Тоқырауды тудырған толқу
Қазыналы қарашаңырақ
Горбачевтың қайта құруы мен елді демократияландыруы кеиін ғалымдардың дәлелдеп жазғанындай экономикалық тұрғыда қуатталмаған процесс болды. Бір жағынан қоғамдағы кемшіліктер ашық сыналып, тұтас ел бір үлкен саяси аренаға айналды. 1989 жылы жаңадан сайланған Жоғарғы кеңестің бірінші және одан кейінгі сессиялары үлкен дау-дамай үстінде өтіп жатты. Газеттерде сталиндік-брежневтік әкімшіл-әміршіл жүйе әшкерелене бастады. Репрессия жылдары туралы ақтандықтар ашылып, арыстарымыздың аттары қайта оралды.
Бірақ та үзақ жылдарға созылған тоқырау халықтың әлеуметтік жағдайын діңкелетті. Дүкендерде азық-түліктің болмауы, ең қажетті түрмыстық заттардың «номенклатура» мен сауда саласындағы адамдар арасында бөліске түсуі баршаға мәлім еді. Қазақстанда желтоқсан көтерілісін басып-жаншу және кейін партияның Орталық комитеті жариялаған «қазақ ұлтшылдығымен» күрес саяси бағыттағы уақытша жеңіс еді. Енді халықтың көзі ашылып, ашықтан ашық экономикалық талаптар қойды, әлеуметтік әділетсіздікті жоюды та-лап ете бастады.
Алғашқы болып бас көтерген шахтерлер еді. Қарағанды бассейнінде «Тентек», Костенко және КСРО-ның 50-жылдығы атындағы шахта-ларда талаптары орындалмаған кен-шілер қыр үстіне шықпай ашаршы-лық жариялауды шығарды. Мүндай қыр көрсету ол кезде шектен шық-қан қылық оолып есептелетін. Осын-дай оқиға 1989 жылғы шілде айының басында «Киров» шахтасындағы Е.Кәрімов басқаратын №2 учаскеде де қайталанды. Саясат алдыңғы қатарда қойылған елде экономика құлдыраи бастады. Сөитіп кеншілер өндірген көмір өтпей жатты. Вагон-дардың жоқтығынан жүмысшылар жер астында бос отыратын болды. Шахтерлер түнгі ауысымға қосым-ша төлем енгізуді, көтерме сыйлық-тарды, материалдық ынталандыру-ды ер ужымның сіңірген еңбегіне сай бөлуді талап етті.
Төтенше оқиға шахта директоры И.Любимов пен кемір бірлестігі бзс-шыларын, оның бас директоры Н.Дрижді аяқтарынан тік түрғызды. «Қарағанды шахталарында жекеле-ген учаскелер коллективтерінің жер астынан шықпай жатып алып, Дрижд жолдасты тізе бүктіруге мәжбүр ету фактілері жиіледі. Сондықтан да ол бүгінде: қандай талап болса да жер үстінде қойыңыздар, өз баста-рыңызды қатерге байламаңыздар дегенді нығарлап айтатын болды. Несі бар, бірлестік басшысының жағ-дәйын түсінуге болады. Алайда осы-нау «ереуіл» деген сөзді айтуға тіліміз оралмай-ақ түр. Өйткені бұл үғымды біздің беріміз патшалық Рос-сияға, немесе бүтіндей капиталистік дүниеге қатысты ғана қолданып үйренгенбіз. Енді кеншілердің көкей-кесті елеуметтік жағдайлары сөз-бүйдаға түсіп, жылдар сілемінде қордаланып, жүмысшылар ең ауыр тәуекелге бара бастағанда басшы жолдастар жер бетіндегі ереуілге зәру болып отыр. «Шындығында ғажаиыпқүбылыс!» депжазды «Ор-талық Қазақстан» газетінің тілшісі С.Алпысов өзінің «Кеншілер наразы-лығы неге күшейіп барады?» деген мақаласында («Орталық Қазақстан», 8 шілде 1989 жылы).
Газет осы мақалада шахта мен бірлестік басшыларының кенші-лердің талаптарын орындаудағы қыңырлығын сынға алды. Алаида га~ зет дабылынан, кеншілердің наразы-лықтарынан басшылар қорытынды шығарған жоқ, қүлақтарына да ілмеді. Үшқыннам жалын лаулайды дегендей, көп үзамай бассейнде жап-пай ереуіл бүрқ етті. 1989 жылғы 20 шілде күні Кузбасс пен Донбасс шахтерлерінің ереуілін қолдай отырып, «Тентек», «Долинка», КСРО 50-жылдығы атындағы, «Абай» шахта-ларының жүмысшылары жүмысты тоқтатып, еңбекті үйымдастыру мен ақы төлеуді жетілдіру, түрмыс пен демалыс жағдайын жақсарту жөнінде бірқатар талап қойды. Ертеңіне ереуіл бірлестіктің барлық шахталарына та-рады. Қарағанды, Абай, Саран және Шахтинск қалаларының көшелерінде көп адам қатысқан митингілер оолып өтті.
Ереуіл кезінде шахтерлер тарапы-нан қалалық, облыстық ереуіл коми-теттері (кейін жүмысшы комитеттері) қүрылып, олар кеншілердің негізгі та-лаптарын үсынды.
Сол күндердегі оқиғаларды жергілікті газеттер майданнан түскен мәліметтей жедел жариялап отырды. Мәселен, 21 шілде күні сағат 14-те об-лыстық партия комитетінің бюро мүшелері мен ереуіл комитеті мүше-лерінің кездесуі болып өткен. Кезде-суде митингілерде көтерілген мәсе-лелер талқыланды. Мәжіліске КСРО Көмір өнеркәсібі министрінің орынба-сары А.Пухтеев, Қазақ КСР Мини-стрлер кеңесі төрағасының орынба-сары К.Байкенов қатысты. Сол мәжі-лісте әрбір қала кеншілерінің дербес талаптары пысықталып, ортақ талап оны шешу үшін жоғары орындарға жіберілетін болып келісілді. Ереуілші-лердің сұрақтарына жауап беру үшін бұқаралық жиналыстар өткізілді. Оларда бблыстық партия комитетінің хатшылары А.Ібжанов - Шахтинскіде, Қ.Сүлтанов - Абайда, А.Иванов - Са-ранда жауап қайтарды. Қарағандыда ереуілшілер арасына сөз сөйлеуге шыққан облыстық партия комитетінің сол кездегі бірінші хатшысы В.Локо-тунинді шахтерлер тыңдағысы да келмеді.
Міне осьіндай аса күрделі жағдай-да сағат 21-де Қарағандыға Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Н.д.Назарбаев Мәс-кеуде өтіп жатқан КСРО Жоғары кеңесінің сессиясынан тікелей үшып келіп Октябрь революциясының 50-жылдығы атындағы алаңға жиналған-дармен кездесті, ереуілшілердің елеуметтік-экономикалық салада қалыптасқан жайсыз мәселелерді қоз-ғаған сан алуан сауалдарына жауап қайтарды. Кеншілер жақында ғана Республика басшысы болып сайланған Нүрсүлтан Әбішүлын мүқият тыңда-ды. Оның сабырлылыққа шақырған сөзін, кеншілер талаптарын талқылау үшін үзіліс жариялау жөніндегі үсыны-сын түсіністікпен қабылдады. Талап-тарды талқылауға сол түні Қараған-дыға арнайы келген КСРО Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары В. До-гужиев және жоғарыда аталған лауа-зым иелері қатысты.
Қарағандылық кеншілер қойған талап-тілектерді талқылау о сағатқа созылды. Соған қарамастан алаңға жиналғандар түні бойы тарқамай тал-қылау қорытындысын күтті. Айта кету керек, олар таң атқанша шыдамды-лық көрсетіп, қоғамдық тәртіптің сақ-талуына өздері бас-көз болып, жай-сыз қылықтарға жол бермеді.
22 шілде күнгі таңғы сағат 6.30-да одақтық министрліктер, респуб-лика, облыс басшылары, ереуіл комитетінің жетекшілері алаңға қай-та келіп, кеншілер талаптарының бар-лық тармақтарын тағы бір егжей-тегжейлі сарапқа салды. Жергілікті өкімет органдарына қатысты мәселелердің дереу шешілетіндігі ереуілшілерге хабардар етілді. Ал жоғары жақ шешетін мәселелердің ебден зерттеліп, лысықталып барып жүзеге асырылатындығы айтылды.
Сонымен 47 тармақтан түратын талаптар облыстық ереуіл комитеті мен Қазақстан КП Орталық комитетінің, КСРО Министрлер кеңесінің, КСРО Көмір өнеркәсібі министрлігінің және ВЦСПС-тің ко-миссиясы арасындағы келісілген ша-ралардың хаттамасында көрініс тап-ты. Оның орындалысы облыстық баспасөзде ауық-ауық жарияланып түрды. КСРО Министрлер кеңесінің 03.08.1989 ж. №608 қаулысымен, т.б. шешімдермен 1989ж. қазан ай-ына дейін талаптардың жүмыс ерекшелігіне байланысты қосымша ақы төлеу, 30% белдеулік коэффи-циент белгілеу, басқару аппаратын қысқарту, жоспардан тыс пайданың 70%-н кесіпорын қарамағына қалды-ру, медицина қызметін жақсарту жөніндегі және т.б. барлығы 25 та-лабы орындалды. Басқа талаптар жаңадан дайындалып жатқан заңдар-дың жобасына енгізілді. Ереуілшілер сенім көрсетпегендіктен «Қараған-дыкөмір» өндірістік бірлестігінің бас директоры Н.Дрижд қызметінен босатылып, баламалы 5 кандидату-радан КСРО Мемлекеттік сыйлығы-ның лауреаты А.Саламатин бас ди-ректор болып сайланды («Қараған-ды. Қарағанды облысы» энциклопе-диясы, А.; 1990, 611-бет).
Мәскеудің кадр саясаты да күл-парша болды. Жергілікті жердің ерекшеліктерін, халқының дәстүрін, адамдарын білмейтін сырттан келген басшының халық арасында беделі жоқ екендігін осы жолы тағы бір дәленденді. Сондықтан 1989 жылғы 6 қазанда облыстық партия коми-тетінің пленумында В.Локотунин бірінші хатшы міндетінен босатылды. Пленум болар алдында Қарағандыға Орталық комитеттің бірінші хатшы-сы Н.Ә.Назарбаевтың өзі келіп, об-лыс орталығында, Теміртауда кез-десулер еткізді. Обкомның бірінші хатшысы лауазымына балама канди-датуралар үсынылды. Бірінші хатшы болып республика Министрлер кеңесі төрағасының 1-орынбасары Е.Башмаков сайланды.
Қарағанды кеншілердің ереуілі Қазақстанда желтоқсан оқиғасынан кейінгі екінші ірі елеуметтік дүмпу болды.
Аман ЖАНҒОЖИН, Ермағамбет ЛҮҚПАН.
СУРЕТТЕ: Н.НАЗАРБАЕВ
ереуілге қатысушылар алдында сөз сөйлеп түр (1989ж.)
Достарыңызбен бөлісу: |