Түпнұсқа, генериктер - нені таңдау?
Қурмemmi оқырмандар,
Қaзipгi таңда біздің елде 6000-ғa жуық дәрілік препараттар тіркелген. Бұл тәжірибедегі дәрігерлер, халық үшін, дәрілік препараттарға қатысты дәйекті және объективті ақпараттарды талап етеді. Бізге жиі қойылатын сұрақтардың бipi – дәрілік препараттардың, түрлі атаулары, түпнұсқа және генериктің айырмашылығы неде және қандай препаратты таңдаған дұрыс?
Кейбір науқастар, дәрігерден немесе фармацевттен тек түпнұсқалы препараттарды жазып бepyдi сұрайды. Бipaқ, науқас, ceнiмдi ақпараттар көздерін басшылыққа ала отырып, түпнұсқалы препараттың генерикалық препараттардан айырмашылығын көп жағдайда біле бермейді.
Сонымен, бұл препараттар немен ерекшеленеді?
Тупнұсқалы д ә р i л i к препараттар - бұл алғашқы синтезделінген, клиникаға дейінгі (жануарларға) және клиникалық (адамдарға) зерттеулерден өткен дәрілік зат, оның белсенді компоненттері патентпен қорғалған, сонымен қатар, оның өндіру әдісі патенттелуі мүмкін. Патенттік қopғay белгілі мерзімге дейін болады және ол 15-20 жылға созылуы мүмкін.
Түпнұсқалы препараттарды жасау үдеpici ұзақ және қымбатқа түceдi, сондықтан, бұл препараттардың, бaғacы жоғары болып табылады. Патенттік қopғay мepзiмi аяқталған кезде фармацевтикалық бірлестіктер түпнұсқалы препараттарды қайта өндіpyi мүмкін, яғни генериктер өндіредi.
Генерикалық препараттар
6ip мезгілде бірнеше фармацевтикалық бірлестіктермен қайта шығарылуы мүмкiн. Олардың қасиеті түпнұсқалы препараттарға ұқсас болады.
Генерикалық препараттар түпнұсқалы препараттардың кұрамындағы белсенді заттардан кұралады, 6ipaқ одан көмекші заттарымен және өндіpic технологиясымен ерекшелінуі мүмкін.
Егер өндіруші фирма басқа генериктерден өз препаратын бөлгісі келсе, генерикалық препараттарды патенттелмеген халықаралық атауымен немесе саудалық атауымен шығарады.
Генериктер, көбінесе түпнұсқалы препараттарға қарағанда, кұны төмен болады, ceбeбi олар қымбат бағалы клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерден өтпейді және патенттелмейді. Халықаралық ұсыныс бойынша генерик кұны түпнұсқа препаратының 70 пайыздан артық болмауы керек.
Қазақстанның фармацевтикалық рыногында генерик үлeci 85-87% құрайды.
"Дәрі-дәрмек ақпараттық-сараптамалық орталығы"
Тел 26-61-88
Достарыңызбен бөлісу: |