Тоо кызылорда оқу орталығЫ «аsu kz» «Ішкі аурулар» пәнінен



бет9/53
Дата11.02.2023
өлшемі1.75 Mb.
#469407
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53
Методичка ДЫХ каз

Клиникасы: алғашқыда жедел түрде, қалтыраудан басталады, t°  - 39 – 40°С, қызба тұрақты. Жөтелген кезде ауырғандық зақымдалған жағында күшейеді, демікпе мазалайды. Науқас «тотық» түстес қақырықты (эритроциттер пайда болады) тастайды.
t – 7 – 12 күнге дейін тұрады, кейін бірден түседі (кризис) немесе жаймен түседі (лизис).
Қарағанда – беті қызарады, ерні мен мұрны көгереді, ентікпе, тынысы үстірт, тыныс алуы – 30 – 40 минутына. Ұшық ерін мен құлаққа шығады. Зақымданған бөлігі тыныс алуда қалып қояды. Пульс жиі - 100 – 120 рет минутына соғады.
Аурудың бастапқы кезенінде перкуторлы тимпаникалық дыбыс болады, кейін ол бәсеңдейді;
Аускультацияда - әлсіз везикулярлы тыныс, ылғалды сырыл және алғашқы үнді крепитация (crepitatio indux) естіледі.
Аурудың шешілу сатысында экссудат сұйықталады, ауа қайтадан альвеолаларға өтеді. Қатаңдау крепитация естіледі – бұл дыбыс альвеол қабырғалары бір – біреуінен ажырау кезінде пайда болады (crepitatio rеdux);
Бронхофония – күшейген.
Қанда – лейкоцитоз (15 – 20 * 109 /л ), ЭТЖ  .
Қақырықта - эритроциттер, лейкоциттер, альвеолды клеткалар, макрофаг және кокктар көбейеді.
Rграфия – алғашқыда өкпе суреті күшейеді, 1 – 2 күннен кейін қарайған ошақтар, ең соңында қабынған бөліктің көлеміне сәйкес келетін бірқалыпты (гомогенді) қарайғандықты көруге болады. 1-3 аптадан кейін R суреті қайта қалпына келеді.


Крупозды пневмонияның асқынулары:

  1. іріңді экссудативтік плеврит; 4. менингит;

  2. өкпе іріңдігі; 5. жедел нефрит;

  3. миокардит; 6. ателектаз.



Емі: стационарлы

  1. төсек режимі, басын жоғары көтеріп жатқызу; тағамы жартылай сұйық, жеңіл сіңірілетін, витаминді сусындар (сок, мин. су, шай) болу керек;

  2. антибиотиктер

    • пенициллиндер тобы – пенициллин, ампициллин, амоксициллин

    • макролидтер тобы – эритромицин, олететрин (тетраолеан), рокситромицин (рулид), суммамед (азитромицин);

    • цефалоспориндер тобы – цефазолин (кефзол, цефамезин), цефалексин, клафоран;

    • аминогликозидтер тобы – стрептомицин, канамицин;

  3. биостимуляторлар (ыдырататын дәрілер – алоэ, ФИБС, әйнекті дене);

  4. қақырық түсіретін және жөтелге қарсы дәрілер;

  5. оңқа, қыша қағазын қою;

  6. физиотерапия (УВЧ, диатермия, электрофорез, индуктотермия, бронхолитиктермен ингаляция);

  7. тыныштандырушы (седативті) – бром, валериана;

  8. оттегі терапия;

  9. коллапс кезінде (АҚ тез түседі) – камфора, кордиамин, кофеин, мезатон, норадреналин;

  10. тыныс алу жүйесіне арналған жаттығулар (ЛФК);

  11. қабынуға қарсы препараттар – аспирин, бутадион;

  12. бронх спазмасын жою үшін – атропин, адреналин, эуфиллин;

  13. иммунитетті көтеру үшін (иммуномодуляторлар)– пирогенал, бетин, анабол, тимозин, тималин, тимоген, тактивин, интерферон, левамизол.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет