2013 жылғы 4 тоқсанының қорытындысы бойынша аудан бюджеті
2014 жылдың 1 қаңтарына жеке табыс бойынша аудан бюджеті 101,3 пайызға орындалды, жоспар бойынша 1167,0 млн.теңге, нақты түскені 1182,1 млн. теңге, өткен жылғы деңгейге қарағанда 106,5 пайыз (1109,7 млн. теңге).
Аудан бюджеті бойынша бересілер – 0,4 млн.теңгені құрайды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2 млн.теңге төмен (2012 жылы – 0,6 млн.теңге).
Алгоритм аясында қосымша 29,8 млн.теңге түсті, жоспар бойынша тапсырма – 30,0 млн.теңге, ауытқу– 0,2 мың теңге.
Жеке табыс бойынша аудан бюджеті 1140,0 млн.теңге бекітілген болатын, жоғарылау жағына қарай нақтылау 1 рет 2013 жылдың шілде айында 1167,0 млн.теңгеге болды.2013 жылдың қорытындысы бойынша орындау – 1182,1 млн.теңге, бекітілген бюджетке +42,1 млн.теңге немесе +3,7%, нақтыланған бюджетке + 15,1 млн.теңге немесе 1,3%.
Жалпы аудан бойынша еңбекақы қоры 2013 жылдың қорытындысы бойынша 20,3% өсті және 6,7 млрд.теңгені құрады. Ауданның 10 кәсіпорындарында жыл бойы орташа еңбекақы орта есеппен 16,8% өскен.
Жер салығының базалық мөлшерлемесін (түзеу коэффициенті) өсіру 2012 жылғы мәслихаттың қабылданған шешіміне сәйкес қаралған. Түзеу коэффициенттерін барынша өсіру мәселесі 2014 жылдың 1 жартыжылдығында қаралатын болады.
2014 жылдың 1 қаңтарына бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджеттік қаражаттарды игеру 99,9 пайыз, жоспар бойынша 3839,1 млн.теңге, игеру 3833,6 млн.теңгені құрады. Шоттағы 5,5 млн. теңге қалдықтар бос орындардың болуынан, уақытша еңбекке жарамсыз парағынан, демалыстар кестесінің өзгеруінен, іс сапарлардан, мемлекеттік сатып алулардың қорытындысынан, орындалған жұмыстар актілерінің болмауынан, коммуналдық қызметтерді пайдаланудың табиғи көлемінің өзгеруінен, сарып ауруына қарсы екпенің болмауынан (ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы алынады), Қазынашылық органдарына төлем шоттарын жай тапсыру есебінен болды.
2014 жылға арналған жоспар:
Бюджетке меншік қаражаттардың барынша түсуін қамтамасыз ету және бюджеттік қаражаттарды игеру.
Достарыңызбен бөлісу: |