Толқындық функция. Шредингер теңдеуі



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата24.09.2023
өлшемі275.87 Kb.
#478465
  1   2   3
9 лекция. Толқындық функция



Толқындық функция. Шредингер теңдеуі 
 

Бөлшектердің қозғалысын кванттық механикада бейнелеу 
ерекшеліктері 

Толқындық функцияның ықтималдық мағынасы 

Толқындық функцияның қасиеттері 

Кванттық күйлердің суперпозиция принципі 

Шредингер теңдеуі 
1. 
Де Бройль гипотезасы бойынша қозғалыстағы бөлшек 
толқындық қасиеттерге ие және осы қасиеттерді, егер 
бөлшектердің де Бройльдық λ
б
толқын ұзындығы бөлшек 
қозғалатын аймаққа тән L мөлшерімен шамалас немесе одан үлкен 
λ
б 
≥L болса, онда ескермеуге болмайды. Бағалау бойынша, λ
б
≥L 
шарты 
мөлшерлері 
атомдардың 
мөлшерлерімен 
шамалас 
аймақтарда қозғалатын массалары кіші бөлшектер үшін 
орындалады. Осындай бөлшектер микробөлшектер деп аталады. 
Толқындық қасиеттерге ие микробөлшектің классикалық 
механикадағыдай қозғалысын бейнелеу үшін бөлшек күйін оның 
әрбір уақыт мезетінде берілген кеңістік координаттары және 
жылдамдығымен 
(импульсымен) 
анықтауға 
болмайды. 
Классикалық механикада, егер қайсыбір уақыт мезетінде дененің 
(материалдық нүктенің) тұрған орны және жылдамдығы белгілі 
болса, онда дене қалай қозғалатынын қозғалыс теңдеуі көмегімен 
дәл анықтауға болады. Басқаша айтқанда берілген координаталар 
мен жылдамдық дененің күйін анықтайды. Осы жағдайда 
бөлшектің қозғалысы уақыт бойынша оның механикалық күйінің 
өзгерісімен байланысқан, ал күйлердің үздіксіз ауысуы бөлшектің 
белгілі траектория бойынша қозғалысына сай келеді. 
Микробөлшекте 
толқындық 
қасиеттердің 
болуынан, 
микробөлшектің координаттары мен импульсын бірдей дәл 
анықтау мүмкін болмайды. Бұл Гейзенбергтің анықталмағандықтар 
қатынастарынан 
келіп 
шығады. 
Демек, 
микробөлшектің 
механикалық күйі классикалық жолмен берілуі мүмкін емес, ал 
микробөлшектің қозғалыс траекториясы жайындағы көріністі оның 
қозғалысын бейнелеу үшін негізінде қолдануға болмайды. 
Кванттық механика толқындық қасиетке ие бөлшектердің 
қозғалысын бейнелейді, және ол классикалық механикаға 
қарағанда ең жалпы физикалық теория болып табылады. Бірақта, 


λ
б
≥L шарты орындалатын, бөлшектің толқындық қасиеттерін 
ескермеуге 
болатын 
жағдайда, 
кванттық 
механиканың 
қортындылары классикалық механиканың нәтижелерімен дәл келуі 
тиіс. 
Кез-келген физикалық теория сияқты кванттық механика да 
кейбір постулаттарға негізделеді. Осы постулаттардың дұрыстығын 
кванттық механиканың болжауларын бөлшектердің толқындық 
қасиеттері ескерілетін эксперимент нәтижелерімен салыстырып 
растауға болады. 
Кванттық механиканың бірінші постулаты: бөлшектің күйі
кванттық механикада кеңістіктік координаттар және уақыттың 
функциясы болып табылатын 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет