Зардап шеккен



Дата30.06.2016
өлшемі65.3 Kb.
#167993

ЗАРДАП ШЕККЕН

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ САУЫҚТЫРУ

ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЕҢБЕККЕ

ҚАЙТА БАУЛУДЫҢ ӘЛЕМДІК

ТӘЖІРИБЕСІ. ҚАЗАҚСТАНДА

ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ

МҮМКIНДIГI.

Қазақстан озық мемлекет ретінде дүниежүзілік тенденциядан артта қалмайды. Аннуитеттік сақтандыру бүгін жай коммерциялық сектордың бөлiгi ғана емес, азаматтарды әлеуметтік қолдау мезанизімі болып табылады.

Сақтандырудың бұл түрi өте маңызды тәуекелдердi – өндiрiсте зардап шеккен қызметкерлердің төлемдерін жабады. Бұл саладағы мемлекет саясаттын   Мемлекеттiк аннуитеттік компания жүзеге асырады. Өндірістегі жазатайым оқиғадан және кәсіптік сырқаттардан сақтандырудың негізгі мақсаты өндірістегі жазатайым оқиға немесе кәсіптік сырқаттардан болған мүгедектік немесе еңбекке қабілетсіз болған жағдайда қызметкерге және оның жанұясына белгілі деңгейде табысты қамтамасыз ету. Өтемақының бұл түрi еңбек құқығының негiзiн қалаушы болып табылады. Елімізде халықты әлеуметтік қорғаудың үш деңгейі қалыптасқан: бұл мүгедектігі үшін немесе асыраушысынан айырылғандарға берілетін базалық мемлекеттік жәрдемақы; Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдер және өмірді сақтандыру компанияларының сақтандыру төлемдері. Әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесі зардап шеккен қызметкерлерді немесе олардың асырауындағы жандарды ұзақ мерзімді төлемдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік қорғаудың 3 деңгейлі жүйесі

Азаматтарға кері әсерін тигізетін және сақтандыру жүйесiнің күйреуіне әкеп соқтыратын кәсiптік сырқаттарға қатысты түйіткілдер де бар. Мысалға, жеңiл түрде еңбек қабiлеттілігінен айырылғандарға төленетін өтемақы ауыр жағдайларға қарағанда көбірек болады. Тіпті қаза тапқан қызметкерге төленетін өтемақыдан да көп. Бұл сақтандыру төлемдерi мөлшерінің жүйесіздігін байқатады. Қазіргі таңда еңбек қабiлеттілігінен айырылудың 4 дәрежесi бар. Еңбек қабiлеттілігінен айырылғандарға сақтандыру төлемдерi ғұмыр бойы төленеді. Бұдан басқа, топқа байланысты 500, 1000, 1500, 2000 АЕК көлеміндегі бiржолғы төлем

төленедi. Енді елестетіп көріңіз, кәсібіне байланысты жеңіл жарақаттанған адам жұмысқа жарамды болса

да оған өмір бойына төлемдер тағайындалады. Бiрақ анығында ол әлi жұмыс iстейді. Еңбекке жарамды тұлғалардың өмір бойына қамтамасыз етілуi жарақттанушылықтан қорғау шараларымен

өтелмейді. Барлық жүйе батыс стандарттарына сай құрылғанын атап өткім келеді: сыйақыларды, тәуекелдерді, өтемақыларды есептеу – барлығы кәсiби сырқатқа емес жарақаттану дерегіне

бағытталған. Негiзiнде қазiр кәсiби сырқаттарға өтемақы төлеуге тура келедi. Елімізде 600 мыңға жуық адам денсаулығына қауіпті немесе зиянды салаларда жұмыс iстейдi. Оның 250 мыңға жуығы өз жұмыс орындарында үнемi зиянды факторлардың әсерiне ұшырайды. Ұлттық Банктiң мәлiметi бойынша 2020 жылға қарай кәсiби сырқатқа шалдыққан 21 мыңнан астам адамның өтемақысы 221 миллиардтан асса оның сақтандыру компанияларына қалай әсер етенін елестетіп көріңіздер.


Қазақстан Республикасы бойынша 2006 жылдан

бастап кәсіби аурулармен қызметкерлер мөлшері

(Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң

мәлiметi бойынша)




2020 жылға қарай кәсіби сырқатқа шалдыққан қызметкерлер саны 21 мың адамнан асуы мүмкін. Кәсіби сырқаттардың көбеюі сақтандыру компанияларына үдемелі қысым білдіреді.
Кәсіби сырқаттар бойынша кейінге қалдырылған

залалдар


(Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң мәлiметi

бойынша)


Кәсіби сырқаттар бойынша 2020 жылға қарай

сақтандыру ұйымдарының болжамды залалдары 221 миллиард теңгені құрауы мүмкін (аннуитеттің орташа

сомасы кезінде 10 млн. теңге)

Дерек бойынша мұндай жағдайлар 600 мың болуы мүмкін. Сондықтан төлемдердiң мөлшерін есептеу жүйесiн өзгертіп, оны әрбiр нақты сақтандыру жағдайына сәйкестендіру қажет. Әдетте, кәсiби сырқаттар немесе өндiрiстегi жазатайым оқиға нәтижесінде жарақат алған қызметкер жұмыстың басқа түріне ауысуы қажет. Ол сонымен қатар мемлекеттiк жәрдемақыны, міндетті әлеуметтiк сақтандыру

бойынша төлемдерді, сақтандыру төлемдерін және еңбекақы алады. Жалпы сома айрылған

еңбекақыдан асады. Бұл жағдай сақтандыру төлемдерін қосымша табыс көзiне айналдырады. Сондықтан азаматтар жаңа мамандықтарды игеруге және жұмысқа орналасуға қызығушылық танытпайды. Олар өмір бойы өздерін және жанұяларын қамтамасыз ететiн төлемдер алады. Батыста еңбекке қабілеттілігі төмендеген аматтарға қатысты әлеуметтiк саясат мемлекет асырауында болудың үлкен мәселесiн тудыруда. Мысалға, адам әр түрлi өлшемдер бойынша бiрнеше әлеуметтiк бағдарламаларға сай болып келеді. Жеңіл дәрежеде жарақат алған қызметкер өмір бойы төленетін әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар, ол жұмыс істей алады. Мүгедектіліктің

жеңіл дәрежесі де төлемдердің бірнеше түрімен қамтамасыз етіледі және жұмыс істей алады.



Бұдан басқа, онда мерзiмiнен бұрын төленетін әлеуметтік төлемдерге құқығы бар. Көбiнесе,

адамдар бiр уақытта бiрнеше әлеуметтiк бағдарламаларды пайдаланып, жақсы қаражатқа ие бола алады. Тiптi кей жағдайда олар еңбекке қабілеттіліктен айырылған 1, 2-топтың және жоғарғы дәрежелі мүгедектілікке шалдыққан азаматтарға қарағанда көбiрек алады. Осыдан әлеуметтiк төлемдер мөлшерінің теңсіздігі және дұрыс жасалмағаны байқалады. Бұл төлемдерді тәртiпке келтіру керек. Еңбекке жарамды адам әлеуметтік төлемдер алуға және мемлекет асырауындағы жан болуына негізделмеуі керек. Керiсiнше, онда емделу курстарын өтуге, сырқаттан арылып, әрі қарай жұмыс істеуге ниет және қызығушылық болуы керек. Басқаша айтқанда, жүйе адамдарды экономикалық тұрғыдан қызықтыруы қажет. Механизм азаматтардың тиiмдi еңбек және тиімдi еңбекақы алуға негізделуі тиіс. Көптеген елдердің сарапшылары халық арасында мүгедектер үлесінің ұлғаюы орнықты тенденцияға айналғандығын растайды. Әлеуметтiк-экономикалық факторлардың қолайсыздығы және еңбек қызметiнiң өзгеруі,еңбекке қабiлеттi жасында мүгедектік дәрежесін алатын тұлғалардың үлесінің өсуіне әкеп соқтыруда. Әлеуметтiк жәрдемақыға тәуелді мүгедек жандардың санының өсу тенденциясы көптеген елдерге тән болып қалыптасуда. Мүгедектер мен зейнеткерлердiң әлеуметтiк қамсыздандыруына шығынның ұлғаюы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттiк көмектi алушылардың арасында еңбек қызметiн қалпына келтіретіндердің өте төмен көрсеткiші үрей тудырады. Бірқатар елдерде төлемақы алатын ең төменгі жастағы топ өкілдерінің санаулы ғана бөлігі ғана еңбекке араласып, әлеуметтік қамсызданудан бас тартады. Әлеуметтiк жәрдемақымен күн көретін тұлғалар санының жылдам өсу динамикасының маңызды екі түрлі салдары бар. Әлеуметтік қажеттіліктерді (мүгедектік бойынша зейнеткерлікке ерте шығу немесе әлеуметтiк қамсыздандырудың ұзақ сипатқа ие болуы) өтеуге кететін мемлекеттік шығындардың реттелмеуінен болатын қоғамдағы ауыр экономикалық жағдайдан басқа, әлеуметтiк жәрдемақылар еңбек нарығына да әсер етеді. Осылайша, заңмен белгiленген зейнетақы жас шамасына жеткенге дейiн еңбек қызметiн тоқтату мүмкiндiгіне жиiрек айналуда. Халық арасында көбейіп келе жатқан әлеуметтiк жәрдемақылар және мүгедектiк зейнетақыларға тәуелділікті тоқтату үшін тиімді әлеуметтiк саясат жүргізу керек. Сондықтан бір жағынан өмір талаптарына жете алмауына байланысты өтемақымен қамтамасыз ету, екінші жағынан еңбекке қабілеттілікті қалпына келтіруге жан-жақты жәрдемдесу сияқты қазіргі әлеуметтiк саясаттың алдына қойған міндеттері арасында қайшылықтар туындауда. Экономикалық әріптестік және даму ұйымы сарапшыларының пікірі бойынша, өтемақы саясатының баяу жүргізілуі қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды. Халықтың белгілі бір топтарына жеңілдіктер беру, еңбек интеграциясына байланысты бағдарламалармен қатар жүргізілуі қажет. Олар жартылай еңбекке жарамды мүгедектердің еңбек қызметіне қайта оралуын толыққанды қолдап, олардың еңбекке және әлеуметтік өмірге араласуға ынталандыру керек. Осы орайда әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны өсіп келе жатқан мемлекеттерде өзекті мәселеге айналған, әлеуметтік саясаттың екі негізгі бағыттарын атап өтуге болады. Бұл әлеуметтiк сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерін қайта құру немесе бейiмдеу; мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекпен қамтуға жәрдемдесу. Сонымен қатар, елімізде зардап шеккен жұмысшыларды әлеуметтік ынталандыру және қайта еңбекке баулу жүйесін қолдану қажет. Дамыған елдерде медициналық бақылау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелері жұмыс істейді. Сондай ақ жазатайым оқиғаларға ұшырағандарды қамтамасыз ету кәсіби сырқаттарды қамтамасыз етуден бөлек жүргізіледі. Зардап шеккен жұмысшыны қайта даярлау және басқа жұмыс орнына ауыстыру жайы қарастырылған. Мемлекеттiк аннуитеттік компания қызметкерлердi жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру саласының мәселелерiн зерттеумен бірнеше жыл айналысып келеді және жүйені жетілдіруге қатысты өзіндік көзқарасы бар. Жоғарыда айтылған мәселелер мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласынан көрініс тапқан. Бiздiң көзқарасымыз ел Президентінің пікірімен ұштасады.
Нуржан Алимухамбетов

«Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы АҚ басқарма төрағасы


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтікқорғау министрлігінің ақпараттық-сараптамалық басылымы «Бизнес, еңбек, социум» 2012ж.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет