Топырақтану оқулық


Қазақстанның жазық территориялардың көлденең зоналық топырақтары



бет121/140
Дата22.11.2023
өлшемі6.35 Mb.
#484110
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   140
Топырақтану

Қазақстанның жазық территориялардың көлденең зоналық топырақтары


Қазақстанның жазық алқаптарында климаттың, топырақтың терістіктен оңтүстікке қарай өзгеруі табиғаттың көлденең зоналық заңына бағынса, таулы алқаптардағы топырақ, климат жағдайларының тау етегінен, таудың биік шыңына қарай өзгеруі табиғаттың тік зоналық заңына бағынады. Енді біз Қазақстан тер- риториясында кездесетін зоналық топырақтардың қысқаша сипатта- масына жəне бұл топырақтарды ауыл шаруашылығында пайдалану мəселелеріне тоқталамыз.



  1. Республиканың қиыр терістігінде біраз территорияны жеткілікті ылғалданған орманды-далалы зонаша алып жатыр. Бұл зонашада ауадан түсетін ылғалдың орташа жылдық мөлшері 330-350 мм, жерден буланатын ылғалдың мөлшерімен шамалас,

ылғалдану коэффициенті бірге жуық. Жер беті жазық, ойпатты келеді, сондықтан бұл аймақта ылғалды-шалғынды топырақтар көп таралған, негізінен шайылған орманның сұр топырағы мен шалғынды қара топырағы жəне сілтісізденген қара топырақтар кездеседі. Топырақтың беткі қабатындағы қара шірінді мөлшері 8-9%. Зонаша негізінен Батыс Сібір ойпатында орналасқан. Мұнда суарылмайтын егіншілік дамыған, негізінен жаздық бидай егіледі. Картоп, көкөністер өсіріледі, етті-сүтті мал шаруашылығы дамыған. Егістікке жарамды жерлердің барлығы түгелдей игерілген. Қалған жерлері орман, шабындық пен жайылым үшін пайдаланылады. Қазақстан территориясында бұл зонаша не бары 0,4 млн (республи- ка жерінің 0,2%) гектар, зонаның негізгі бөлігі, терістіктегі Ресей жерінде.

  1. Осы зонашадан оңтүстікке қарай байтақ қара топырақты да- лалы зона жатады. Өзінің топырағы мен климаттық жағдайына қарай бұл зона екі зонашаға бөлінеді. Бұл аймақтың біразы Батыс- Сібір ойпатында жатыр. Солтүстік Қазақстан облысының көпшілік жері, Қостанай, Павлодар облыстарының терістік жағы, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік шеттері осы зонада орналасқан. Ылғал көбінесе күз жəне қыс ай- ларында түседі, ал мамыр мен шілде аралығы біршама құрғақ бо- лады. Егістік өніміне əсер ететін қатты құрғақшылық бұл аймақта сирек қайталанады. Оның топырақтары мен топырақ зонаның Батыс Сібір провинциясында кəдімгі қара топырақ жəне оңтүстіктің қара топырағы кездесетді.

Егістікке жарамды жерлердің бəрі жыртылған. Бұл аймақта негізінен суарылмайтын астық егіледі. Дегенмен, сортаң, сорланған топырақтар жəне комплексті учаскелер күрделі мелиорациялауды, ал жыртылған жерлер фосформен тыңайтуды қажет етеді. Бұл зонаның көлемі – 25,4 млн гектар, яғни республика жерінің 9%-ға жуығы. Бұл алқаптың көп жері 1954-1958 жылдары тың игеру кезінде астықты дақылдар үшін жыртылды.

  1. Кəдімгі топырақты зонаша республиканың 11,7 млн гекта- рын, яғни барлық жерлердің 4,3%-ын алып жатыр. Ауадан түсетін ылғал 300-330 мм. Негізгі топырақтары – кəдімгі ортагумусты қара топырақтар. Топырақ қарашіріндісінің мөлшері беткі 0-10 см қабатын- да 7-8%, табиғи күйінде құнарлы топырақтар. Егістік өніміне əсер ететін құрғақшылық орта есеппен он жылда бір рет қайталанады.

  2. Оңтүстік қаратопырақты зонаның көлемі 13,7 млн гектар, рес- публика жерлерінің 5,1%-ы. Ауадан түсетін ылғал жылына 280-300 мм, оның жылы уақытта түсетіні 150-180 мм. Топырақтардың басым бөлігі азгумусты қара топырақтар. Топырақтың беткі қабатындағы қарашірінді мөлшері 4-6%. Топырақтар жамылғысында сортаңдан- ған, əктенген топырақтар түрлері басымырақ кездеседі. Егістік өніміне əсер ететін құрғақшылық он жылда 2-3 рет қайталанады.

4,5) Қара топырақты далалы зонаның оңтүстігінде Қазақстан ба- тысынан шығысына қарай-Шығыс Қазақстан облысына дейін созы- лып құрғақ жəне шөлді-далалы қара қоңыр топырақты зона жатыр. Оның көлемі 90,4 млн гектардай, яғни бұрынғы КСРО-дағы мұндай зонаның 70% жерін қамтиды. Бұл аймақта Павлодар облысының көп жері, Солтүстік Қазақстан облысының батыс жағынан біраз бөлігі, Қостанай, Ақмола облыстарының көпшілік жері, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының көп жерлері орналасқан.
6) Шөлді-далалы зонаша солтүстіктегі далалы аймақ пен оңтүстіктегі шөлді аймақтың аралығында жатыр. Сондықтан бұл зо- нашада солтүстіктегі далалы зона мен оңтүстіктегі шөлді зонаның табиғи ерекшеліктері кездеседі. Климаттың құрғақ болуына байла- нысты мұнда өсетін шөптердің түрлері аз, əрі сирек. Топырақтың құнарлылығы кем, əсіресе, оның құрамындағы қарашірік аз, топырақ түсі ашық қара-қоңыр, көбінесе сортаңданған. Ауадан түсетін ылғал мөлшері жылына орташа есеппен, 180-210 мм-ақ, бұл егістің өнімді шығуын қамтамасыз ете алмайды.
7,8) Жартылай шөлді зонашаның оңтүстігін кең алқапты шөл зонасы алып жатыр. Бұл зонада Батыс Қазақстан облысының біраз жері, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары түгелімен, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының біраз жерлері, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым көпшілік жерлері орналасқан. Бұл алқапта ауадан түсетін ылғал мөлшері өте аз. Ылғалдану коэффициенті 0,1-0,05-ке шейін кемиді. Жылына түсетін ылғалдың мөлшері 80-150 мм-дей. Үсіксіз уақыттың ұзақтығы 170-220 күнге жетеді. Күні бұлтсыз, ыстық, 100- дан жоғары болатын күндердің температура қосындысы Түркістан маңында 4700 градусқа жетеді. Бұл аймақ нағыз шөлдің өзі. Жерге тек ерте көктем мен күздің соңғы айларында ылғал түседі. Сондықтан өсімдік тіршілігіне екі биологиялық тыныштық кезең өтеді, оның
біріншісі қыстың суық, екіншісі, жаздың құрғақ кезінде болады. Өсімдіктер мен табиғаттың осындай қысымшылығына бейімделген. Онда: сирек шығатын бұташалар, жусан жəне кейбір сортаңданған, сорланған топырақтарға бейімделген шөптер өседі. Өсімдік си- рек шығатындықтан, олардың топырақта қалдыратын қалдықтары да мардымсыз. Сондықтан топырақта қарашірік аз, оның мөлшері топырақтың беткі қабатында не бары 1-1,5%. Осының салдарынан топырақ түсі бозғылт тартып, өзін түзген тау жынысына ұқсайды. Бұл зона екі: а) сор шөпті жусан өсетін құба топырақтар, терістік шөл; б) жусанды сор шөптер өсетін сұр құба топырақтар, орталық шөл болып зонаға бөлінеді. Сонымен қатар екі зонашада, əсіресе, соңғысында тақыр түсті топырақтар мен тақырлар, үйме құмдар жəне сорланғар жерлер көптеп кездеседі.
Аймақ негізінен мал жайылымына қолайлы. Мұнда тек суар- малы егістіктен ғана өнім алынады. Өзен бойларында орналасқан тақыртүстес топырақтар күріш егуге ыңғайлы. Топырақ құнарлылығы аз болғандықтан, суарған кезде азотты, фосфорлы жəне органикалық тыңайтқыштарды қолдану керек. Шөл аймағы Қазақстандағы ең мол жерді алып жатыр. Оның көлемі 119 млн гектар, яғни республика территориясының 44%-ға жуығы. Жалпы жартылай шөл мен шөл зо- наларын сипаттай келіп, ол алқаптарды өнімсіз, құнарсыз деп айтуға əсте болмайды. Өйткені осы жердің ыстығына бейім, сорланған топырақтарда өсетін сор шөптерді қой малы, оның ішінде қаракөл қойлары, «шөл кемесі» атанған түйе малдары сүйсіне жейді. Ал мұнда қолдан су беріп, мелиорация шараларын қолданған кезде, шөлдің ұзақ күнін ұнататын кейбір қымбатты дақылдар, суға да қанығып мол өнімдер береді. Дегенмен осыған қарап, барлық шөл жерлерді бау- бақшаға айналдыруға болады деген қиялға берілмеген абзал. Себебі қоғам үшін шөлдер шөл күйінде де қажет. Табиғатта бір жер шөл болып бірін-бірі толықтыратын, бірін-бірі теңгеретін заңдылық.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет