МКҚК «Айгүл» балабақшасы
«Жол тәртібін білейік,
аман –есен жүрейік»
«Балапан» тобы
Тәрбиеші: Ж.Жайлиева
2010-2011 оқу жылы
Тақырыбы: «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік»
Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережелерімен таныстырып,
бағдаршам туралы ұғымын кеңейту. Алған білімдерін
тиянақтау, сұрақ- жауап арқылы сөздік қорын молайту.
Көрнекілік: Жол белгілері, бағдаршам, ойыншық машиналар, суреттер.
Ұйымдастыру: Балалар шеңбер болып тұрып, бір-біріне жылы лебіз
білдіреді.
Арайлап таң атты (қолдарын жоғары көтереді)
Алтын сәуле таратып (қолды созып сәуле таратады)
Жарқырайды қаламыз (екі қолды екі жаққа жаяды)
Жайнай түсті даламыз (даланы көрсетеді)
Қайырлы таң, балалар (бір-біріне қарайды, бастарын иеді)
Қайырлы таң, апайлар (апайларға қарап, басын иіп
сәлемдеседі)
Сәлем, сәлем,сәлем.
Тәрбиеші: -Балалар, мен бүгін сендерге сәттілік тілеймін.
Балалар біздер бүгін «Жол белгілері еліне саяхатқа»
шығамыз. Ол үшін автобусқа отырайық, Қане кім
жүргізуші болады?
Балалар: Бекболат болсын.
Тәрбиеші: Ендеше, Бекболат келе ғой, сен автобус жүргізушісісің.
(балалар орындықтарына сап түзеп отырады)
Қане, балалар автобуста жүру ережелерін есімізге
түсірейікші.
-Автобуста айғайлап сөйлеуге, қатты күлуге бола ма?
Балалар: Жоқ.
Тәрбиеші: Неге?
Балалар: Ол әдепсіздікке жатады.
Тәрбиеші: Ал енді балалар ашық есік, терезеден басын шығарып қол
созуға бола ма?
Балалар: Олай істеу қауіпті (өздерінің ойларын айтты)
Тәрбиеші: Өте дұрыс, ендеше орнымыздан тұрып саяхатқа
шығайық.Қане соңымнан еріңдер(балалар тақтада ілулі
тұрған сурет қасына келеді ).
Тәрбиеші: Балалар мына суретке назар салып қарайықшы.
Мынау- «Бағдаршам»
Бағдаршамның 3 көзі бар.
Қызыл
Сары
Жасыл
Ал мына суретте ақ-қарамен сызылған жолақтар.
Ол адамдар жүретін жол белгісі.Балалар, жүріңдер саяхатымызды жалғастырайық.
Мынау- «Бағдаршам»
Бағдаршам алдында көптеген машина жүріп келеді.
Машиналар «қызыл» жанғанда – тоқтайды.
«Сары» жанғанда – дайындалады.
«Жасыл» жанғанда – жүреді.
Қане машиналарды жүргізіп көрейік.
Бекболат, Серікжан, Ақтай, Жігер, Әулет машиналарды жүргізіңдер.
(балалар машинаны жүргізеді)
Ал енді балалар шаршаған шығарсыңдар.
«Қызыл, сары, жасыл» ойынын ойнайық.
Ортаға бағдаршам қойылады.
Шарты: Бағдаршамның «жасыл» жарығын: жаққанда , балалар аяқтарын жүрген сияқты бір орында тұрып қозғалыс келтіруі тиіс.
«сары» жарығын жаққанда, ду қол шапалақтайды.
«Қызыл» жарығын жаққанда балалар бір орында қозғалмай тұрып қалады.
Ал енді ойнап болсақ жұмыс жасайық.
«Бағдаршамды» желімсіз жапсырамыз.
(әдіс-тәсілдерін көрсету)
Өте жақсы жапсырдыңдар, бұдан былай бағдаршамды білетін болдық.
Балалар, саяхатымызды одан әрі жалғастырайық, бері қарай жүріңдер.
Мына суретке қараңдаршы, не байқадыңдар?
Балалар, жолда дұрыс жүрді ме?
Ия, дұрыс жүрді.
Ал, мына суретте ше?
Бала жолдан дұрыс өтпеді, оны машина қағып кетеді, ол бағдаршамның қасынан өтуі керек еді.(балалар ойларын айтты).
-Бәрекелді, балалар, дұрыс айтасыздар.
Бүгін бағдаршам туралы айттық, оны білетін болдық.
-Қане автобусымызға барып отырып, тобымызға барайық.
Сабақты қорытындылау:
Балалардың жол жүру ережелері туралы білімдерін тиянақтау.
Әңгімелеп беруге дағдыландыру. Жақсы қатысқан, бағдаршамды жақсы жапсырған балаларды мадақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |