Түркі сәулет өнерінде түркілердің көшпелі өмір салты, жайлау мен қыстау, қала мен ауыл тұрмысы, арба жасау, қала құрылысы және қамал салу мәдениеті, қалаларда көше салу, базар мен дүкен орындарының таңдалуы, жол мен керуен сарайлардың
Түркі сәулет өнерінде түркілердің көшпелі өмір салты, жайлау мен қыстау, қала мен ауыл тұрмысы, арба жасау, қала құрылысы және қамал салу мәдениеті, қалаларда көше салу, базар мен дүкен орындарының таңдалуы, жол мен керуен сарайлардың, почта (мәлімет жеткізу) бекеттерінің салынуы, уақыт пен жылдың есептелуі, географиялық бағыттардың белгіленуі, шатырлар мен үйлердің тігілуі, отбасының құрылымы мен отаулардың жекелей шаңырақ көтеруі бәрі-бәрі моральдық өлшемдерге сәйкес болды. Баспананың салынуы, үй мен тұрмыс құрылысының барлық талаптарына сай болуы, есік, терезе, шаңырақ,қабырға секілді үй бөлшектерінің ұлттық ою-өрнектерменбезендірілуі, тұтастай сәулетшілік мәдениеті, монша ментазалық мәдениеті, құдық, бұлақ, хауыз және жасанды сутоғандарының, суғару желісінің салынуы, тоқымашылық(қалы кілем, алаша, киіз, ши төсеніш…), осы секілді киім, төсекжәне әшекей мәдениетінің барлық ерекшеліктері, үйжиһаздарының (сәкі, үстел, зат салуға арналған қапшықтар, сандық, сөре, әбдіре, шырақ, шам, сөмке…) жасалуы, кең салалы шаруашылық (егіншілік, малшылық, бау-бақша өсіру, бал арасын өсіру шаруашылығы…) мәдениеті, табиғатқа деген көзқарас, жыл мезгілдеріне бейімделу мәдениеті, азық дайындау, ас үй және тамақ мәдениеті, елтаңба мен ту мәдениеті, армия мен әскер мәдениеті, мемлекет, қоғам және отбасының моральдық негіздері, халықтың музыкалық аспаптары және көркем өнер ұғымының дамуы кешенді түрде және өзіндік ерекшеліктеріне қарай танылып, қалыптасқан сайын жалпы түркі мәдениетінің архитектоникасы егжей-тегжейлі көз алдымызға келеді. Әлбетте, бұл жүйе ішінде өркениет өмірінің негізгі көрсеткіші мен ең басты құндылығы ретінде қала құрылысы мен сәулет өнері маңызды орын алады. Көне түркі және Қытай деректерінде Көктүрік империясының астанасы Өтүкен қаласының аты аталып, ол түркілердің «киелі жұрты» ретінде құрметтеледі. Бірақ «шатырлардан сарайларға» қарай жылжыған түркі суперэтносының пассионар ру-тайпалары Еуразияның орталық белдеулерінің бойында тұрақты түрде қоныстанып, кейіннен Кавказ бен Анадолы да, Таяу және Орта Шығыста саяси биліктерге қол жеткізуімен қатар отырықшы тұрмыс пен өркениетті даму салтының маңызды бір белгісі ретінде қала құрылысы мен сәулет өнері де, сөзсіз, түркі мәдениетінің міндетті бөлшегіне айналды. Түркі мемлекеттері мен империялары пайда болып, кеңейген сайын олардың экономикалық мәдениеті де формасын өзгертіп, көшпелі малшылықтан қала саудасы мен сәулетшілік бағытында дамыған. Түркілер өте еңбекқор болған. Тарихтың ешбір кезеңінде ашаршылыққа ұрынбаған, өздерін асырау үшін қажетті шаруашылық мәдениеті болған. Тарихи түркі империяларының гүлденген дәуірлерінде мемлекет пен армияны сақтау үшін жеткілікті дәрежеде экономикалық әлеует қалыптастырылып, түркі қалалары Бұхара, Самарқанд, Тебриз, Гянджа, Исфахан, Ыстанбұл, сондай-ақ, бір кездері Агра, Бағдат және тағы да басқа қалалар өз елдерінің ғана емес, жалпы әлемнің сауда, ғылым және мәдениет орталықтарына айналды.
Әсіресе, Ұлы Жібек жолы бойында және онымен шекаралас аймақтарда өмір сүрген түркі халықтарының мәдениеті әрі әмбебап, әрі әр түрлі сапада даму мүмкіндіктеріне ие болды. Бұл жолдың Қытай-Орталық, Азия – Кавказ Жерорта теңізі аймағын бірлестірген тарихи бағыты негізінен, түркі мемлекеттері мен империяларының территориясынан өткендіктен, олардың қалалары тез дамып, үлкейді, классикалық шығыс сәулет өнерінің барлық ерекшеліктерін ішінде қамтыған керуен сарай кешендерімен толығып, халықаралық сауданың өзіне тән ерекшеліктерін игерді.