Тіс тіндерінің гистогенезі мазмұны 1 Тарау. Тістердің дамуы және құрылымы



Pdf көрінісі
бет19/49
Дата02.10.2024
өлшемі1.76 Mb.
#504231
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49
id174798

1.22. Сурет.Астыңғы жақтың екінші үлкен азу тісі: а — вестибулярля 
беті; б — оральді беті; в — бүйір беті; д — окклюзиялық беті; г — 
көлденең кесінді; 
е — тігінен кесінді; 
АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ ҮШІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ ( 1.23 сурет) 
Тіс сауыты 
Тіс астыңғы жақтың ақыл тісі деп аталады. Тіс сауыты бірінші 
және екінші азу тістергі қарағанда аздап кішілеу. Сауыт пішіні 
куб тәріздес. Окклюзиялық бетінде 4-5 төмпешік орналасады. 
Тіс қуысы Тіс қуысы толықтай сауыт пішінін қайталайды. Қуыс табанында 
өзек сағалары орналасады. 
Нұсқалар 
Окклюзиялық бетінде 3 тен 6 ға дейін және одон көп 
төмпешіктер орналасуы мүмкін. Тіс қуысы пішін және көлемі 
жағынан сауыт параметріне сәйкес келмеуі мүмкін. 
Тіс түбірі 
Түбірі екеу. Сауыты үлкен бола тұра түбірлері қысқа, бір- біріне 
жақын орналасады. 
Тіс 
түбірінің 
өзегі 
Үш өзегі болады— екеуі алдыңғы түбірде ал біреуі артқы 
түбірде орналасады.
Нұсқалар Түбірлері кейде бірігіп кетеді. Екі өзек болуы мүмкін. 


1.23.Сурет.Астыңғы жақтың үшінші үлкен азу тіс: а — вестибулярлы 
беті; б — оральді беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д, е —
тігінен кесінді; ж — көлденең кесінді; 
1.5. ТІС ҰЛПАСЫ. 
Тіс ұлпасы (pulpa dentis-пульпа зуба) әр түрлі жасушалық 
элементтерден, жасушааралық заттардан, қан тамырларынан, нерв 
талшықтарынан, рецепторлық аппараттан тұратын күрделі дәнекертіндік 
ағза болып табылады. 
Ұлпа тістің сыртқы анатомиялық пішінін қайталайды да сауыт және түбір 
ұлпасы болып бөлінеді. Тіс сауытында ұлпа шайнау бетінің рельефіне 
сәйкес келетін биіктік құрайды. Бір түбірлі тістерде тістің сауыт ұлпасы 
еркін түбір ұлпасына ауысады да түбір өзегіне 2-3 мм енеді. Түбір ұлпасы 
сауыт ұлпасына қарағанда тығыздау және құрамында капиллярлар, нерв 
талшықтары бар. Түбір ұлпасы түбір ұшы тесігі арқылы периодонтпен 
жалғасады. 
Ұлпа қызметі: 
• пластикалық қызметі — одонтобластардың қызметі әсерінен екіншілік 
дентинді тұрақты құрылуына қатысуы; 


• трофикалық қызметі — одонтобластар мен қантамырлардың болуы 
әсерінен дентинді сұйықтықпен қамтамасыздық етуі; 
• сенсорлық қызметі — ұлпа құрамында нерв талшықтарының көп болуы
• қорғау және құру, түзелу қызметі — үшіншілік дентиннің, зақымдануға 
қабыну ретінде жауап беру, гуморальді және жасушалық реакцияның 
түзелу; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет