М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік
университеті
«Көлсай көлдері» МҰТП аумағында
этномәдени туризмді дамыту
жолдары
Тобы: ГПОЖ-22-1
Орындаған: Әлібекова М.
Қабылдаған: Тажиева Т.
Конференция мақсаты:
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи парк
аумағындағы этномәдени туризмді дамыту
жолдарын қарастыру барысындағы жалпы
территорияға жаңа мүмкіндіктер беру шараларын
ұйымдастыру.
Конференция міндеттері:
-туризм саласындағы
дамыту жолдарының
жаңа әдістерін
қалыптастыру;
-дамыту
жолдарындарындағы
келер мәселелерді
шешу;
-мәселелерді
талқылау және
шараларды қабылдау.
Көлсай көлдері- мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі мемлекеттік
мекемесі Қазақстан
Республикасы үкіметінің 2007
жыл 7 ақпандағы № 88
қаулысымен құрылды.
Ұлттық парк аумағы біркелкі
массивтен құрылған Алматы
облысының Талғар және
Райымбек территориясында
орналасқан. Көлсай өзенінің
ағымында үш көл орналасқан:
Жоғарғы Көлсай, Ортаңғы
Көлсай, Төменгі Көлсай.
Көлсай көлдеріндегі туризм саласы.
Сұлулығына көз тоймас ғажап, табиғаты шексіз, әсем де көрікті көл бүгінгі таңда Алматы облысындағы ең танымал
ұлттық парк болып саналатыны сөзсіз. Себебі өзіміз де біліп тұрғандай бұл мекен-теңдессіз демалыс орны
Мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғана емес, шетелдерден де демалушылар көптеп келуде. Көлсай, Қайыңды
көлін көрем деушілер саны күннен күнге артпаса, кемуде емес.
Жаз айларында мұнда туристер өте көп келеді. Көлсайдың маңайында біраз саябақтар мен бұрынғы орман
шарушылығынан қалған нысандар бар. Осылардың барлығы жөндеу жұмыстарынан өтіп, туристерге қолайлы жағдай
жасалған болатын.
Жалпы, қазіргі күні ұлттық саябақта жүргізілетін туризм түрі бұл-экотуризм.Туризм саласының бұл түрі тек осы саябақта
ғана емес, Қазақстан аумағы бойынша барлық жерлерде үлкен сұраныс алуда және де экотуризм дәл қазіргі сәтте
даму жолындағы үлкен сатыларға жетіп отыр.
Бірақ ескеретін жайт, экотуризм қанша дегенмен де маңызы зор қажетті дүниенің бірі болғанымен, басқа да туризм
түрлерін ұмытпаған жөн. Сол себепті, ендігі қарастырылатын мәселе- этномәдени туризмді дамыту жолдарын
қарастыру.
Дамыту жолдары
Шаралар:
• Жаз айларында туристердің көп келуіне орай, біз өз мәдениетіміз бен салт-
дәстүрімізді көрсету ретінде қонақ күтуге арналған киіз үйлерді тігіп қоямыз. Бірақ
олар шектеулі болып келген сон, менің ойымша, қаражат бөліп киіз үй санын
арттыру қажет.
• Туристерді қызықтыратындай түрлі ұсыныстар, жарнамалар ұсыну. Яғни, мысалы
біз өзіміздің әдет-ғұрыптарымызды дәріптейтіндей, мәдени шараларды,
конкурстарды өткізуге болады деп есептеймін
• Көлсай көліндегі Қайыңды деп аталатын шағын шатқалында Қайыңды көлі
кездеседі және де менің ойымша бұл көл этномәдени туризм дамытудыдың нағыз
таптырмас жолы. Өйткені мысалға алсақ, керемет табиғаты,су астынан шығып
тұрған қарағай ағаштары ерекше әдемілікке ие, осы арқылы біз қызмет сапасын
көтеріп, туристерге жаңа мәдени, тарихи мәнге ие турларды жасап, халықты
қызықтыру керек.
Қорытынды
Жалпы, Бүгінгі күнде Көлсай және Қайыңды бағыттары бойынша 20-ға тарта
туристік фирма ұлттық паркпен бірлескен келісімдер негізінде демалушыларды
жеткізумен айналысады. Этномәдени туризм кен мүмкiндiктер бередi.
Бiрiншiден, этникалык мәдениет жергiлiктi және аймактык денгейде белсендi
дамуына, екiншiден, этникалык топтар тарихына баягыда кымытылып кеткен
дәстүрлердi кайта енгiзуге мүмкіндік береді. «Көлсай көлдері» мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі бүгінде жабайы туризмді түп-тамырымен жойып, жергілікті
тұрғындар үшін де, келушілер үшін де, мәдениетті демалысты қамтамасыз ету
шараларын іске асыруда. Қазір бұл өлкенің суы да, балығы да, орман тоғайы да
мемлекет қорғауында. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, туризм дегеніміз –
мемлекеттің қазынасына мол қаржы әкелетін сала. Ебін тапқан өзге елдер осы
саланың арқасында жан бағып отыр. Біз байлығымыз жетеді деп, бөркімізді
аспанға атқанымызбен, туризм саласы әлі ақсап тұр. Сол үшін өзгелерге қарай
отырып, өзіміздің туризмнің деңгейін көтермесек, біріншіден, елге келетін
қаржыдан айырыламыз, екіншіден, отандастарымыз сыртта демалуды тоқтатпай,
мемлекеттің қаржысы өзге елдердің қоржынына түсе беретін болады.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |