V тарау. Жаңа уақыт мәдениетіндегі Батыс Еуропа философиясы



бет1/4
Дата19.05.2022
өлшемі22.59 Kb.
#457461
  1   2   3   4
Нурд

V тарау. Жаңа уақыт мәдениетіндегі Батыс Еуропа философиясы




Кiрiспе сөз


ХVII ғ. бастап Батыс Еуропа топырағында капиталистiк қатынастар қарқынды дами бастайды. Жалпы алғанда, қоғамның әлеуметтiк- экономикалық, саяси ахуалы, қоғам мен табиғатты танып-бiлу қажеттiктерi философия саласында болмыстық мәселелерден гөрi, ғылымды дамыту қажеттiктерi жаңа ұйымдардың, мекемелердiң пайда болуына себеп болады. Оларды сонау Платонның заманынан келе жатқан «академия» деген сөзбен атай бастайды. 1560 жылы Неаполь қаласында «Табиғат құпиясын зерттеу академиясы», осы кезде Англи- яда «Лондондағы корольдық қоғам», Парижде «Жаратылыстану ака- демиясы» құрылды. Бұл академиялардан тәрбие алған Роберт Бойль қазiргi физика мен химия ғылымдарының алғашқы кiрпiштерiн қалаған, Исаак Ньютон механика ғылымының негiздерiн жасаған, Христиан Гюйгенс алғашқы маятниктi, сағатты ойлап шығарған т.с.с. тұлғаларды айтып өтуге болар едi.


Бұл уақытта жаратылыстану саласында алға озып шыққан механика
ғылымы болды. Оның негiзгi себебi – өндiргiш күштердi дамыту, жаңа машиналар мен неше түрлi механизмдердi жасау қажеттiктерi болатын. Әрине, жаратылыстану саласындағы мұндай күрделi өзгерiстер филосо- фия саласына зор әсерiн тигiзiп, материализм ағымының механистiк түрiн тудырды. Ол Қайта өрлеу заманында дүниеге келген органистiк материализмдi ауыстырды.
Ғылым Құдайға қарсы емес, керiсiнше, ол табиғаттың терең заңдылықтарын ашып, Жаратушының құдiреттiлiгiн көрсетедi деген пiкiр кеңiнен таратылады. Мiнеки, осындай қайшылықты жол Жаңа дәуiрдегi философияны тудырып, оны ары қарай дамытады. Ендi нақтылы түрде соған назарымызды аударайық.


Ф.Бэкон – Жаңа дәуiрдегi философияның алғашқы өкiлi. Ағылшын философы Френсис Бэкон (1561-1626 жж.) – сол кездегi ақсүйектер тобынан шыққан, Кембридж университетiнде бiлiм алып, соңынан саясатпен, дипломатиялық жұмыспен айналысқан тұлға. Оның мемлекеттiк қызметте жеткен шыңы – ол 1618 ж. ең жоғарғы лорд- канцлерлiк – әкiмшiлiк орынға ие болады. Король Яков I оған Верлуам деген жердегi үлкен қорғанды сыйға тартып, «Верлуам лорды» деген атақ бередi. Алайда саясатта тұрақтылық жоқ, сондықтан жүре келе, ол бұл саладан кетуге мәжбүр болады. Ендi оның философиямен айналы- суына жол ашылады.


Ф.софия.
Тарих ғылымын Ф.Бэкон екiге бөледi. Олар – жаратылыстану тарихы (historia naturalis), екiншiсi – азаматтық тарих (historia civilis). .




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет