (71237) 55730

Мақат аудандық аумақтық инспекциясы

Мақат кенті, Орталық алаң, 2-үй

8 (71239) 31110

Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы

Махамбет ауылы, Ветстанция, 1-үй

8 (71236) 30210

Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы

Миялы ауылы, Құттыбаев к-сі, 16-үй

8 (71238) 21324

Индер аудандық аумақтық инспекциясы

Индер кенті,

Қаражанов к-сі, 9-үй



8 (71234) 22244

Исатай аудандық аумақтық инспекциясы

Аққыстау ауылы, Ынтымақ к-сі, 45-үй

8 (71231) 20952

Құрмағанзы аудандық аумақтық инспекциясы

Ганюшкино ауылы, Ветстанция, 1-үй

8 (71233) 23063

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы

Өскемен қ-сы,

Крылов к-сі, 40-үй



8 (7232) 259920,
254008

Абай аудандық аумақтық инспекциясы

Қараул ауылы,

Баян к-сі, 25-үй



8 (72252) 91308

Аягөз аудандық аумақтық инспекциясы

Аягөз қ-сы,

Осенний орамы, 48 А-үй



8 (72237) 33540

Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы

Большая Владимировка ауылы, Совхозная к-сі,

38-үй


8 (7222) 91604

Бородулиха аудандық аумақтық инспекциясы

Бородулиха ауылы,

СТО, 4-үй



8 (72351) 21932

Глубокое аудандық аумақтық инспекциясы

Глубокое ауылы, Пирогов к-сі, 6-үй

8 (72331) 22870,
21552

Жарма аудандық аумақтық инспекциясы

Қалбатау ауылы, Мұсылманқұлов к-сі,

21-үй


8 (72347) 65582

Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы

Зайсан қаласы, Стамбетов к-сі, 10-үй

8 (72340) 21393

Зырян аудандық аумақтық инспекциясы

Зырян қ-сы, Бриллин к-сі, 55-үй

8 (72335) 61718

Қатонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы

Үлкен нарым ауылы, Слямов к-сі, 136-үй

8 (72341) 21833

Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясы

Көкпекті ауылы, Қабанбай к-сі, 81-үй

8 (72348) 21808

Күршім аудандық аумақтық инспекциясы

Күршім ауылы,

Б. Момышұлы к-сі, 12-үй



8 (72339) 31280

Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы

Ақсуат ауылы,

Қабанбай к-сі, 24-үй



8 (72346) 21405

Үржар аудандық аумақтық инспекциясы

Үржар ауылы,

Калинин к-сі, 1-үй



8 (72230) 34739

Ұлан аудандық аумақтық инспекциясы

Молодежный кенті

8 (72338) 27366

Шемонаиха аудандық аумақтық инспекциясы

Шемонаиха ауылы, Мичурин к-сі, 21-үй

8 (72332) 30630

Риддер аудандық аумақтық инспекциясы

Риддер қ-сы,

Қонаев к-сі, 40-үй



8 (72336) 40930

Семей қалалық аумақтық инспекциясы

Семей қ-сы,

Павлодарская к-сі, 106-үй



8 (72226) 36101

Жамбыл облысы

Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы

Тараз қ-сы, Пушкин к-сі, 140 б-үй

8 (7262) 453362

Байзақ аудандық аумақтық инспекциясы

Сарыкемер ауылы, Орынкұл к-сі, 89-үй

8 (72637) 22559,
21931

Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы

Аса ауылы, Промышленная к-сі, 13-үй

8 (72633) 21707,
21257

Жуалы аудандық аумақтық инспекциясы

Б. Момышұлы ауылы,

93-үй


8 (72635) 21592,
21311

Қордай аудандық аумақтық инспекциясы

Қордай ауылы,

Жібек жолы к-сі,108-үй



8 (72636) 42170, 26438

Мерке аудандық аумақтық инспекциясы

Мерке ауылы,

Панфилов к-сі, 6-үй



8 (72632) 24888,
24887

Мойынқұм аудандық аумақтық инспекциясы

Мойынқұм ауылы, Көшенов к-сі, 5-үй

8 (72642) 24820,
24970

Т. Рысқұлов аудандық аумақтық инспекциясы

Құлан ауылы,

Асылов к-сі, 54-үй



8 (72631) 21975,
21221


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет