Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
Оқылым 2-тапсырма Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында. Патша кедейге неліктен таңғалды? А) жұмбақтап айтқан жауабына В) жалданып еңбек ететіндігіне С) еңбек ақысының тым аздығына егістік жердің өзгенікі екендігіне Мәтіннің негізгі ойына сәйкес болатын мәтелді анықта. Не ексең соны орасың. Қанағат қарын тойғызар. Еңбегі көптің өнбегі көп. Ханда қырық кісінің ақылы бар. Мәтінге ат қой. _____________________________________________________________ 1-абзацтағы «лира» деген сөз қандай мағынаны білдіреді? ________________________ Егінші ақшасының бір бөлігін ата- анасына беретінін қалай жұмбақтап айтты? _________________________________________________________________________ Мәтіннің соңғы бөлімінен патшаның шаруаға жасаған жақсылығын білдіретін сөйлемді тауып, көшіріп жаз. ______________________________________________________________ [6] Балл қою кестесі
Жазылым 3-тапсырма Оқыған мәтінге сүйеніп, диаграммаға егіншіні сипаттайтын сөздерді жаз. Сол сөздерді қолданып, егіншіге жазбаша мінездеме бер.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады. Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады. Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады. Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет. Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек. жүктеу/скачать 0.54 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |