Мінездеме
Тілекқабыл Алтынай Бағытқызы «Жалпы білім беретін №21 Жамбыл атындағы орта мектебінде» 23.02.2023ж-04.03.2023 ж аралығында оқу танысу практикасынан өтті. Оқу танысу практикасынан ету кезінде Тілекқабыл Алтынай Бағытқызы өзін жақсы керсете білді. Практиканың алғашқы күнінен бастап оқушылармен тез тіл табысы, оларды өзінің мәдениеттілігімен, кішіпейілдігімен, қарапайымдылығымен өзіне баурай білді. Бірінші күннен бастап - ақ өз ісіне ұқыптылығымен, жауаптылығымен, тиянақтылығымен көрінді. Берілген жұмысты уақытылы және сапалы орындай білді.
Тілекқабыл Алтынай Бағытқызы тәжірибе барысында мектепке үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Өзінің Университет қабырғасында алған теориялық білімдерін практика жүзінде шыңдай білді. Ұйымдастырушылық қабілеті бар, мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, оқушылармен тез тіл табыса алды. Ең бастысы, табиғатынан пелагогика және психология мамандығы бойына беріле отырып, өз мамандығын таңдауда кателеспегендігі. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез тузетуге тырысады. Сыныптарға барған ойын-жаттығуларды, топтық тапсырмаларды,тренингтерді қызықты өткізе білуімен оқушыларды өзіне тарта білді. Әрбір сыныпқа кіргенде жаңашылдықпен өткізіліп, оқушылар құрметіне ие болды. Тілекқабыл Алтынай Бағытқызы болашақта білімді де білікті, үлгілі еліне адал қызмет ететін азамат болатынына сенеміз.
Практика кезеңіндегі педагогикалық іс-әрекетін бағалай отырып, оның өзінің теориялық және әдістемелік білім денгейін, педагогикалық іс-әрекетіндегі дағдыларын үнемі жетілдіріп отыруға ұмтылысын атап өтеміз және оқу танысу практикасын 100% (үздік) деп бағалаймыз.
Директордың уақытша міндетін атқарушы______________А.Е.Сабирова
Мектеп психологы______________ А. Қамышева
Достарыңызбен бөлісу: |