Целиноград ауданының әкімдігінің қаулысы Ақмол ауылы № а-1/9 2012 жылы 10 қаңтар



Дата03.07.2016
өлшемі34.5 Kb.
#174838


Целиноград ауданының әкімдігінің қаулысы
Ақмол ауылы № А-1/9 2012 жылы 10 қаңтар


Целиноград ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Занының 7 бабының 5-2 тармағына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Целиноград ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Б.А. Жанбаевқа жүктелсін.

3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Целиноград ауданының әкімі М. Жунусов

(нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 03.02.2012 жылы № 1-17-164 тіркелген)





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет