Түскен сұрақтар Сұрақ: Шу қаласы, Шакиров көшесі, №4 үй (жатақхана) су, жылу, жарық жоқ, көмек сұрайды. (Осы үйдің тұрғындары). Жауап



Дата08.06.2016
өлшемі183.5 Kb.
#123002


Облыс әкімінің есептік кездесуі барысында

түскен сұрақтар
Сұрақ: Шу қаласы, Шакиров көшесі, №4 үй (жатақхана) су, жылу, жарық жоқ, көмек сұрайды. (Осы үйдің тұрғындары).

Жауап: 2010 жылдың 12 ақпанынан бастап жатақхана бойынша 46 пәтер ішіндегі 30 пәтердің тозған темір қадаушалары жаңа пластикалық қадаушаларға ауыстырылып, батареялар орнатылды. Осы аталған 30 пәтердің жылу жүйелері қосылуға дайын. Ал, қалған 16 пәтердің ішіне құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, бірінші қабатта орналасқан жалпы жылу жүйесіне де жөндеу жұмыстары жасалуда.
Сұрақ: Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округінен бөліп, Шымбұлақ ауылдық округін ашу мүмкіндігі бар ма? (Шымбұлақ ауылының тұрғыны, зейнеткер, ауылдың соғыс және еңбек ардагерлер кеңесінің төрағасы Канал Құралбаев).

Жауап: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі №1041 қаулысына сәйкес Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарындағы мемлекеттік қызметшілерінің штат саны қысқартылған болатын.

Осыған байланысты, қазіргі уақытта ауылдық округін ашып, штатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ.

Дегенмен, бұл мәселе облыс әкімі аппаратының тұрақты бақылауында болады.

Сұрақ: Ойық-С.Шәкіров-Тегістік-Тараз автожолын жөндеу үшін облыстық бюджеттен қаржы қарастыруыңызды сұранамын. (С.Шәкіров ауылының тұрғыны, зейнеткер О.Жамашов).

Жауап: Аталған автомобиль жолының жалпы ұзақтығы 118 шақырымды құрайды. 2008 жылы 35 шақырымы, 2009 жылы 10 шақырымы орташа жөндеуден өтті. Жалпы аталған жолдың 70 шақырымының сапасы қанағаттанарлық.

Жөндеу жұмыстарымен қамтылмаған 48 шақырымын 2011-2012 жылдары жөндеу «Жол картасы» бағдарламасы аясында атқарылатын болады.


Сұрақ: Әкімдер жылдағы есептерінде мыңдаған түп талдардың егілгенін айтады. Оның бәрі рас болса, бүгінде кішігірім ормандар пайда бола бастауы керек еді. Осыны неге қолға алмаймыз? Бір егілген талдың орнына екі рет егіп, есеп берудің қаншалықты қажеті бар? (Меркі ауданының тұрғыны Айнақұлов Дастан).

Жауап: «Жасыл ел» бағдарламасының іс – шараларын жүзеге асыруға 2009 жылы Меркі ауданының бюджетіне 9,3 млн. теңге бөлінген.

Бұл қаржыға 155,7 гектар жерге жасыл желектер отырғызылған. Олардың 110,5 гектары сақталып отыр.

2010 жылға 18,9 млн. теңге бөлу жоспарланған.

Алдағы уақытта агротехникалық талаптарға сай күтіп - баптау жұмыстарын жүргізу қадағаланатын болады, өспей қалған тал – дарақтардың орнына келесі жылы қайта ағаштар отырғызылады.


Сұрақ: Үшарал ауылдық округіндегі Бозарық елді мекенін құм басу қауіпі бар. Осыған байланысты, Бозарықтағы құм көшкінін тоқтатуға шара қолдануыңызды сұранамын. (Үшарал ауылының тұрғыны, зейнеткер О.Өтеулиев).

Жауап: Үшарал ауылын, сонымен бірге Бозарық ауылын құм көшкінінен қорғау мақсатында 33,7 млн. теңгенің жобалық-сметалық құжаттары дайындалған. Жобаны жоспарға енгізу мәселелері қосымша зерделенуде.

Сұрақ: Тараз қаласының шекарасына қосылған Жамбыл ауданының жерінде шаруа қожалығын жүргізуге арналған жер телімім бар. Сол жерді пайдалану келешекте қалай болмақ? (Жамбыл ауданының тұрғыны Шынарбеков Қуаныш).

Жауап: Тараз қаласының аумағын кеңейту мақсатында Байзақ ауданынан – 344,7 га, Жамбыл ауданынан – 5609 га, барлығы - 5954 га жер телімдері Тараз қаласы аумағына енгізілді. Бұл жерлер қаланың Бас жоспарына сәйкес өз кезегімен және ретімен игерілетін болады. Ал, қазіргі уақытта қала аумағына енгізілген жер учаскелері игеру уақыты келгенше өзінің бұрынғы нысаналы мақсатында пайдаланылады.

Қолданыстағы жер заңнамалары талаптарына сәйкес жер пайдаланушылардың жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылған жағдайда келтірілген шығын толық көлемде өтелетін болады, сондай-ақ олардың қалауы бойынша басқа жер учаскелері берілуі мүмкін.

Егер меншік иесі немесе жер пайдаланушы өздерінен жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу туралы шешіммен келіспесе, бұл мәселелер сот органдары арқылы шешіледі.
7-сұрақ: Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімін алуға 2006 жылдан бері кезекте тұрамын. Осы кезек бойынша жер телімі қашан беріледі? (Тараз қаласының тұрғыны Оңғаров Тілеумұрат).

Жауап: Тараз қаласының шекарасына қосылған жерлер бойынша алдымен арнайы жұмысшы комиссиясы құрылып, осы жерлерді ауданның есебінен қала есебіне өткізу-қабылдау жұмыстары жүргізіледі. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінетін массивтердегі бұрынғы жер иелері мен жер пайдаланушылардан мемлекет қажеттілігі үшін жерді алу шаралары атқарылатын болады.

Сонымен қатар, арнайы мамандырылған мекемелер қаланың шекарасын белгілеп, бұл жерлерге түгендеу жұмыстарын, геодезиялық-картографиялық топотүсірілмелер жасайды. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөліп беруге арналған алаңдар елді мекендер аумағының жер-шаруашылық құрылысының жобаларына сәйкес массивтерге бөлініп, массивтер инфрақұрылымдармен (жол, электр жүйесі, су құбыры және т.б.) қамтамасыз етілетін болады.

Осыдан кейін жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге кезекте тұрған азаматтарға өтініштерін кезектілік тізіміне сәйкес жер учаскелері беріле бастайды.

Сұрақ: Ұлы Жеңістің 65-жылдық мерейтойы қарсаңында қандай жеңілдіктер мен көмектер көрсетілетін болады? (Тараз қаласының тұрғыны Мәжиева Ақмарал).

Жауап: Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне республикалық бюджеттен 65 мың теңгеден, Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендерге 25 мың теңгеден, соғыс жылдары тылда еңбек еткендерге 10 мың теңгеден беріледі.

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне облыстық бюджеттен 14 мың теңгеден, Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендерге 6 мың теңгеден, соғыс жылдары тылда еңбек еткендерге 3 мың теңгеден беріледі.

Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне дәрі-дәрмектерді жеңілдікпен алуға облыстық бюджеттен 512 мың теңге, баспасөз басылымдарына тегін жаздыру, тіс протездерін салу, коммуналдық төлемдер мен басқа да көмек түрлеріне 35,7 млн. теңге қарастырылды.

Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерін жергілікті бюджетте қаралған қаржы есебінен жылына бір рет емдеу қарастырылған.


Сұрақ: Ұланбелде 1950 жылы салынған көпір бар. Өзім және 20 отбасы, сонымен қатар, Кіші Қамқалы ауылының тұрғындары осы көпір арқылы қатынасамыз. Осы көпірді жөндеуге ықпал етуіңізді сұраймын. (Ұланбел ауылының тұрғыны М.Аубакиров).

Жауап: 26 млн. теңгеге Ұланбел ауылындағы көпірдің күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаты жасалынып, мемлекеттік сараптамадан өткізілген.

Қаржы бөлу мәселесіне байланысты қосымша зерделеу жұмыстары жүргізіледі.

Дегенмен, биылғы жылы ағымдағы жөндеу жұмысына жергілікті бюджеттен 3 млн. теңге бөлу қарастырылуда.

Сұрақ: Сарысу ауданының орталығында облыстық «Қазақстан Тараз» телеарнасы қосылса. (Сарысу ауданының тұрғыны Алым Намазұлы).

Жауап: Бүгінгі таңда облыс тұрғындары мемлекеттік «Қазақстан» (ҰТА) (86,97%), «Хабар» (99,04%), «Ел Арна» (87,31%) телерадиоарналарымен қамтылған.

Алайда «Қазақстан-Тараз» телеарнасының Сарысу ауданының Досбол, Үшбас ауылдарында, сонымен қатар, Қордай, Мойынқұм аудандарының кейбір елді мекендерінде көрсетпеуде. Оның себебі, бұл ауылдардың Жаңатас, Мойынқұм мен Қайыңды кіші радиотелестансаларының толқын қабылдауы төмен жерлерде орнасуы болып отыр.

Бұл мәселені шешу «Қазтелерадио» АҚ-ның даму жоспарында енгізілген.

Сұрақ: «Күміс алқа» алатын аналарға ер жетіп қайтыс болған балалары неге қосылмайды? (Құлан ауылының тұрғыны А.Райымқұлов).

Жауап: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңының 28 бабына сәйкес "Алтын алқа" алқасымен жетi және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар наградталады.

"Алтын алқа" алқасымен наградтау осы ананың жетiншi баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте жүргiзiледi.

"Алтын алқа" алқасымен наградтау кезiнде ананың заңда белгiленген тәртiппен асырап алған, Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау кезiнде немесе өзге қызметтiк мiндеттерiн атқару үстiнде қаза тапқан не болмаса хабарсыз кеткен, дүлей апаттар кезiнде не адам өмiрi мен материалдық құндылықтарды құтқару жөнiнде азаматтық борышын атқару үстiнде, қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртiп күзетiнде қаза тапқан, сондай-ақ аталған жағдаяттар кезiнде жаралану, мертiгу немесе ауруға шалдығу не еңбек жарақаты немесе кәсiби ауру салдарынан қайтыс болған балалар ескерiледi.

Аталған заңның 29-бабына сәйкес "Күмiс алқа" алқасымен алты бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар алтыншы баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте наградталады.

"Күмiс алқа" алқасымен наградтау кезiнде осы Заңның 28-бабының үшiншi бөлiгiнде аталған балалар да ескерiледi.

Сұрақ: Облыс әкімі Қанат Алдабергенұлы жастарға көбірек қолдау көрсетуде деп естиміз. Осыған байланысты, жастардың облыста мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндігі қандай? Бұл жөнінде облыс әкімінің жеке бағдарламасы бар ма? (Тараз қаласының тұрғыны Мырзахметов Ыхтияр).

Жауап: ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес азаматтардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурстық негізінде орналасуға құқықтары бар. Біліктілік талаптарына сәйкес жастардың конкурстарға қатысуға мүмкіндіктері бар.
Сұрақ: Тараз қаласы жасыл қала деп есептелінеді. Соған қарамастан қаланың орталық көшелерімен (Абай, Төле би т.б.) скверлерде, парктерде көптеген ескі ағаштар қиылып, ағаштардың түбіртектері қалған. Алдағы уақытта қаланы көгеріштендіру мақсатында қандай жұмыстар атқарылады? (Тараз қаласының тұрғыны Бекбергенов Амантай).

Жауап: Қазіргі уақытта аты аталған көшелерде ағаштардың түбіртектерін алу жұмыстары басталды. Биылғы жылы Тәуке хан көшесі және Төле би даңғылында 2300 шаршы метр жерге гүлзарлар орналастырылып, 3 мың данадан аса раушан гүлдерін отырғызу жоспарлануда.

Биылғы жылы Тараз қаласында «Жол картасы» аясында көгалдандыру және аббатандыру жұмыстарына 101 млн.теңге облыстық бюджеттен бөлініп отыр. Бұл қаражатқа Тараз қаласының «Жеңіс» саябағын толығымен қайта жаңғырту, кіші сәулет нысандарын орналастыру, көгалдандыру және аббатандыру жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен бірге қала бойынша абаттандыру жөнінде жеке жоспар әзірленуде.

Сұрақ: «Бурыл» алқабында электр және ауыз су жүйелері жүргізілетін болады ма? (Тараз қаласының тұрғыны Ахметжанов Сәттібек).

Жауап: Тараз қаласының инфрақұрылымын дамытуының бас жоспарына сай жаңадан салынып жатқан алқаптарға электр желілерін тарту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Олардың ішінде «Бурыл-А,Б» алқаптары қарастырылған.

Электрмен жабдықтау жүйелерін жүргізу жұмыстарын толық орындау үшін 227,0 млн. теңге бөлінген. Оның 107,0 млн.теңгесіне 2010 жылы құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.




Сұрақ: Б.Момышұлы ауылындағы стадионды күрделі жөндеуден өткізу үшін биылғы жылдың «Жол картасы» бағдарламасына енгізу туралы ұсыныс (Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, №13 спорт мектебінің директоры Тойшыбеков Талғат).

Жауап: 2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың құрамында аталған стадионның күрделі жөндеу жұмыстары қаралмаған. Келешекте жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне қарай қаржы бөлу назарға алынады.

Сұрақ: Жуалы ауданы, Ақтөбе ауылындағы апатты жағдайдағы Ақтөбе орта мектебінің құрылысын 2012 жылдан 2011 жылға ауыстыруға ықпал етуіңізді сұраймыз (Жуалы ауданы, Ақтөбе ауылының тұрғындары И.Саттаров, Ж.Сариев, М.Усипалиев, С.Хидербаев, Ш.Гамжиханов, А.Арғынбекова, Г.Зинченко).

Жауап: Ақтөбе ауылындағы 150 орындық Ақтөбе орта мектебі ыңғайластырылған екі ғимаратта 135 бала білім алуда.

2010 жылы тізімге бірінші деңгейде құрылысты қажет ететін апатты жағдайдағы мектептерді, 2009 жылы құрылысы басталған мектептерге кұрылыс жұмыстарын жүргізу және 3 ауысымда оқитын мектепке жапсарлас құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.



Сұрақ: В 2010 году была в квитанции отдельная строка по начислению за техобслуживание газового оборудования – хотя это не делается, так как дома частные. По данному вопросу мы обратились в областную газету «Знамя труда», но ответа не получили. (жительница г.Тараз, ул. Казыбек би, 103-64, Корнилина Людмила).

Жауап: В областной газете «Знамя труда» от 21 января 2010 года был опубликован публичный договор на техническое обслуживание газотранспортным предприятием газопроводов, находящихся в частной собственности. Данное требование вызвано Правилами безопасности в газовом хозяйстве, Правилами поставки и транспортировки газа. Тариф на техобслуживание в сумме 8 тенге в месяц за 1 метр газопровода утвержден АО «КазТрансГаз».

Работникам газового хозяйства предложено провести дополнительную разъяснительную работу.



Сұрақ: Жуалы ауданындағы 2009 жылы жөнделген 11 шақырым «Жылыбұлақ-Тоғызтарау» автомобиль жолын жөндеуді жалғастыруды сұрайды (Жуалы ауданы, Тоғызтарау ауылдық округінің тұрғындары К.Оңғарбаев, Б.Нұретова).

Жауап: Бұл жол аудандық мәндегі автомобиль жолдарының тізбесінде. Өткен жылы облыстық бюджеттен осы жолды жөндеуге 20,0 млн. теңге жұмсалды. Ал, қалған бөлігін жөндеу мәселесі алдағы уақытта зерделенеді.
Сұрақ: Как Вы уже отметили, в будущем вопрос санитарной очистки города будет решен. А в нашем городе для этого мало возможностей. Потому что не хватает соответствующей техники для вывоза твердых бытовых отходов (ТБО) (житель города Жанатас, работник ГПК «Каратау» Жусипбеков Бекмахан).

Жауап: Для улучшения организации работ по санитарной очистке города, в первую очередь рассматривается вопрос выделения земель для хранения и переработки ТБО, а также, приобретение спецтехники и контейнеров. В районе разрабатываются мероприятия по благоустройству и санитарной очистке территории города.

Сұрақ: Жуалы ауданында 7 медициналық пункт ғимаратсыз, 9 медпункт әр мекеменің ғимаратында отыр. Осыларды ғимаратпен қамтамасыз етуді қолға алсаңыз. (Жуалы ауданының тұрғыны Саурбаев Төребек).

Жауап: Ауданда 2009 жылы 2 медициналық пункт салынды. 2010 жылы екі медициналық пункттің, 2011 жылы төрт медициналық пункттің құрылысы жоспарланып отыр.

Сұрақ:

  1. Зағип мүгедектерге бөлінген қаражаттардың мерзімінде игерілмеуі жөнінде;

  2. Сапасыз тифлотехниканың алынуы жөнінде. (Қазақстандық зағип қоғамының облыстық басқарма төрағасының міндетін атқарушы).

Жауап:

1) Мүгедек-спортшыларыдың «Қанағат» қоғамдық бірлестігіне 2009 жылы зағип мүгедектер үшін қарастырылған 7,0 млн. теңге қаражат бөлініп, толығымен мерзімінде игерілді (бұл қаражат 140 мүгедектерге қызмет көрсетуге жұмсалды).

2) Тифлотехника Қазақстан Республикасы техникаларды реттеу мемлекеттік жүйесінің сертификатына сәйкес берілген. Мемлекеттік сатып алу келісім-шартына сәйкес жабдықтаушы берілген тифлотехниканың сапасына жауап береді.

Сұрақ: Абай Құнанбаевтың есімін қазақ драма театрынан алып тастағаны туралы (Сағат Арынұлы).

Жауап: Бұл мәселе жөнінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің орталық мемлекеттік мұрағатына арнайы сұраныс жіберілген. Нәтижесінде облыстық қазақ драма театрына Абай Құнанбаев есімі берілмегендігі анықталды.

Дегенмен, бұл мәселені қосымша зерделеу облыс әкімдігінің мәдениет басқармасына тапсырылды.



Сұрақ: Об экологическом состоянии вокруг месторождения рудника «Шатыркуль» (житель с.Конаева Шуского района К.Нурмахамбетов).

Жауап: В ходе ранее проведенных проверок органами охраны окружающей среды и санэпидемнадзора, фактов нарушения и отрицательного воздействия на указанные населенные пункты не выявлено. В декабре 2009 года Шуским департаментом экологии совместно с прокуратурой района и представителями аппаратов акимов села Конаев и Берликского сельского округа произведены замеры радиационного фона, аналитический контроль показал, что превышение предельно допустимых доз (ПДД) не выявлено. В части загрязнения атмосферного воздуха и подземных вод рудник «Шатыркуль» на указанные населенные пункты влияния не оказывает.
Сұрақ:

  1. Бектөбе ауылының Әбдірайымов көшесі қаланың немесе ауылдың бас жоспарына енгізілген бе?

  2. «Жол картасы» бойынша Бектөбе ауылының Әбдірайымов көшесін электр қуатымен қамтуға қаражат қарастырсаңыз (Жамбыл ауданы, Бектөбе ауданы, Рыспаева).

Жауап:

1) Бектөбе ауылы Тараз қаласының өзгертілген бас жоспарына енгізілмеген.

2) 2010 жылы Бектөбе ауылының жаңа көшелерінің инженерлік инфрақұрылымын дамытуға жалпы құны 44,4 млн. теңге жобалау- сметалық құжаттары дайындалды. Ендігі жерде көшені электр қуатымен қамту үшін 2010 жылдың екінші жартыжылдығында қаржы бөлу жоспарлануда.

Сұрақ: «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 2009 жылы жөнделген Тараз-Жаңатас бағытындағы автомобиль жолы сын көтермейді. Сол жол жөнделе ме? (Сұрақтың иесі көрсетілмеген).

Жауап: Бұл жолды жөндеу 3 жылға жоспарланған, бүгінгі күнге 20 шақырымның 7 шақырымында жұмыстар атқарылды.

Жоспарға сәйкес жөндеу жұмыстары 2011 жылы аяқталады деп күтілуде. Соның барысында орын алған кемшіліктер жөнделетін болады.



Сұрақ: Бұрындары біздің аудан өндірілетін сүт өнімдерімен облыста танымал еді. Тауарлы – сүт фермалары қарқынды түрде жұмыс істейтін. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін ондай кәсіпорындардың қажеттілігі бүгінгі таңда тіпті қатты сезіледі. Өзімізде өндірілген тауаларды тұтынудың өзі неге тұрады? Егер, ферма өз жұмысын бастап жатқандай болса, онда халықты жұмыспен қамту мәселесі де біршама шешілер еді. (Жамбыл ауданы, Шайдана ауылының тұрғыны Кәрімжан Жайлаубеков).

Жауап: Облыс көлемінде тауарлы сүт фермаларын ұйымдастырып, дамыту қолға алынуда. «Жамбыл облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасының» жобасы бойынша 2014 жылы облыстағы тауарлы сүт фермаларының барлық санын 17 – ге жеткізу межеленіп отыр. Оның ішінде Жамбыл ауданында – 2 сүт фермасы іске қосылмақ.
Сұрақ: Темір жолдың арғы беті қаланың бір бөлігі болса да мұнда шешілмей тұрған мәселелер баршылық. Бірақ, солардың ішінде ең маңыздысы – темір жолды кесіп өтетін автожолдың болмауы. Сондықтан, автокөліктерге арналған темір жол өткелі (тунель) салынса игі болар еді. (Тараз қаласының тұрғыны, зертханашы Марина Мейірбекқызы).

Жауап: Тараз қаласы Абай даңғылының аяғындағы темір жолдан өткел салу мәселесі көп жылдар бойы келе жатқандығы белгілі.

Жаңадан бекітілген Тараз қаласының Бас жоспарына автомобиль және жолаушылар жүретін аспалы көпір жобаға енгізілген. Яғни, алдағы жылдары үлкен әлеуметтік, инфрақұрылымдық жоба (көпір) құрылысы қолға алынатын болады.
Сұрақ:


  1. Байзақ ауданы, Сеңкібай (бұрынғы Еңбек) ауылында жаңа орта мектеп салу;

  2. Ауылдағы артезиан құдықтарын, су жүйесін тексеріп, іске қосып берсе деген тілегіміз бар. (Байзақ ауданы, Р.Шоханбаева, Е.Алшынбаев, Ә.Есенқұлов, барлығы 36 адам қол қойған).

Жауап:

1) Жалғызтөбе ауылдық аймағы Сеңкібай (бұрынғы Еңбек) ауылындағы 80 орындық Еңбек бастауыш мектебі 1964 жылы қабырғасы балшықтан салынған, ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан, 68 бала білім алуда.

Нәтиже бойынша тізімге енгізіледі.

2) Су мәселелерін шешу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен қазіргі таңда зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады. Байзақ ауданы Сеңкібай ауылының су құбырлары жалпы ұзындығы 205 шақырым, 1990 жылда істен шығып, жұмыс істемейді. Бүгінгі таңда аудан әкімдігі тиісті жобалық құжаттама әзірлеп, 2012 жылы «Ауыз су» бағдарламасы бойынша қаражат бөлу қарастырылған.



Сұрақ: Темір жолдың арғы бетіндегі Ишин, Тынышбаев, Жилкооперация, Локоматив көшелері мен олардың бұрылыстарына электр шамдары қойылса, халық үшін үлкен көмек болар еді. (Тараз қаласы, студент Ғалия Маратқызы).

Жауап: Тынышбаев көшесін жарықтандыру бойынша ақау актісі дайындалды, осы жерде электр жүйелерін қайта жөндеу, трансформаторлы жиынтық пунктін орнату бойынша жұмыстар көлемі анықталу үстінде.

Локомотив көшесін жарықтандыру бойынша 2,0 млн. теңгенің жобалық-сметалық құжаттары дайындалды.



Сұрақ: Облыс орталығындағы бір кезде жабылып қалған мәдени-ағарту училищесін қайта ашу мәселесі (Жамбыл аудандық мәдениет бөлімінің бастығы Бақыт Сырлыбаев).

Жауап: Тараз қаласында мемлекеттік «Мәдениет және өнер» колледжін ашу 2010-2011 жылдарға жоспарланған. Бүгінгі күні Тараз қаласы Төле би көшесінде орналасқан №35 үйдің ғимаратына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, 2010-2011 оқу жылында «Мәдениет және өнер» колледжіне берілетін оқу корпусының жобалық сметалық құжаты даярлануда.
Сұрақ: Біздің ауданымызда мүмкіндігі шектеулі балаларға, мүгедектерге арналған бірде-бір спорт мектебі немесе дене шынықтыру орталығы жоқ. Бұл жалғыз біздің ауданда ғана емес, облыс аумағындағы түйткілді мәселелердің бірі. (Жаңатас қаласының тұрғыны Алмасхан Найманқұл).

Жауап: Тараз қаласында зағиптер, тірек-қимыл ағзасы ауыратындар және ақыл-есі кем балаларға арналған «Қанағат», «Қазақстан соқырлар қоғамы» және «Спешиал Олимпикс Казахстан» қоғамдық бірлестіктері мүгедек спортшылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп жұмыс атқаруда.

Алдағы уақытта облыс орталығында мүгедек спортшыларға арналған спорт мекемесін ашу қарастырылады.



Сұрақ: Мойынқұм ауданында мал басын арттыруды және сапалы ет, жүн, тері өнімдерін өндіруді қарқынды дамыту үшін аумақтағы ірі шаруашылықтар арқылы асыл тұқымды шаруашылықтар құру қажет. (Мойынқұм ауданы, еңбек ардагері Есен Сматаев).

Жауап: Қазіргі асыл тұқымды шаруашылықтарды құруға ұсыныс берілсе, мәселе облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасындағы комиссияда қаралып, шешімін табады.

Сонымен қатар, облыстың шалғайда орналасқан елді мекендерінде өндірілетін ет, сүт, жүн, елтірі және тері тасымалдаудың құны жоғары болғандықтан, аудан орталықтарында пункттер және тұтынушылар кооперативтерін ашуды жалғастыру мәселесі қарастырылуда. Осы орайда ауданда сервистік дайындау орталығы ашылып, онда мал шаруашылықтарының өнімдерін дайындау және өткеру жұмыстары атқарылатын болады.


Сұрақ: Өнер саласын дамыту үшін басқа облыстағы өнер мекемелерімен тәжірибе алмасып тұру қажет. Сондықтан, гастрольдік сапарларға жиі шығып тұрсақ. Сондай-ақ, мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуына қатысты мәселелер шешімін тапса игі іс болар еді. (облыстық қазақ драма театрының бас режисеры Қуандық Қасымов).

Жауап: Қазақ драма театры 2008 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына, Қарағанды қаласына барса, 2009 жылы Қарағанды қаласында өткен Біржан сал Қожағұлұлының 150 жылдық мерейтойына арналған республикалық театр фестиваліне және Каир қаласында өткен Бүкіләлемдік театрлардың 21-ші фестиваліне қатысып қайтты, өткен жылы қыркүйек айында Алматы қаласында гастрөлдік сапармен болды. Алдағы уақытта да облыстық театрлар жоспарлы түрде басқа гастролдік сапарға шығуына мүмкіндігі бар.

Сұрақ: Аудан аумағындағы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын дамыту үшін аудандық бюджеттен тиісінше қаражат бөлу жолдары қарастырылуы тиіс және ол әлеуметтік маңызды жобаларға бағытталып, конкурстар арқылы іске асырылса дұрыс болар еді. (Қордай ауданы, мұғалім Марат Бегалыұлы).

Жауап: Бүгінгі таңда облыс көлемінде үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2009-2011 жылдырға арналған Бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында үстіміздегі жылдың ақпан айында әлеуметтік маңызды жобаларды қаржыландыру мақсатында мемлекеттік тапсырыстың конкурстық құжаттамалары әзірленіп, бұқаралық ақпарат құралдары мен веб-порталға жарияланды. Аталған конкурсқа облыстық, қалалық және аудандық үкіметтік емес ұйымдардың қатысуына құқығы бар.

Жалпы осы жылы 72,6 млн. теңгенің 44 әлеуметтік жобасы жүзеге асырылатын болады.



Сұрақ:

  1. Жаңатас қаласындағы ауыз су жайы толғандырады, бірлі жарым сағаттан ғана беріледі;

  2. Аудан жұртшылығы әлі күнге іргедегі Аманкелді газының игілігін көре алмай келеді;

  3. Қаңырап бос қалған тұрғын үйлерді қалыпқа келтіру керек, не иелерін тауып, орындарын тазарту қажет;

  4. Қалаға келіп тұрған теміржол жүйесін Оңтүстік Қазақстан облысындағы бекеттермен байланыстыру мәселесі. (Сарысу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Басие Әбдрахманов).

Жауап:

1) Жанатас қаласының тұрғындарына ауыз судың тәулік бойы берілуіне қол жеткізу мақсатында 2008 жылы Жаңатас қаласының су жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарына қажетті 1571,2 млн. теңгеге технико-экономикалық негіздеме (ТЭН) даярланған. Бірақ 2010-2012 жылдардағы инвестициялық жобалар тізбесіне енгізілмеді.

Дегенмен, алдағы уақытта осы мәселені қайта қарастыру мақсатында жоба тиісті министрліктердің қарауына өткізілді. Қаржы көздері анықталған жағдайда 2011 жылы республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді деп күтүлуде.

2) Жамбыл облысының елді мекендерін газдандырудың 2007-2015 жылдарына бағытталған кешенді бағдарламасына магистралдық газ құбырынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекендер енгізілмеген. Сарысу ауданы арқылы магистралдық газ құбыры өткізілмегендіктен аталған бағадарламаға енбей отыр. Келесі бағдарламада 10 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан елді мекендер қамтылады. Сол уақытта Амангелді – КС-5 магистралдық газ құбырынан Жаңатас қаласына құбыр тартылып, құбыр бойында орналасқан басқа да елді мекендерді газдандыру қолға алынады. Ол бағдарлама 2015-2020 жылдарды қамтиды.

3) Бүгінгі таңда Жаңатас қаласындағы бос қалған үйлердің үшеуін жеке кәсіпкерлер жөндеп қалпына келтіру үшін аукционда сатып алған.

4) Жаңатас қаласына дейінгі темір жол жүйесін Оңтүстік Қазақстан облысымен байланыстырудың экономикалық тиімділігі зерделеуді қажет етеді.



Сұрақ: Лұқманов көшесінің аяқ жағында, яғни, «Шалғай Қарасудан» әріректегі қаладағы «Жаңа құрылыс» аталатын аймаққа бұрылар жолдың бойында қараусыз қалған бейіттер қоршалса. (Тараз қаласының тұрғыны Махат Досымбеков)

Жауап: Қазіргі таңда бұл мәселе бойынша зерделеу жұмыстары басталды. Нәтижесінде тиісті шаралар қабылданатын болады.
Сұрақ: «Барак» аталатын көп пәтерлі көптеген жер үйлерді бұзуға жібереді деген болатын. Сол рас па? Шын болса, ол қай уақыттан бастап жүзеге асады және ондағы тұрғындар не істейді, әлде оларға сол баспаналарының орнына жаңа үйлер беріле ме? (Тараз қаласының тұрғыны Марат Жуасұлы).

Жауап: Қаланың Бас жоспарына сәйкес кейбір ескі (тозған) үйлер бұзуға жіберілуі мүмкін. Мұндай жағдайда үй (пәтер) иелеріне тиісті мекеменің атынан алдын-ала үйлердің бұзылатыны туралы ескертулер беріледі. Сол баспаналардың орнына жаңа үйлер (пәтерлер) берілуі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.
Сұрақ: В Таразе много лет существует проблема низкого напряжения в электрических сетях. В связи с этим прошу рассмотреть вопрос реконструкции или замены подстанции по улице 9 Января и других устаревших подстанций в рамках «Дорожной карты» по жилищно-коммунальному хозяйству на 2010 год, как замену коммуникационных электрических сетей (пенсионер А.Старцев).

Жауап: Трансформаторная подстанция № 71, расположенная по улице 9 января, находится на балансе ТГЭС АО «ЖЭС». Поэтому внесены соответствующие предложения руководству предприятия для решения данного вопроса. Так как АО «ЖЭС» является частной организацией, на реконструкцию трансформаторной подстанции средства бюджета не могут быть предусмотрены.
Сұрақ: Об оказании финансовой помощи при внедрении капельного орошения (Таласский район, предприниматель Шарбану Исмаилова).

Жауап: Финансовые институты АО «НУХ «КазАгро», являясь проводниками государственной политики поддержки сельхозтоваропроизводителей, предоставляют кредиты на льготных условиях с целью финансирования проектов по этим приоритетным направлениям. Одним из приоритетных направлений АО «КазАгроФинанс» является производство плодоовощных культур с применением технологии капельного орошения.

В целях обеспечения эффективной реализации проектов в сфере поддержки агропромышленного комплекса АО «КазАгроФинанс» проводит конкурс по отбору заемщиков на финансирование инвестиционных проектов по производству плодоовощных культур с применением технологий капельного орошения.

Условия финансирования:

инструмент – заем или лизинг;

срок – 5-10 лет;

софинансирование от 15%;

ставка – до 6%;

льготный период до 2 лет.


Сұрақ: Разработана специальная государственная программа под названием «Балапан». Надеюсь, что местные исполнительные органы активно возьмутся за осуществление новой государственной программы. (житель г.Тараз Т.Катпаев).

Жауап: В 2010 году планируется открытие 31 детского сада и 54 мини-центров на 6355 мест. Для выкупа 10 бывших детских садов из местного бюджета выделено 235 млн. тенге. Также завершается строительство детского сада на 320 мест из республиканского бюджета.

Всего по области в 2010-2015 годы планируется открытие 103 детских садов и 104 мини-центров на 18950 мест.


Жамбыл ауданы №15 сайлау округінен депутат Бегалиев Рүстем Әлішұлы. Сұрақ:

1) Жамбыл ауданы Қаратау ауылындағы Раис каналының ұзындығы 1,75 км құрайды. Осы каналға 1970 жылдан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. 2005 жылы жөндеу жұмыстары жобасы дайындалып, 2006 жылы Қазақстан Республикасы Су ресурстары комитетіне тапсырылған болатын. 2009 жылы 1.098 млн. теңге көлемінде жоба қайта дайындалып, осы комитеттің қарауына жіберілді. Егер каналға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмесе, осы канал арқылы шаруашыльқтарын суғарып өнім алып отырған 1310 адам жұмыссыз қалатын қаупі бар.

2) облыс аумағындағы шаруа қожалықтарына субсидия және жанар-жағар майдың көктем шықпай ертерек берілуіне ықпал етсеңіз;

3) облыс орталығына жақын орналасқан Аса елді мекені тұрғындары ауыз сумен толық қамтылмаған.

4) Аса ауылындағы 5 қабатты тұрғын үйдің кәріз жүйелерін қалпына келтіру мәселесін шешіп беруіңізді сұраймыз.

Жауап:

1) «Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы «Раис» каналды күрделі жөндеу» жобалық сметалық құжаттары жасалынып, сараптамадан өткізілген. 111,8 млн. теңгені құрайтын бұл жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетіне 2010 жылға қаржыландыруға тапсырыс берілген. Бірақ, қаражаттың тапшылығына байланысты жоба 2010 жылы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын нысандардың тізіміне кірген жоқ.

Қазіргі кезде бұл жобаны 2010 жылдың екінші жарты жылдығына қаржыландыру тізіміне енгізу шаралары жүргізілуде.

2) Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май және басқа да тауарлы-материалды құндылықтар құнын арзандату Ережесі бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының өскінін аудандық ведомствоаралық комиссия тексеріп, егісті қабылдау актісін жасайды. Осы акті негізінде (басқа да қажетті құжаттар) облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы шаруашылыққа субсидия төлейді. Ал көктемгі еккен дақылдардың өскіні негізінен сәуір, мамыр айларында толық шығады. Сондықтан субсидия мамыр, маусым айларынан бастап төленеді.

2010 жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар майды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі квота бойынша бөледі. Алайда бүгінгі күні облысымызда көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май көлемі және негізгі оператор белгілену үстінде. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге шаруашылықтарға жанар-жағар май наурыз айынан бастап берілетін болады.

3) Аса ауылы тұрғындарын орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында 881 млн. теңге тұратын Құмтүйін - Аса біріккен су жүйелеріне жобалық-сметалық құжаттама даярланып, қазіргі кезде мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. «Ауыз Су» бағдарламасында Аса ауылына су құбырын салу 2011 жылға жоспарланған.

4) Аса ауылындағы күрделі жөндеуден өткен 5 қабатты көп пәтерлі тұрғын үй кәріз су жүйелерін қалпына келтіру үшін 161 млн. теңге тұратын жобалық-сметалық құжаттама даярланған. Аталған құжат қазіргі таңда мемлекеттік сараптамада қаралуда.

Осыдан кейін қаржы көздері қарастырылатын болады.



Тараз қаласы №1 сайлау округінен депутат Шлегель Александр Иванович.

Сұрақ: Облыс аумағында қант қызылшасын өсіру мәселесін жандандырсаңыз.

Жауап: «Жамбыл облысында қант қызылшасы шаруашылығы мен қант өндіруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда.

Барлық аудандарда қызылша егетін шаруашылықтар мен алқаптар анықталып, оларды ағын су көздеріне жақын орналастыру мәселесі шешілді. Қызылша егілетін алқаптарда сүдігері толықтай көтерілді. Алынуы тиіс, қажетті техникалардың, тұқым мен минералдық тыңайтқыштардың және пестицидтердің көлемі есептеліп, нақтыланды.

Нақтыланған жоспарға сәйкес 2010 жылы қант қызылшасы алқабын 6000 гектарға егу белгіленіп, аталған дақылдың көлемі әр аудан бойынша төмендегідей қалыптасып отыр:

Байзақ ауданы – 1200 га, Жамбыл ауданы – 1200 га, Жуалы ауданы – 500 га, Қордай ауданы – 600 га, Меркі ауданы – 1200 га, Т.Рысқұлов – 100 га, Шу ауданы – 1200 га.

Облыстық бюджеттен қант қызылшасы шаруаршылығын дамытуға және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге техника, минералды тыңайтқыштар, пестицидтер т.б. материалды құндылықтар алу үшін 480 млн. теңге бөлініп отыр.

Облыстағы 2 қант зауытын қызылша өндірісіне бағытталуына қажетті 200 мың тонна шикізат өндіруге толық мүмкіндік бар.



Мойынқұм ауданы №25 сайлау округінен депутат Кодеков Жомарт Жұманазарұлы.

Сұрақ:

Мойынқұм ауданы Шығанақ және Қияқты елді мекендерін ауыз сумен қамту мәселесі жөнінде жобалық құжаттары бар, алайда 2010-2015 жылдар аралығындағы бағдарламаға осы мәселе енгізілмеген.



Жауап: Шығанақ елді мекенін ауыз сумен қамту мақсатында аудан басшылығының күшімен 386,0 млн. теңге тұратын құрылысының жобалық-сметалық құжаттама әзірленген, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өтуде. Егер «Жол картасы» бойынша 2010 жылы республикалық бюджеттен үнемделген қаражат көзі табылатын болса, жұмыс осы жылы басталуы мүмкін, әйтпесе 2011 жылғы инвестициялық жобалар тізбесіне енгізілетін болады.

Қияқты елді мекеніне ауыз суды орталықтандырылған су жүйелерімен жеткізіп беру үшін бүгінгі күнде жоба даярлануда, мемлекеттік сараптамадан өткен соң «Ауыз су» бағдарламасы бойынша тиісті қаражат бөлінуі 2011 жылға жоспарланған.


Сарысу ауданы №27 сайлау округінен депутат Бегеев Сағынбек Арыстанұлы.

Сұрақ:

1) «Жаңатас су-жылу» мекемесін сауықтыру үшін 78 млн. теңге қажет, оны аудан бюджеті көтере алмайды, осы мәселенің шешілуіне ықпал етсеңіз.



Жауап:

«Жаңатас су-жылу» кәсіпорынын сауықтыру мәселесі бойынша 2010 жылғы облыстық бюджетті нақтылау барысында қаралады.



Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы облыстық филиалының төрағасы Әмреқұлов Сағынхан Әмреқұлұлы.

Сұрақ:

1)Қазақстан Республикасының 2005 жылғы № 633 қаулысына сәйкес жеміс-көкөніс кластерін құру мәселесі көтерілген болатын, осы іс облысымызда өз орнын таба алмай отыр. «Оңтүстік» ӘКК кластер құруға 300 млн. теңге қаржы қарастырамыз деген, алайда осы мәселе шешімін тапқан жоқ.

2) облыс аумағында майлы дақылдарды өсіру мәселесін жандандыру қажет.
Жауап:


  1. Жеміс-көкөніс кластерін құру жұмысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылдың 25 маусымындағы № 633 «Экономиканың басым секторында пилоттық кластерлерді құру және дамыту жоспарларын бекіту туралы» қаулысын және осы қаулымен бекітілген «Тамақ өнеркәсібі пилоттық кластерін құру және дамыту туралы» жоспарына сәйкес жүргізіліп келеді. Жамбыл облысы пилоттық жеміс-көкөніс кластерін құру аймағы ретінде бекітілген.

Облыста көкөніс өндіру көлемі жергілікті тұрғындарының қажеттілігінен анағұрлым жоғары, сондықтан көп бөлігі солтүстік өңірге жіберіледі. 2009 жылы облыста 215,0 мың тонна пияз өндірілді, бұл облыс тұрғындарының қажеттілігінен 11 есе (19,0 мың тонна), 76,5 мың тонна сәбіз – қажеттіліктен 4,2 есе (18,2 мың тонна) артық өндірілсе, қызанақ пен қияр да жеткілікті көлемде (жылына тиісінше 60 және 30 мың тоннадан астам) өсірілуде.

Кластер құруды және дамытуды негізінен облыстың жеміс-көкөніс белдеуінде орналасқан Байзақ, Жамбыл, Қордай және Шу аудандары қайта өндеуші кәсіпорындарының көмегімен жүзеге асырылуда. Экономикалық дамудың кластерлік теориясының әдістемесі бойынша кластерге әлеуетті қатысушылардың тізбесі аңықталып, кластерлік карта жасалынған.



  1. Егіншілік саласын диверсификациялау нәтижесінде, облыста сұранысы жоғары көкөніс, картоп, майлы және бақша дақылдарын өндіру анағұрлым ілгеріледі. Оның ішінде майлы дақылдар 2008 жылы 28,7 мың гектарға отырғызылса, 2009 жылы 63,0 мың гектарға егілді. Яғни, майлы дақылдар алқаптарының көлемі 2,2 есеге өсті.

Алдағы жылдары майлы дақылдар бойынша 2 элиталы тұқым шаруашылығын құру жұмыстары атқарылуда.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет