Туберкулез – әр түрлі мүшелерді зақымдайтын, көбіне өкпеде орнығып, ағзаның улануымен, клиникалық көрінулер полиморфизмімен сипатталатын, толқын тәрізді өтетін созылмалы жұқпалы дерт



бет1/4
Дата02.12.2023
өлшемі20.29 Kb.
#485148
  1   2   3   4
Туберкулез


Туберкулез – әр түрлі мүшелерді зақымдайтын, көбіне өкпеде орнығып, ағзаның улануымен, клиникалық көрінулер полиморфизмімен сипатталатын, толқын тәрізді өтетін созылмалы жұқпалы дерт. Тырнақтар мен шаштан басқа адам ағзасының барлық мүшелерін, улпаларын зақымдап, туберкулездің өкпеден тыс түрлерінің дамуы мүмкін.
Этиологиясы. 1882 ж 24-ші наурызда неміс ғалымы Роберт Кох туберкулез қоздырғышын – туберкулез таяқшасы деп ашты.Сондықтан Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы 24 –ші Науырызды ресми Дүниежүзілік Туберкулезге қарсы күрес күні деп жариялады. Туберкулез таяқшасының бірнеше түрі болады.

  1. Mycobacterium bovis – бұқалар түрі.

  2. Mycobacterium tuberculosis – адамдар түрі.

  3. Mycobacterium avium - құстар түрі.

  4. Mycobacterium murium - тышқандар түрі.

Олар, көлемі жіңішке таяқшалар, аэробтар, өсу орталғы 37-380С, эндотоксин бөледі, аллергендік қасиеті бар, құрамында антиген бар. ТБ сыртқы ортада үлкен төзімділікпен ерекшеленеді: көше шанында 10 күнге дейін, кітап парақтарында – 3 айға дейін, науқастың киімдерінді және ішкі киімінде 3-4 айға дейін, суда 5 айға дейін, ал қарда өте ұзақ уақыт олардың өміршеңдігі сақталады.
Этиопатогенез: Жұқтырудың негізгі көзі – туберкулездің ашық түрімен ауыратың науқас. Туберкулездің ашық түрімен ауыратын науқас емделмесе жылына орта есеппен 10-15 адамға туберкулез жұқтырады.
Құрамында ТБ бар, шикі сүт және басқа сүт өнімдерін қолданғанда, сондай-ақ ауыру жануарларды күтіп баққанда адам туберкулезбен ауыруы мүмкін. Жуғу жолдары – аэрогендік (ауа арқылы), қарым қатынас.
Инфекция жұқтырғандардың бәрі бірдей туберкулезбен ауырмайды, атап айтқанда иммундық жүйесі нашарлаған адам туберкулезбен ауыру ықтималдығы жоғарлайды.
Жұқтырған адамдарда ағзасында біріншілік туберкулезді комплекс дамиды. Дене қызуы кенеттен 38-390С-қа көтеріледі, 2-3 апта вирустық инфекцияға ұқсап ауырып, сауығады.Кейін оларда Манту байқауы оң көрсетеді. Жұқтырғандардың ішінен 10-15% ғана кейін иммунитеті төмендесе екіншілік туберкулезбен ауруы мүмкін.
Жіктемесі: орнығу орнына сәйкес туберкулездін мынадай түрлерін ажыратады:

  1. Өкпе туберкулезі – өкпе паренхимасы зақымданады.

а) ашық түрі – қоршаған ортаға МТ (+), таратады
б) жабық түрі – қоршаған ортаға МТ (-), таратпайды.
2. Өкпеден тыс туберкулез - барлық басқа мүшелермен ұлпалардың туберкулезі (плевраның, лимфа түйіндерінің, іш қуысының , несеп- жыныс жүйесінің, буындар мен сүйектердін, бас миы және жұлын қабықшаларының).
Клиникасы. Туберкулезінің негізгі белгілері: 2 аптадан артық жөтелу, әлсіздік, салмақ жоғалту, тершендік, әсіресе түнгі уақытта шылқылдап терлеу, кеуде қуысындағы ауырсыну, қан түкіру, ұзақ уақыт бойы дене қызуының жоғарлауы. Науқастың беттерінің үші қызарып, көзі жылтырап, жасарып кеткендей болады.
Диагностикасы.

  1. Ауру белгілері бар науқастардан қақырықтың бактериоскопиялық әдісін.

  2. Туберкулезбен ауыру қауіпі жоғары халық арасында флюорография әдісін қолдана отырып, туберкулезді ерте анықтау.

  3. Өкпе рентгенографиясы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет