Тобы: Құқықтану-207 дот Қабылдаған: Бердыбаев Е. М ақтөбе, 2022



Дата16.02.2023
өлшемі15.17 Kb.
#469625
9 АПТА КЫЛМЫСТЫК ПРОЦЕСС

    Бұл бет үшін навигация:
  • Тобы

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Экономика және құқық факультеті

ОСӨЖ
Тақырып: «тергеу іс әрекеттері және жауап алу беттестіру»

Тобы: Құқықтану-207 дот
Қабылдаған: Бердыбаев Е.М

Ақтөбе, 2022
Жауап алу дегеніміз заңда көрсетілген тергеу және сот әрекеті. Ол арқылы жасалған қылмыстың мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтер алынып, олар қылмысты ашуға пайдаланылады. Іс жүргізу жағдайына байланысты жауап беретін адамнан жауап алудың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда: жәбірленушіден, сезікті адамнан, куәден, айыпкерден жауап алу деп, бұл тергеу әрекеті төрт түрге бөлінеді. Кімнен жауап алынса да ол қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі тиіс.
Жауап алғанда қылмысты оқиғаға қатысты мынандай мәліметтер:
Қылмыстың болған уақыты, оның орны, амаләдісі, қылмысты кімдердің жасағаны, оған қанша адамның қатысқаны, істеген қылмыстың зардабы, залалы, сипаты мен мөлшері және қылмысты оқиғаның басқа да мән жайлары аанықталады. Бұлар заңда көрсетілген, міндетті түрде дәлелдеуге тиісті жағдайлар, қылмысты оқиғаға тікелей қатысы бар деректі мәліметтер. Сондай-ақ, жауап алу арқылы тікелей қылмысты оқиғаға қатысы жоқ, бірақ қылмысты ашуға керекті аралық мәліметтер де алынады.
Жәбірленушінің, куәнің жауаптары істегі басқа деректерді нақтылап, тергеушінің, соттың оқиғаның мән жайына толық қанығып, тиісті шешім қабылдауына зор септігін тигізеді.
Жауаптың қалыптасу кезеңдері.
Жауап алушы — тергеуші әр куәден, жәбірленушіден қандай көлемде және қандай мәлімет алуға болатынын білу үшін, жауаптың куәнің, жәбірленушінің ойында қалыптасу ерекшеліктерін есепке алуы керек.
Жауаптың қалыптасу процес бірнеше кезеңнен құралады. Бірінші кезең- оқиғаны, не істің басқа бір мән жайын қабылдау ( көру, есту), екінші — осы қабылдап алған мәліметті ойда сақтау, үшінші — осы мәліметтерді есіне түсіріп, тергеушіге айтып жеткізу қабілеті.
Болған оқиғаны қабылдап алу, оқиғаға қатысты мәліметтердің толық қабылдануы белгілі бір себептерге байланысты. Бұл себептер обьективті және субьективті болып екі топқа бөлінеді. Обьективті себептер — көруге, естуге бөгет болатын жағдайлар, субьективті — есту, көру мүшелерінің қабілеті. Қабылдауға обьективті түрде бөгет болатын себептер оқиғаны шұғыл, қысыл таяң уақытта қабылдау жарықтың көріну жағдайының нашар болуы, қатты шудан нашар естілу, болып жатқан оқиғаны алыстан көру, ауа- райының жаман болуы, қар не жауын жауып тұрғанда оқиғаны қабылдау, осының бәрі оқиғаны толық және анық көріп, естіп қабылдауына бөгет жасайды, оқиға жөніндегі ақпараттың толықтығына, сапасына кері әсер етеді. Сондықтан жауап алғанда тергеуші осы ссебептерді ескеруі шарт.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет