«Тіл және әдебиет» білім саласы Әдебиеттік оқу



бет31/101
Дата01.03.2024
өлшемі1 Mb.
#493677
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   101
Диктант,мазмұндама,шығарма,бақылау жұмыстары

4-сынып оқушылары:
-ауызекі және жазба тілді;
-буын және дыбыс үндестігін;

-мәтіннің құрылымы мен түрлерін;


-cөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш), тұрлаусыз мүшелерін және бірыңғай мүшелерді;
-жалаң және жайылма сөйлем түрлерін;
-сөз тіркесін;
-синоним, антоним, омонимдерді;
-күрделі сөздерді, олардың түрлерін;
-сөз таптары мен олардың түрлену жүйесін біледі.
-жай сөйлемге синтаксистік талдау жасайды;
-жай сөйлемді құрмаласқа айналдырады;
-мәтіннен қыстырма сөздерді табады;
-сөз таптарын ажыратады, талдайды және оларды топтастырады, өзара салыстырады;
-мәтіндегі тірек сөздерді табады және олармен мәтін құрауға дағдыланған;
-қоршаған орта мен мақсатқа сәйкес диалог, монолог құра алады;
-түрлі жағдаяттарда әңгімелеседі, пікірлеседі, өз ойын түсінікті жеткізеді (кіммен? қайда? қашан? не туралы?);
-өздеріне таныс заттарды, құбылыстарды салыстырады, сипаттайды;
-берілген мәтінге жоспар жасайды;
-түрлі жанрда шығарма құрады (әңгіме, хат, өтініш, хабарландыру).


Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі – оқушылардың сауаттылығын арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарын жүргізіп отыру. Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың жетістіктерінің деңгейін бағалау жазбаша жұмыс түрлерінде жүргізіледі: диктант; грамматикалық тапсырмалар; бақылау мақсатымен көшіру; мазмұндама; шығарма; тест тапсырмалары.
Диктантты ұйымдастыру және өткізу
Диктант үшін ұсынылатын мәтіндер орфографиялық тұрғыдан таныс, яғни өткен сабақ материалдары негізінде алынады. Егер мәтін құрамында өтілмеген емле, тыныс белгілері немесе айтылуы мен жазылуы қиын сөздер кездессе, олар түсіндіріліп, тақтаға жазылады; диктанттың қай түрі болмасын, мұғалім мәтінді орфоэпия заңына сүйеніп, кідіріс (пауза) жасап, толық оқиды; мәтінді жазбас бұрын оқушыларға оны бар ынта-зейінімен тыңдап, мазмұны бойынша жазуды қадағалап отыру тапсырылады; оқылған дыбыс, буын, сөз және сөйлемнің мән-мағынасын түсініп, іштей қайталап, қалай жазылатынын еске түсірген соң барып жазуға кіріскен жөн; жазу барысында 6-8 сөзден құралған сөйлемдер қайталанады. Оқушылардың грамматикалық талдау білімдерін сынау мақсатында алынған бақылау жұмыстарда 2-3 грамматикалық талдау тапсырмалары болады. 2, 3, 4-сыныптарда мұндай бақылау жұмыстары 35-40 минут өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет