Тұрсынбекұлы Данияр э.ғ. м., Қ. И. Сатпаев ат. ҚазҰту оқытушысы Абдуллин Рустем Жомартович э.ғ. м., Қ. И. Сатпаев ат. ҚазҰту оқытушысы



Дата16.06.2016
өлшемі114.21 Kb.
#138669
Тұрсынбекұлы Данияр - э.ғ.м., Қ.И. Сатпаев ат. ҚазҰТУ оқытушысы

Абдуллин Рустем Жомартович - э.ғ.м., Қ.И. Сатпаев ат. ҚазҰТУ оқытушысы
АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазіргі таңдағы төлем жүйесі қаржылық және операциондық құрамдаушылардың өзара қатынастарына байланысты жұмыс жасайтын өте күрделі механизм болып табылады. Экономикада пайда болып жатқан алуан түрлі операцияларды жүргізу қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті әртүрлі құрылымдар бар. Бірақ, банктер әрқашанда есеп айырысу процесінің ортасында болды, өйткені, банкаралық аударымдар және соның ішінде, ОБ-те сақталушы депозиттерді аудару бастапқы төлемдер бойынша есеп айырысуды қамтамасыз етеді.

Банктер арқылы жасалатын ақшалай төлемдер мен есеп айырысулар қоғамдағы экономикалық қатынастардың іс жүзінде барлық түрін жүзеге асырады. Есеп айырысулар қолма-қол ақша көмегімен де және қолма-қолсыз жолмен де жүргізіле алады. Экономиканы реформалау кезеңдерінде шаруашылық механизмінің іскерлігін жоғарылатудың негізгі шарттарының бірі – елдің қолма-қол емес ақша айналымын басқаруды әрі қарай жетілдіру болып табылады.

Бірақ, ең алдымен, қолма-қолсыз ақша айналымын қарастыруға көшпестен бұрын, қолма-қол ақша айналымының мәнін зерттеу қажет, өйткені, қолма-қолсыз ақша айналымы оның құрамдас бөлігі болып табылады. Банк шаруашылығы үшін базалық болып табылатын ақша айналымы сияқты түсінікке экономикалық әдебиеттерде бірмәнді және барлығымен мақұлданған трактовка жоқ.

Қайта құрылу кезеңдерi басталғанға дейiн «ақша айналымы» және «ақша айналысы» түсiнiктерi нақты жеке дараланып ерекшелендi. Ақша айналысы түсiнiгi тек қана қолма-қол ақшалар қозғалысын бiлдiредi. Ақша айналымы қолма-қол және қолма-қолсыз айналымдарын да бейнелей отыра кеңiрек ұғымды бiлдiредi. Тауарлар айналымы, қызметтер көрсетiлу мен төлемдер жүргiзу процестерiнде, сонымен қатар кәсiпорындар мен қаржы-несиелiк мекемелер арасында қолма-қол ақшалардың қозғалысы ақша айналысы болып табылады. Берілген анықтамада ақша айналысы тек кәсіпорындар мен қаржы-несиелік мекемелерді қамтыған, ақша айналымына қатысатын субъектілер толық ескерілмеген. Ақша айналымы қолма-қол және қолма-қолсыз түрдегi ақша белгiлерiнiң үздiксiз қозғалу процесiн бiлдiредi. Сонымен қатар, нарықтық экономика терминдерiнiң анықтама сөздiгiнде ақша айналысы: еңбекақы төлеу, тауарларды өткiзу, қызметтер үшiн есеп айырысу және басқа төлемдер жүргiзу процестерiндегi ақшаның үздiксiз қозғалуы - ретiнде сипатталады.

С.К.Семенов бойынша: «ақша айналысы – белгілі бір уақыт аралығындағы ақшалай төлемдер мен есеп айырысулардың сомасы», ал, «ақша айналымы – экономикадағы тауарлар мен қызметтер айналымына қызмет көрсетуші қолма-қол және қолма-қолыз ақшалардың қозғалысы».

О.Л.Рогованың пікірі бойынша «формалары әртүрлі, бірақ, мәні бірдей барлық ақшалай (сонымен бірге, қаржылық және несиелік) қатынастарды синтездейтін және өзара теңдестіретін байланыстар жүйесі - ақша айналымы» деп аталады. Ақша айналымының бұл анықтамасы оның сапалық сипаттамасына сүйенген.

Ю.Л.Савенскийдің трактовкасының негізі ретінде ақша айналымының құрылымы қолданыла отырып, ақша айналымы - қолма-қол және қолма-қол емес ақша белгілерінің үздіксіз қозғалу процесі деп анықтама беріледі.

Сондай-ақ ақша айналымы – экономикалық қатынастар субьектiлерiнiң арасындағы өзара талаптарын қанағаттандыру мақсатында ақшалардың үздiксiз қозғалу процесi. Бұл анықтамалардағы ақшаның үздiксiз қозғалысы дегенге жинақ қорлары ретiнде кезеңдер сайын айналымнан тыс қалып қоятын ақшалар бөлiгi қарсы пiкiр туғызады.

В.С.Геращенконың берген анықтамасында «ақша айналымы қолма-қол ақшалар көмегімен жүргiзiлетiн және банктердегi шоттар бойынша қолма-қолсыз аударулар жолымен жасалатын барлық есеп айырысулар жиынтығы» деп сипатталады. Бiрақ, бұл анықтама ақша айналымының көлемiн ғана сипаттап, мазмұнын толық ашпайды, ол ақша айналымы құрылымындағы ақшаның екі формасының және олардың бәсекелестігін талдау маңыздылығын көрсетеді.

Лаврушин О.И. «ақша айналымы нақты және нақсыз түрдегі ақша белгілерінің үздiксiз қозғалыс процесi» деген анықтаманы қазiргi кездегi ақша айналымының мазмұнына тән, ол айналымдағы қозғалысты әртүрлi ақшаның орнын алмастырушылары емес, ақшаның өзi жүзеге асырады деп есептейдi, сол әдебиетте көрсеткенідей ақша айналымының құрылымын әртүрлі сипаттамалар бойынша, соның ішінде, кең тараған түрі ондағы қызмет атқарушы ақша нышандарына байланысты классификациялау жолымен анықтауға болады.

Ал, қаржы-несиелiк сөздiкте ақша айналымы: ақша қозғалыста өз мәнiн көрсетедi, яғни ақшаның мәнi оның қозғалысында көрiнуi – деп сипатталады және Свиридов О.Ю. «ақша өз қозғалысында өзінің мәнiн бейнелейтiн категория» ретiнде ақша айналымына осыған ұқсас анықтама бердi . Бұл анықтамалар бойынша ақшаның мәнi оның қозғалысында көрiнетiн болса, бұл жерде қозғалмайтын ақшалар есепке алынбай қалады. Сондықтан, ақшаның мәнi оның қозғалысымен емес, олардың атқаратын функциясымен көрiнетiндiгiне көңіл бөлу қажет.

Е.Ф.Жуков қолма-қол ақша айналысы – белгiлi бiр уақыт кезеңiндегi қолма-қол формада жүзеге асырылған барлық төлемдер сомасына тең ақша айналымының бiр бөлiгi – деп анықтама бередi. Бұл айналыс негiзiнен тұрғындардың ақшалай табыстарының пайда болуымен және оларды жұмсаумен байланысты деп есептейдi. Бұл жерде назар аударатын жәйт, ақша айналысы ақшалай төлемдердiң емес, тiкелей нақты қолма-қол ақшалардың қозғалысын бiлдiруiнде болып отыр. Ақша белгiлерi қолма-қол және қолма-қолсыз болатыны белгiлi. Ақшаның айналыста немесе айналымда екендiгiн оның не айналыс құралы, не төлем құралы ретiндегi атқаратын қызметiне байланысты айырып бiлуге болады.

Сонымен, ақша айналысы дегенiмiз экономикалық қатынастар субьектiлерiнiң арасындағы банкноталар мен монеталардың орнын алмастыру процесiн сипаттайтын, тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлiнуiн бейнелейтiн, айналыс қасиетi тек қана өзiне тән нақты ақшалар және айналыс құралы немесе төлем құралы ретiндегi ақша қызметтерiн жылдам орындай алуға қабiлеттi ақша құралдарының мақсатына сай жүзеге асырылу сферасын сипаттайтын ақша айналымының бiр бөлiгi болып табылады.

Ал, ақша айналымы дегенiмiз ақша айналысын қамти отыра, экономикалық процесстiң қаржылық және қаржылық емес қатысушыларының арасындағы қоғамдық ұдайы өндiрiске қатысушы қолма-қол және қолма-қол емес ақша құралдары мен ақшаның әртүрлi орнын алмастырушыларының еңбекақы төлеу, тауарларды өткiзу, қызметтер үшiн есеп айырысу және басқа төлемдер жүргiзу мақсатында ақша құралдарының әртүрлi каналдары арқылы үздiксiз қозғалу процесi болып табылады.

Ақша айналымы – елдiң экономикалық және әлеуметтiк дамуына ықпал ету үшiн ақшаның қолдану механизмiн және ақшаның негiзгi маңызды сипаттамаларын қамтитын өте күрделi құрылым.

Ақша айналымы нақты өлшем бірлігімен өлшенбейді, ол тек ақшалай параметрлермен: ақша массасы, ақша айналысының жылдамдығымен және ақша мультипликаторымен сипатталады, бұл параметрлер нақты өлшемдермен өлшенеді. Ал, ақша айналысы – ақша бірлігімен өлшенетін нақты анықталатын түсінік.

Шын мәнінде, ақша айналымы өзінің экономикалық мазмұны бойынша ұлттық табыс пен уақытша бос ақша құралдарының бөліну және қайта бөліну құндылықтарының барлық айналымын қамтиды. Елдің сыртқы және ішкі айналымындағы қаржылық және қаржылық емес агенттері арасындағы ақшалай формадағы құнның қозғалысында делдал болатын төлемдердің орасан ағымдары жалпы өнімнің өткізілуін, Ұлттық табыстың қолданылуын және экономикадағы барлық қайта бөліну процестерін қамтамасыз етеді. Сондықтан, өндіріс пен айналыстың өсуімен қатар ақша айналымы да дамып келеді.

Ақша айналымы сияқты күрделі және қарама-қайшылықты экономикалық құбылысты зерттеу оны құрастырушы формаларын, олардың өзара байланыстары мен шарттылықтарын талдауды қажет етеді.

Ақша айналымының құрылымын әртүрлі сипаттамалар бойынша анықтауға болады. Ақша айналысы да, ақша айналымы да мынадай екі сферада көрінеді:

- қолма-қол ақшалар сферасы – банкноталармен, казынашылық билеттермен және монеталармен;

- қолма-қолсыз ақшалар сферасы – банктік депозиттермен және есеп айырысу, ағымдық, бюджеттік және басқа шоттарда төлем тапсырыстары, төлем талаптары, инкассалық тапсырмалар мен чектер, аккредитивтер, пластикалық карталар қолдану арқылы қызмет көрсетіледі.

Ақша құралдары өз құнының түр-сипатын өзгерте отыра, үздіксіз мынадай субьектілер арасында айналады: тұрғындар, кәсіпорындар мен мемлекеттік басқару органдары.

Араларында ақшалар қозғалатын субьектілерге байланысты ақша айналымының құрылымы мынадай:

- банктер арасындағы айналым (банкаралық айналым);

- банктер мен заңды және жеке тұлғалар арасындағы айналым (банктік айналым);

- заңды және жеке тұлғалар арасындағы айналым;

- заңды тұлғалар арасындағы айналым;

- жеке тұлғалар арасындағы айналым.

Ақша айналымының тағы бір белгісі – оның қандай да бір бөлігіне қызмет жасайтын қатынастар сипаттамасы болып табылады. Бұл белгісіне байланысты ақша айналымы былай бөлінеді:

- тауарлар мен қызметтер үшін және заңды және жеке тұлғалардың тауарлы емес мідеттемелері бойынша есеп айырысу қатынастарына қызмет көрсететін ақшалық-есеп айырысу айналымы;

- шаруашылықтағы несиелік қатынастарға қызмет көрсететін ақша-несиелік айналым;

- шаруашылықтағы қаржылық қатынастарға қызмет көрсететін ақшалай-қаржылық айналым.

Ақша айналымында қызмет көрсететін ақша формаларына байланысты қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар айналымдары болып бөлінетіні белгілі.

Ақша айналымы түсінігінің экономикалық мазмұны бойынша өзара байланысты оның құрылымын жасауға және анықтамалар қатарын келтіруге болады. (1-сурет)



Сурет 1. Ақша айналымының құрылымы


Қолма-қол ақша айналысы – тек қана қолма-қол ақшалармен жүргізілетін ақша айналымының бір бөлігі болып сипатталады. Бірақ, ақшалардың төлем құралы және айналыс құралы ретіндегі қызметін ескере отырып, қолма-қол ақша айналысының анықтамасын нақтылау керек деп ойлаймын.

Қолма-қол ақша айналысы – тауарлар мен қызметтердің айналуы және әртүрлі төлемдер жүргізілу процесіндегі қолма-қол ақшалар қозғалысын білдіреді. Бұл – ақшаның айналыс құралы ретінде (тұрғындардың кәсіпорындармен және рынокта есеп айырысуы, заңды тұлғалар арасында қолма-қол ақшамен есеп айырысуы және т.б.) және төлем құралы ретінде (еңбекақы, жәрдемақы, зейнетақы және т.б.) қолма-қол ақшалардың қызмет жасауының нәтижесінде пайда болатын айналыс. Ол белгілі бір уақыт кезеңінде, мысалы, ай, тоқсан немесе жылдағы қолма-қол ақшалармен жасалатын барлық төлемдерді қамтиды. Ақшалар үздіксіз қозғала отырып, шеңберлі айналыс жасайды. Қолма-қол ақшлардың үнемі қайталанушы шеңберлі айналысы, сәйкесінше, қолма-қол ақша айналысын құрайды. Мұндай сипаттама айналыстағы ақшаның санын толығырақ дұрыс анықтау және сонымен қатар, жалпы ақша айналымын басқару мен нақтырақ болжамдау қажеттілігімен пайда болды.

Қолма-қол ақшалар өзінің қолданылу процесінде бірнеше ауысулардан өтеді, яғни, айналысқа түсе отыра, сол бір ақша бірлігі бір қолдан екіншіге бірнеше рет беріледі. Ақша айналысының сипаттамалық белгілерінің бірі – бір ақша белгілерінің төлем жүргізу үшін бірнеше мәрте қолданылуы болып табылады. Шеңберлі айналыс дегеніміз ақша өзінің бастапқы қалпына қайта оралып келуін білдіреді.

Сондықтан, белгілі бір уақыт мерзімінде айналыстағы ақша массасы өзгеріссіз қала беруі мүмкін де, ал, қолма-қол ақша айналысы ақша бірлігінің айналу жылдамдығына байланысты айналыстағы ақша санынан бірнеше есеге көбейіп кетуі мүмкін.

Ақша белгілерінің айналысы олардың бір заңды немесе жеке тұлғалардан келесілеріне үнемі аударылуын білдіреді. Сол арқылы, қолма-қол ақша айналысын динамикада, ал, ақша айналымын ақшаның статистикалық қозғалысы ретінде қарастыру керек.

Экономикалық әдебиеттерде «ақша айналымы», «төлем айналымы», «ақша-төлем айналымдары» деген түсiнiктер бiр-бiрiне ұқсас деп есептелiп, бiрiн-бiрi жиi алмастырып жатады. Кеңестiк энциклопедиялық сөздiкте – «төлем айналымы – төлем құралы ретiндегi ақшалардың қызмет ететiн елдiң ақша айналымы» болып табылады . Кейбiр әдебиеттерде «төлем қызметiн атқаратын ақша құралдарының айналымы – төлемдер айналымы» деп ұқсас сипаттаған. Ал, «Қазiргi қаржылық несиелiк сөздiкте» «төлемдер айналымын қолма-қол ақшалай және қолма-қолсыз формадағы ақшалармен есеп айырысуларының жиынтығы» деп көрсеткен. Бұл анықтамаларда ақшаның атқаратын қызмет түрiн тiптен атап көрсетпеген.

Ақша айналымының үлгісі. Экономикалық-математикалық үлгілерді жасау бұрыннан кең танымал құбылыстарға, соның ішінде, белгілі бір экономикалық процестерді мемлекеттік реттеуге жаңаша қарауға мүмкіндік береді. Бұлай сонымен қатар, мемлекеттік ақша-несиелік реттеудің объектісі ретінде ақша айналымының экономикалық категориясы туралы да айтуға болады. Ақша айналымының жылдамдығы (АЖt) төмендегі формуламен анықталады және белгілі бір күнтізбелік кезеңдегі айналымды өлшейді:
(1)
мұндағы:

ЖІӨt – номиналды жалпы ішкі өнім;

М2ott уақыты ішіндегі орташа М2 ақша массасы;

t – күнтізбелік кезең.

М2 (ММt) ақша массасының ақшалай мультипликаторы 2 формуламен есептеледі, бірліктермен белгілі кезеңге өлшенеді:


(2)

мұндағы: МБott кезеңдегі орташа ақша базасы

М2 ақша массасының үлгісі келесідей түрде болады:

; (3)

мұндағы:



М2nn күнтізбелік күніндегі М2 ақша массасы;

n – күнтізбелік күн (белгілі бір дата);

Эtt кезеңіндегі айналысқа шығарылған М2 ақша массасы;

Шtt кезеңіндегі айналыстан шығарылған М2 ақша массасы.

Ақша айналысының үлгісі келесідей түрде болады:



max; (4)
(5)
(6)
4 – үлгіні, мысалы, егер, қолданушыға ақша мультипликаторы мен орташа ақша массасының өзгерісі керек болмаған жағдайда, басқа да белгілі бір мақсаттарға, М2ot – ті 2- формуладан шығатын ММt*ot -өндірісіне ауыстыра отырып, қолдануға болады:
max; (7)
(8)
(9)
Ақша айналымының төлем құралдарына деген қажеттілігін келесідей формула бойынша анықтауға болады:
(10)
мұндағы:

М2 – М2 ақша агрегатының жоспарланушы көлемі;

ЖІӨ - ағымдық бағадағы ЖІӨ болжамды көлемі;

Км – жоспарланушы монетизация коэффициенті;

Ук – халық шаруашылығындағы кредиторлық қарыздың үлестік салмағы, ЖІӨ-ге %-дық қатынасы бойынша;

Уд – халық шаруашылығындағы дебиторлық қарыздың үлестік салмағы, ЖІӨ-ге %-дық қатынасы бойынша;

Уб – халық шаруашылығындағы бартерлік операциялардың үлестік салмағы, ЖІӨ-ге %-дық қатынасы бойынша;

Ув – халық шаруашылығындағы векселдік айналымдардың үлестік салмағы, ЖІӨ-ге %-дық қатынасы бойынша;

О(дөт) – халық шаруашылығындағы дайын өнімдер мен тауарлар қалдықтарының өзгерісі, ағымдық бағада;

М(бш) – коммерциялық банктер шоттарындағы ақша құралдарының қалдықтарының өзгерісі;

М(ққ) – тұрғындардың қолма-қол ақша қалдықтарының өзгерісі
Барлық осы көрсеткіштерді есептеу жолымен, несиелік салымдар көлемін кеңейту немесе қысқарту, қолма-қол ақшаны айналысқа шығару немесе айналыстан алу сияқты шаралар көмегімен ақша айналымындағы төлем құралдарының массасын көбейту немесе азайтудың мақсаттылығын және төлем құралдарына деген ақша айналымының қажеттілігін дәл нақтырақ бағалауға мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет