Түркі тілдер тобы үндіевропа тілдерінен кейінгі ең ірі топ. Оған мына тілдер жатады



Дата23.04.2023
өлшемі16.43 Kb.
#472627

Дүние жүзіндегі барлық тілдер шығу тегінің бірлігіне, материалдық туыстығына, біртектестігіне қарай әр түрлі тілдік топтарға бөлініп топтастырылады. Түркі тілдері өзара туыстас тілдер деген ұғым олардың бір негізден, яғни жалпы-түркілік бір негізден тарағанын білдіреді. Генеологиялық, яғни туыстық белгілері бойынша (тілдердің лексикасында ортақ немесе ұқсастығы, т.б.) дүние жүзіндегі тілдер үндіевропа тілдері, семит-хамит тілдері, кавказ тілдері, қытай-тибет тілдері болып бөлінеді.
Түркі тілдер тобы – үндіевропа тілдерінен кейінгі ең ірі топ. Оған мына тілдер жатады:

1. Алтай тілі 2. Әзірбайжан тілі 3. Башқұрт тілі 4. Балқан түркілерінің тілі 5. Гагауз тілі 6. Қазақ тілі 7. Қарайым тілі 8. Қарақалпақ тілі 9. Қарачай-балқар тілі 10. Қарачай тілі 11. Қырым татарларының тілі 12. Қырғыз тілі 13. Құмық тілі

14. Тува тілі 15. Өзбек тілі 16. Татар тілі 17. Түрік тілі 18. Түркімен тілі 19. Тува тілі 20. Тофа тілі 21. Ұйғыр тілі 22. Чуваш тілі 23. Чулым тілі 24. Шор тілі 25. Хакас тілі 26. Якут тілі

Түркі тілдері өз ішінен бірнеше топқа бөлінеді. Мысалы, қазақ, ноғай, қарақалпақ тілдері түркі тілдерінің қыпшақ-ноғай тобына енсе, әзірбайжан тілі мен түрік тілі оғыз-сельджук тобына енеді. Қазақ тілінің өзге топтағы әзірбайжан, түрік тілдеріне қарағанда өзімен бір топқа енетін қарақалпақ, ноғай тілдерімен ортақ белгілері мол (қазақша – тіс, тістер; қарақалпақша – тис, тислер; ноғайша – тис, тислер; әзірбайжанша – диш, дишләр; өзбекше – тиш, тишләр). Қазақ тілі – құрылымдық ұқсастығы (морфологиялық белгілері), яғни типологиялық жіктеу бойынша жалғамалы тілдер тобына жатады. Тіл білімінде оны агглютинативті тілдер деп атайды. Агглютинативті (жалғамалы) тілдердің қатарына түркі тілдері, моңғол тілдері, угро-фин тілдері жатады. Мұның мәнісі мынада: түркі тілдерінде орыс, араб т.б. тілдердегі секілді сөз басынан, сөз ортасынан қосылатын қосымшалар (приставка, предлог, префикс, инфикс) жоқ, қосымшалардың барлығы түбірге бірінен кейін бірі жалғанады.
Түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінің алатын орны ерекше. Қазақ тілінің түркі тілдер тобындағы өзге тілдерден ең негізгі ерекшеліктерінің бірі – үндестік заңының болуы. Қазақ тілінде қосымшалар сөздің соңғы буынының жуын-жіңішкелігіне қарай үндесіп, үйлесіп не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып жалғанады. Осы себептен де өткен ғасырдағы орыс миссионерлері қазақ тілінің әсемдігі мен әуезділігі жөнінде тамсана жазған болар. Және сөздің соңғы дыбысының әуеніне қарай жалғанатын қосымшаның да басқы дыбысы түрленіп, өзгеріп отырады. Сол секілді өзге түркі тілдерінде алты, якут тілінде тоғыз септік болса, қазақ тілінде жеті септік бар. Қазақ тіліндегі көмектес септіктің білдіретін грамматикалық мағынасы өзге түркі тілдерінде септеулік шылаулар білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет