Тірек – қимыл аппаратының бұзылысы кезінде реабиитация
Дәрменсіз емделушіні жуындыру
Мақсаты: жеке тұлғалық гигиена ережелерін орындау
Көрсеткіштері: өзіне-өзі күтім жасай алмайтын емделушіге күтім жасау
Әзірле: жылы су(35-37ºС) құйылған ыдыс, жөке, сүлгі,
құмыра, клеенка, жаялық.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
- Болатын емшараның мәні мен жасау ретін түсіндіру.
- Емделушіні Фаулер жатысымен жатқызу, клеенка мен жаялық төсеу.
- Қолғапты сулап, артық суын сығып тастау.
- Қолғаппен маңдайын, қабақтарын, екі бетін, мұрнын, мойнын сүрту.
- Сүлгі мен сол тәртіпте емделушінің беті мен мойынын құрғатып
сүрту.
- Жаялық пен клеенканы алып, залалсыздандыруға жіберу.
- Емделушіге ыңғайланып жатуға көмектесу.Өзін жақсы сезінетіндігіне
көз жеткізу.
Науқастың төсек-орнын ауыстыру
Әзірле:
таза төсеніш жинағы;
халат, орамал, резеңке қолғап;
клеенка қап (лас киімге арналған)
Іс әрекеттері алгоритмі:
1. Жайманы көлденең тәсілмен орау.
2. Науқас бас бөлімін, кеудесін көтеруін өтінеміз (немесе көмектесеміз).
3. Жастықтың тысын алу.
4. Лас жайманы орау, бастан белге дейін.
5. Жайманы матрац үстіне тегістеп саламыз.Жастықты орнына қою.
Науқасты жатқызамыз.
6. Науқастың жамбасын және аяғын көтеріп, лас жайма алу, содан соң таза
жайманы тегіс күйінде жаю, шеттерін матрац астына жіберу.
7. Науқастың төсекте ыңғайлы орналасуын бақылау.
8. Көрпенің тысын ауыстыру, науқасты жабу.
9. Клеенка қапқа лас төсеніштерді салу.
10. Қолғапты шешу, қолды жуу, кептіру.
Ескерту: лас төсеніштірді бөлімшеде сақтауға болмайды.
Науқастың тері күтімі және денесін ылғалдап сүрту
Мақсаты: терінің тазалығын сақтау, оның қалыпты қызметін қалыптастыру
Әзірле: клеенка, жайма, лоток, жылы су, 10% камфора спирті, үлкен салфетка немесе сүлгі, ауыстыратын төсеніш, киімдер, қайшы, медициналық
қолғап
Іс әрекет алгоритмі:
Күнделікті таңертеңгілік және кешкілік жыныс мүшелерін тазарту.
Күнделікті қызарған жерлерді жуып, құрғатып сүрту.
Ылғалданған шүберекпен сүртер алдында науқастың астына клеенка мен жайма төсеу.
Лотокқа жылы су құю.
Емделушінің денесінің жоғарғы бөлігін жалаңаштау.
Салфетканы немесе сүлгінің кішкене бөлігін суға малып алып сәл сығу.
Емделушінің денесін төменгі реттілігімен сүрту: бетін, мойын, қолдарын, арқасын.
Сүлгінің құрғақ бөлігімен жоғарыдағы реттілікпен науқас денесін сүрту, жайма жабу.
Осы тәртіппен емделушінің ішін, санын аяқтарын сүрту.
Емделуші төсеніштерін және киімдерін ауыстыру.
Емделушінің ыңғайлы жатқанына көзді жеткізу.
Пайдаланған заттарды залалсыздандыру.
Ескерту: Аптасын 1 рет душ немесе ванна қабылдау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |