2 кесте - Қышқылды-негіздік әдіс бойынша катиондарды жіктеу.
Топ
|
Катиондар
|
Топтық реагент
|
Қосылыстар ерігіштігі
|
I
|
K+, Na+, Rb+, Mg2+ , NH4+
|
Жоқ
|
Хлоридтері, сульфаттары, гидроксидтері суда ерімтал
|
II(хлорлы)
|
Ag+, Pb2+, Hg2+
|
HCl
|
Хлоридтер суда ерімейді
|
III(сульфатты)
|
Ba2+, Sr2+, Ca2+
|
H2SO4
|
Сульфаттар суда ерімейді
|
IV
(амфолитті)
|
Al3+, Cr3+, Zn2+, Sn2+,
Sn(IV), As(III), As(V), Sb (3), Sb (5)
|
NaOH, H2O2 (арт)
|
Гидроксидтері амфотерлік, артық мөлшердегі сілтіде ериді.
|
V гидроксилді
|
Mn2+, Fe2+, Fe3+, Bi3+
|
NaOH
|
Гидроксидтері артық мөлшердегі сілті және аммиакта ерімейді.
|
VI (аммиакатты)
|
Cu2+, Cd2+, Co2+, Ni2+, Hg2+
|
NH4ОН
|
Гидроксидтері сілтіде ерімейді, бірақ NH4ОН ериді.
|
Зертханалық жұмыс.
1 топ катиондарынасапалық реакциялар
Na+иондарының реакциялары
1. KH2SbO4∙2H20 әсері.
Зерттелетін ерітіндіге (рН=7) 2-3 тамшы KH2SbO4∙2H20 қосамыз. Реакция салқында жүргізіледі. Ақ тұнба түседі.
2. Жалынның боялуы.
Na+иондары жалынды сары түске бояйды.
K+иондарының реакциялары
1. Na3[Co(NO2)6] әсері.
2-3 тамшы зерттелетін ерітіндіге абайлап 2-3 тамшы 2н сірке қышқылын әлсіз қышқыл реакцияларына (рН=3) дейін қосамыз. Содан кейін, 1-2 тамшы жаңа дайындалған Na3[Co(NO2)6] ерітіндісін қосамыз. Сары тұнба түседі.
2. Жалынның боялуы.
К+иондары жалынды күлгін түске бояйды.
NH4+ иондарының реакциялары
1. Сілтілердің әсері.
2-3 тамшы зерттелетін ерітіндіге бірнеше тамшы 2н сілті ерітіндісін қосып, су моншасында қыздырамыз. Аммиак бөлінеді.
2. Несслер реактиві (K2[HgI4] пен KOH қоспасы) әсері.
1-2 тамшы зерттелетін ерітіндіге 1-2 тамшы Несслер реактивін қосамыз. Сарғыш-қоңыр несесе сары түске боялған тұнба түзеді.
Mg2+иондарының реакциялары
1.Калий гидрофосфатымен реакциясы .
2-3 тамшы зерттелетін ерітіндіге 1 тамшы NH4Cl ерітіндісін, 2-3 тамшы NH4OH ерітіндісін және 2-3 тамшы K2HPO4 ерітіндісін қосамыз. Ақ тұнба түседі.
2 топ катиондарына сапалық реакциялар
Ag+иондарының реакциялары
1. HCl-мен реакциясы .
2-3 тамшы зерттелетін ерітіндіге 2-3 тамшы HCl ерітіндісін қосамыз. Ақ ірімшік тәрізді тұнба түседі.
2. KI-мен реакциясы.
2-3 тамшы зерттелетін ерітіндіге 2-3 тамшы KI ерітіндісін қосамыз. Сары тұнба түседі.
Pb2+ иондарының реакциялары
1. K2CrO4-мен реакциясы.
2-3 тамшы зерттелетін ерітіндіге 2-3 тамшы 2н сірке қышқылын және 2-3 тамшы K2CrO4 қосамыз. Сары тұнба түзіледі.
2. Сульфаттармен реакциясы.
2-3 тамшы зерттелетін ерітіндіге 2-3тамшы 2н азот қышқылын және 2-3 тамшы 2н күкірт қышқылын қосамыз. Ақ тұнба түзіледі.
3. KI-мен реакциясы.
2-3 тамшы зерттелетін ерітіндіге 2-3 тамшы KI ерітіндісін қосамыз. Сары тұнба түседі. 2-3 тамшы 2н сірке қышқылын қосамыз, 2-3 тамшы су тамызып, қыздырамыз. Салқындатқаннан кейін алтын түсті-сары тұнба түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |