4.Қорытынды
Қорытындылай келсек, жаратылыстық ғылымдарға физика, химия және биологиядан басқа да, мысалы, кешенді сипаттары бар геология, география және астрономия да жатады. Біз осының ішінде астрономияға тоқталып кеттік, оның философиялық мәселелеріне сараптама жасап кеттік. Астрономия алғашқы және ежелгі ғылымдардың бірі. Шынында да, бұл біздің кім екенімізді, қайда және бізді қоршап тұрған орта туралы сұрақтарды меңзейді. Астрономияның маңызы бізді қоршаған әлемді тануда аса үлкен болып табылады. Философия астрономиядан бұрын пайда болғаны бізге мәлім. Қарапайым тілмен айтсақ, ол астрономияны зерттеудің негізін қалады. Әлем туралы білім аспан нысандарын зерттеу арқылы өтті. Кез-келген дәуірдегі адамдардың дүниетанымы космологиялық мифология мен философиямен байланысты. Астрономияның көптеген сұрақтары мен міндеттері ғарышқа қатысты ғылыми идеялар мен теорияларға әкелді.
Гуманитарий ғылымдарының ішіндегі ең белгілі сала ол тіл. Тіл және философияның арасында үлкен байланыс бар. Тіл білімінің философиямен бірлігі ежелгі замандардан басталады. Тіл мәселелерімен айналысушылардың басым көпшілігі философтар немесе әрі философ, әрі тіл ғалымдары болды. Осы магистрант жұмысымдызда, біз тілдің қалай пайда болғанын философиялық тұрғыдан зерттеп, сараптама жасадық. Тілдің шығуы туралы көптеген көзқарастар, ой-пікірлер мен жорамал теориялардың бар екенін байқадық.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Достарыңызбен бөлісу: |