Балл қою кестесі
Тыңдалым, оқылым
Тапсырма
|
Жауабы
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
Тыңдалым
|
1
|
Ұл баланы қалай тәрбиелеген?
еңбексүйгіш, жауынгер, әнші, күйші, аңшы, құсбегі – бесаспап азамат етіп, тәрбиелеуді мақсат еткен; өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген; бес жасынан бастап, ат жалын тартып, мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, теріден, темірден түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлігіне баулыған; шаруаның алуан тәсілдерін үйретіп баққан; ұлттық ойындарға үйреткен.
Қыз баланы қалай өсірген?
жасынан-ақ қарияның алдынан аттатпай өсіреді; жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуға тәрбиелеген.
|
2
|
Осы жауаптардың кез келгені дұрыс жауапқа қабылданады
|
2
|
a
|
1
|
Осы жауаптарға жуық жауаптар қабылданады
|
3
|
теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, сайыс, көкпар, күрес
|
1
|
Кем дегенде екі ойынды көрсетуі қабылданады
|
4
|
a
|
1
|
|
Оқылым
|
1
|
a
|
1
|
|
2
|
a, c
b, d
|
1
1
|
Әрбір мәтінге екі сәйкестік үшін 1 балдан
|
3
|
d
|
1
|
4
|
Адамзат пен жануар әлемінің заңы басқа және ол тоғыспайды
Табиғаттағы тағылық заңы, адам мен жан-жануар арасындағы шекараны бұзбау
|
1
|
Осы жауапқа жуық жауаптар қабылданады
|
Жазылым
Балл
|
Мазмұны
|
Тіл сапасы
|
5
|
Өте жақсы
Жауап толық, нақты негізделген және өте жақсы суреттелген; қарапайым және күрделі идеяларды тиімді ашады.
Эссенің құрылымы мен жазылуы жоғары деңгейде, негізгі және қорытынды бөлімдері нақты жазылған; келтірілген аргументтері байланысқан және мазмұнын ашады.
|
Өте жақсы
Сабақтас құрмалас сөйлемдерді дұрыс және сәйкес келтіріп жазған, сөздік қоры мол, стильдік қолданысы өте дұрыс.
Нақты және жүйелі, елеусіз қателері бар.
|
4
|
Жақсы
Көптеген түрлі мысалдар мен сілтемелерді қолданған жауап; қарапайым және кейбір күрделі идеяларды ашады.
Жалпы эссенің идеясында логикалық дамуы жақсы жазылған; аргументтерді қолдануы мен қорытынды жасау қабілеті көрінеді.
|
Жақсы
Грамматикалық формаларды көбіне сәйкесінше жақсы қолданады; түрлі лексикалық минимумды қолдануға тырысады, сөздік қоры жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.
Жалпы нақты, елеусіз қателері ақпарат беруге кедергі келтірмейді.
|
3
|
Қанағаттанарлық
Жауапта бірнеше мысалдар келтірілген, бірақ барлық жағдайда негізді емес; қарапайым идеяларды ашқанымен, суреттеуі аз.
Эссе дұрыс жазылған, бірақ кей кезде аргументтері логикалық жағынан дамытылмаған.
|
Қанағаттанарлық
Қарапайым грамматикалық формалар мен күнделікті лексикалық минимумды қолданады; сөздік қоры жеткілікті, стильдік қолданысы көп жағдайда дұрыс.
Көбіне нақты; қателері бар, бірақ ақпарат беруге кедергі келтірмейді.
|
2
|
Төмен
Негізгі тақырыпты ашуға тырысады, бірақ көптеген қателіктер мен сәйкессіздіктер кездеседі; тек қарапайым идеяларды ашады.
Эссенің құрылымы шектеулі, аргументтері дамымаған.
|
Төмен
Сөздік қоры шектеулі, жай сөйлемдерді қолданады; қайталаулар көп, сөздік қоры мен стильдік қолданысы жеткіліксіз.
Орфография мен негізгі грамматикалық формалар қате қолданылған; мағынасы кейде түсініксіз.
|
1
|
Өте төмен
Жауап түсініксіз, тақырыпқа байланысты сілтемелер аз; сұраққа жауап бермеді.
Эссенің құрылымы мен аргументтерді қолдануы төмен деңгейде; идеялары жүйесіз.
|
Өте төмен
Тек қарапайым сөйлемдер мен шектеулі сөздік қорды қолданады; көп құрылымдары аяқталмаған және қате.
Көптеген қателіктер жіберген, түсінуге қиындық келтіреді.
|
0
|
Жауап жоқ
|
Жауап жоқ
|
Айтылым
Балл
|
Негізгі ойды ашуы (5 балл)
|
Сөз қолданысы (5 балл)
|
5
|
Өте жақсы
Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді.
|
Өте жақсы
Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
|
4
|
Жақсы
Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді.
|
Жақсы
Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.
|
3
|
Қанағаттанарлық
Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын
ойланып береді, ойын орынды жеткізеді.
|
Қанағаттанарлық
Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.
Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.
|
2
|
Төмен
Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.
|
Төмен
Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.
Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.
|
1
|
Өте төмен
Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі.
|
Өте төмен
Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.
Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |