Тура мағыналы сөзді табыңыз



Дата10.04.2024
өлшемі18.78 Kb.
#498283
5- сынып олқылық тест


  1. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

A. Қабырғаңмен кеңес. B. Қабырғасын сөкті. C. Қабырға сағаты.
D. Қабырғасы қайысты. E. Жылқының қабырғасы.



  1. Омоним сөзді белгілеңіз.

A. Көз. B. Жақ. C. Мұрын. D. Түп. E. Бор.



  1. Белгілі бір аймақта ғана тек ауызекі

қолданылатын сөздерді не дейтінін анықтаңыз.
A. Кәсіби сөз. B. Кірме сөз. C. Архаизм. D. Диалект сөз. E. Көнерген сөз.


4. Басқа тілден енген сөзді табыңыз.
A. Мұғалім. B. Гүл. C. Бағдаршам. D. Бесік. E. Бала.


5. Кәсіби сөз әрі диалект сөзді көрсетіңіз.
A. Шемішке. B. Дарбаза. C. Қақпа. D. Күнбағыс. E. Кернеу.


6. Наным-сенімнен және ырымдардан
туындаған сөздердің атауын белгілеңіз.
A. Кірме сөз. B. Эвфемизм. C. Дисфемизм. D. Диалект сөз. E. Табу сөз.


7. "Сыпайы сөйлеу" сөз тіркесінің синонимі болатын атауды табыңыз.
A. Дисфемизм. B. Эвфемизм. C. Мақал-мәтел. D. Нақыл сөз. E. Идиома.


8. Дисфемизмге жатпайтын сөзді көрсетіңіз.
A. Боқмұрын. B. Өсекші. C. Ақ саусақ. D. Мылжың. E. Сөзуар.


9. Синоним сөздерді табыңыз.
А. Болашақ – бірлік. В. Ынтымақ – негізгі. С. Келешек – тәуелсіздік.
D. Азаттық – асыл. E. Мирас – мұра.


10. Қысаң дауыстыларды табыңыз.
A. А, ә. B. Е, и. C. Ө, о. D. Ы, і. E. Ю, я.


11. Бос орынға қай сөз сәйкес келетінін анықтаңыз.
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша ________ болады.
A. Дауыссыз дыбыс. B. Буын. C. Әріп. D. Тасымал. E. Екпін.


12. Сөз ішіндегі ілгерінді ықпалды табыңыз.
A. Қара ала. B. Саққұлақ. C. Ала қаз. D. Бозжан. E. Айтбек.
13. Орфографиялық заңдылықпен жазылған сөзді табыңыз.
A. Жұлұн. B. Бүгүңгү. C. Көлеңке. D. Бүрсүгүнү. E. Байағы.


14. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздер қатарын табыңыз.
A. Шегара, баспана. B. Аман-есен, асты-үсті. C. Екібастұз, Алакөл.
D. Отағасы, тасбақа. E. Ешқашан, кейбір.


15. Қай дыбыстар жұп бола алмайтынын белгілеңіз.
A. п-б. B. ғ-қ. C. к-г . D. с-ш. E. ф-в.


16. Екпін түспейтін қосымшаны табыңыз.
A. Септік жалғауы. B. Жіктік жалғауы C. Тәуелдік жалғауы.
D. Көптік жалғауы. E. Жұрнақ.


17. Тек бірыңғай қазақ тіліне тән дауысты дыбыстардан құралған сөзді табыңыз.
A. Өзен. B. Қамыс. C. Алатау. D. Керуен. E. Күлкі.


18. Газет-журналдарда жазылған тіл әдеби тілдің қай түріне жататынын анықтаңыз.
A. Жазбаша тіл. B. Ауызша тіл. C. Көркем әдебиет.
D. Орфография. E. Орфоэпия.


19. Мақалдың жалғасын табыңыз.
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ... .
A. Ақша. B. Денсаулық. C. Ой. D. Тазалық. E. Білім.


20. Антоним сөздерді табыңыз.
A. Қатты, жұмсақ. B. Кітап, оқулық. C. Береке, бірлік.
D. Ағайын, туыс. E. Жақсы, дұрыс.

21. Тұрақты тіркесті табыңыз.


A. Жаңалықтың көкесі біздің үйде. B. Бар білгенімді айтып салдым.
C. Адамның көп қатесі – тілінен. D. Біреу біліп сөйлер, біреу есіп сөйлер.
E. Ол көптен бері ат ізін салмай кетті.

22. Қай қатар табу сөзге қатысты емес екенін белгілеңіз.


A. Жай – жасыл. В. Шешек – қорасан. C. Қасқыр – ұлыма.
D. Қылтамақ – жаман ауру. Е. Мылжың – ауызбастырық.

23. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.


A. Сабақтың аяғында. B. Үйдің сыртында. C. Төмен қарайды.
D. Атты әскерлер. E. Тыныш отыр екен.

24. «Күту» сөзі қай сөзбен тіркескенде, ауыспалы мағынаға ие болатынын табыңыз.


A. Біреуді. B. Кезек. C. Автобус. D. Қоңырауды. E. Қонақ.
25. Тұрақты тіркесті табыңыз.
А. Ырыс алды – ынтымақ. B. Бойшаң қыз. C. Тас бауыр. D. Туған жер. E. Түйме тағу.

26. «Ұятқа қалу» тіркесінің синонимін анықтаңыз.


A. Қаймағы бұзылмау. B. Қабақ шытысты. C. Көрпеңе қарай көсіл.
D. Кежегесі кейін тарту. E. Жердей болу.

27. Дисфемизмді тіркесті табыңыз.


A. Саңырау адам. B. Көреген кісі. C. Парасатты адам. D. Жаралы жан.
E. Бауырмал жігіт.

28. Бірыңғай еріндік дауысты дыбысы бар сөзді ажыратыңыз.


А. Әңгіме. В. Метр. С. Жеміс. D. Білімді. E. Көну.

29. Синонимдік қатарды табыңыз.


A. Тегін, тегіс. B. Жазды, бақты. C. Тағат, төзім. D. Сызық, жазық. E. Ауылдас, мұңдас.

30. Омонимнің көп мағыналы сөзден айырмашылығын анықтаңыз.


A. Әр сөз табынан жасалады. B. Жасалу жолы бірдей. C. Сөз мағынасында ұқсастық бар.
D. Лексика саласына жатады.
E. Дыбысталуы әр басқа.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет