Тұсаукесер бүгінгі



Дата08.04.2024
өлшемі17.65 Kb.
#498022
салт дәстүр


Бауырсақ-көшпелі халықтардың дәстүрлі тағамы. Бауырсақ-бұл жай ғана пісіру емес, ол ежелден күн мен бақытты бейнелейді. Сондықтан ең қымбат және мейірімді қонақтарға ғана бауырсақтан дәм тарттырған. Атаудың өзі қазақ тіліндегі “бауырмасу, бауырласу, бауырым” деген сөздерден шыққан, ол орыс тіліне аударғанда “бірігуге, туыстыққа, бауырға деген ұмтылыс”дегенді білдіреді. Бауырсақ-қазақ халықтарының дәстүрлі нанының бір түрі,майға қуырылған төртбұрышты немесе дөңгелек тәрізді. Рецепттің қай халыққа тиесілі екеніне байланысты қамырдың әртүрлі нұсқалары бар. Сіз бауырсақтарды ашытылмаған немесе ашытылған қамырдан дайындай аласыз. Бұл тағамның пайда болу тарихы қазақ халықтарының көшпелі өмір салтымен байланысты.


Тұсаукесер бүгінгі,
Құтты болсын ағайын!
Әрбір атар таңдарың,
Сыйлай берсін арайын!
Тұсауын кескен балапан,
Құтты болсын қадамың!
Биіктерге өрлей бер,
Тауыдай болып талабың!

Қаз-қаз, балам, қаз балам,
қадам бассаң, мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз-қаз, балам, қаз балам.
Тақымыңды жаз балам.
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық
.

Тұсаукесер сәби бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң, қаз тұрып, тәй-тәй басқанда жасалатын дәстүр. Бала екі табанымен тұрып, алғашқы қадам жасауға талпына бастаған сәтте дана қазақ “баламыз тез жүріп кетсін” деген ниетпен, сәбидің тұсауын кестіріп, думандатын той жасайды.
Тұсау кесерге арнайы ала жіп дайындалады. Қыз бала болса, пысық, ақжарқын, көпке қадірлі, сыйлы келіншекке, ұл баланың тұсауын есімі ел аузында жүрген қадірлі ер-азаматқа кестіреді.
Дана қазақ баланың тұсауын ала жіппен, малдың тоқ ішегімен және көк шөппен кестірген. Ала жіппен – бала ешкімнің ала жібін аттамасын, ақ пен қараны ажырата алатын, адал азамат болсын деген ниетпен кеседі. Ал малдың тоқ ішегімен кесу себебі, бала бай, дәулетті азамат болсын деп ырымдауында. Сондай-ақ, бала шөптей қаулап өссін, шөп сияқты көгеріп, көбейіп, көктесін, ұрпақты болсын деп ырымдап, тұсауын көк шөппен кеседі.
Жолы ақ болсын деп ақ мата төселеді.
Баланың жолына төселген ақ матаның екінші басына ырымдап бірнеше зат қоюға болады. Қазіргі кезде тұсау кесу аз ғана ортада, біршама өзгерістермен өткізіліп жүр. Мәселен, кейде тұсауды қайшымен кеседі. Бұл дұрыс емес. Өйткені баланың өмірі қайшылаудан басталса, алдағы өмірі күрделі, кедергілерге толы болуы мүмкін. Сондықтан қазақ ежелден бері тұсауды пышақпен шорт кесетін болған.
Бұл – домбыра, кітап және нан. Бала домбыраға жармасса, өнер адамы болады. Кітапты алса, ғылым жолын қуады. Нанға қолын созса, еңбекқор болады. Тұсау кескен адамға сыйлық беріледі.
Әжелер мен аталар ақ батасын береді

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет