Тоғыз селолық округі әкімі А. Ж. Жақановтың 2013 жылдың 9 айының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және алға қойылған міндеттері туралы есебі



Дата03.07.2016
өлшемі38.71 Kb.
#175728
Тоғыз селолық округі әкімі А.Ж.Жақановтың 2013 жылдың 9 айының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және алға қойылған міндеттері» туралы есебі.

Елбасының 2013 жылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» атты Жолдаудағы белгіленген бағыттары мен тапсырмалар селолық округте қоғамның қай саласында да жүзеге асырылуда.

Тоғыз селолық округі 8 елді мекеннен құралған. Барлық Халық саны бойынша 1297 адам,258 үй бар.Тоғыз селолық округіне қарасты жер көлемі - 372 419 га.

Ауыл шаруашылығы

Селолық округте 4 шаруа қожолығы бар.Негізінен шаруа қожалықтары мал өсірумен,мал басын көбейтумен, мал өнімдерін өндіру және мал тұқымын асылдандыру жұмысымен айналысады.

2013 жылдың қазан айының аяғында төлін қоса есептегенде МІҚ -2144 бас, қой-ешкі-3229 бас, жылқы-883 бас, түйе-796 басқа жетті. Өндірілген өнім:ет- 2414 цн, сиыр сүті- 6980 цн, түйе сүті – 378 цн, қой жүні -41 цн, түйе жүні-27цн өндірілді.

2013жылғы мал төлдету науқаны бойынша осы маусым айының аяғында: бұзау-764 бас, қозы-лақ – 1420 бас, құлын-236 бас, бота-135 бас төл алынды.

Ветеринарлық профилактикалық іс шаралар жоспарды түрде жүргізіліп отырады.

«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы ауыл 1 кәсіпкер 2,0 млн теңге несие алып мал басын көбейту мақсатында жылқы малын сатып алды. Тағы бір қожалық «Шалқар жайлауы» НС арқылы 6,0 млн теңге несие алып жылқы малының басын көбейтуге жұмыстар жүргізуде. Биылғы мал қыстату науқанына 82500 цн шөп дайындалып, жоспар 116 % артық орындалды. Мал азығын дайындау науқанында округте 7 бригада жұмыс жасап, 50 адам маусымдық жұмыспен қамтылды.


Кәсіпкерлікті дамыту бойынша:

2013 жылдың 9 айында округ бойынша 4 жеке кәсіпкер, 1 селолық тұтыну коопертиві жұмыс жасайды. Оның 1-еуі монша, 3 кәсіпкер сауда-саттықпен айналысады. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында халыққа түсінік жұмыстары жүргізіліп отырады.



Міндеттер

  1. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жұмысты жалғастыру

  2. 2014 жылға жаңа кәсіпкерлік нысандарын ашу


Білім беру және спорт саласы

Үстіміздегі оқу жылында округтегі 1 орта мектепте және 3 бастауыш мектепте жалпы саны - 214 бала білім алуда. Орта мектеп жанындағы интернатта 31 бала тәрбиеленуде. Барлық мектеп ағымдағы жөндеуден өткізілді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бала бақша және интернат үйлерінің төбесі толық алмастырылып жөнделді және үнемделген қаржымен мектеп маңы қоршаулары жаңартылды. №7 орта мектепке 500 мың теңге тұратын жылу қазандығымен жаңартылды.

Биылғы жылы округте ІV аудандық ауыл жастары спартакиадасының аймақтық жарысы өткізілді. Бұл спартакиадада округ командасы 3 орынды иеленді. «Нұр Отан» ХДП бастамасымен өткізілген «Қазақстан барысы» турнирінің аудандық жарысында 2 жігітіміз жеңімпаз атанып облыстық жарыста 1 жігітіміз жеңімпаз атанды.

Міндеттер

1.Оқушылардың білім сапасын көтеру

2.Орта мектеп жанынан спортзал салуға, спорт құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

Денсаулық сақтау

Округте 5 медициналық пункт жұмыс жасайды. 9 айда 136 адам жүрек-қан тамырлары бойынша скрингтік тексеруден өтті. Флюра тексеруден тұрғындар толық тексерілді. 0-7 жасқа дейінгі балаларға сырқатына қарай дәрігерлік тексерулер жүргізіліп тегін дәрі-дәрмектер әкілініп таратылды. «Денсаулық» күніне орай округте спорттық іс-шаралар өткізілді.



Міндеттер

Материалдық-техникалық базасын одан әрі толықтыру

Салауатты өмір салтын насихаттау
Мәдениет

Округте 1 клуб, 3 кітапхана жұмыс жасайды. Бұл кітапханаларда 9000-ға жуық кітап қоры бар. Мерекелік атаулы күндері күндерде Жаңа жыл, 8 наурыз, 22 наурыз, 9 мамыр Жеңіс күні, 30 тамыз конститутция күні, 1 қазан қарттар күні мерекелерінде мерекелік іс-шаралар, түрлі концертер ұйымдастырылады.


Әлеуметтік қорғау

«Мектепке жол» акциясы бойынша 2013-2014 оқу жылына қабылданған 1-сынып оқушыларына оқу құралдарын сыйлап, аз қамтылған екі отбасы мүшесіне ақшалай көмек берілді. 2 қазан Мүгедектер күніне орай 1 балаға сый-сияпат жасалды. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 2 бала Ақтөбе ауыл шаруашылық колледжіне оқуға кетті. Және осы бағдарлама бойынша 3 адам әлеуметтік жұмысқа тартылды.



Міндеттер

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жұмысты жалғастыру


Көркейе бер туған жер

Биылғы жылы акция аясында 2013 жылғы түлектер 100 000 теңгеге мектепке жазу тақталарын алып берді. Ауыл азаматтары Маханов Өтеген 50 000 теңге, Жадырасынов Бөгенбай 25 000 теңге, Меңдібаев Қанжарбай 20 000 теңге, Боранқұлов Нұрғазы 20 000 теңге ақшалай үлестерін қосты. Ауылымыздан шыққан азамат Аймағанбетов Алдаберген жанұясының атынан мектепке және әкімшілікке жалпы құны 100 000 теңге тұратын 2 дана принтер, сканер, ксерокс сыйлады. Және тағы бір азамат Орынбасаров Манас мектепке құны 130 000 теңге тұратын интернет құралын сыйлады.


Қоршаған орта

Ауылды абаттандару, санитарлық тазалау мен көгалдандыру- округтің басты міндеттерінің бірі.

123,0 мың теңге тазалық жұмысына бөлініп СТК «Айыртау» жұмыс істеуде

Ауылымызды көркейту абаттандыру мақсатында аудан бюджетінен 263 мың теңге бөлініп Ақтөбе қаласындағы «Шабыт»дизайн орталығына аударылып түрлі көрнекіліктер жасалынуда.

65 мың теңге көгалдандыру мақсатында тәжрибе стансасына аударылып жас көшеттер әкелініп отырғызылды.

Міндеттер

Санитарлық тазалау, көгалдандыру бойынша жұмысты жалғастыру


Округтегі осы атқарылған жұмыстарды одан әрі жалғастыру және әлі шешімі табылмаған мәселелерді шешуге жұмыстар жүргізіле береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет