Сабақтың ортасы
20 минут
|
Тақырыпқа назар аударылады.
«Мектебім-мейірім мекені»
-Осы тақырып туралы не айтуға болады?
«Мектеп» - сөзіне қатысты әр әріпке сай сөздерді тауып жазу.
М-мейірім, махаббат
Е-еңбек, ел, ерлік
К-көмек, көгершін
Т-тазалық, талап
Е-ерінбеу, ереже
П-пейіл, парта
Ақын-жазушыларымыз оқу-білім туралы не айтқанын есімізге түсірейік...
(Ы.Алтынсарин,А.Байтұрсынұлы)
Тақтадағы көрнекіліктермен жұмыс жасау:
-Мектебіміз қай жылы ашылды?
-Оқушылар өздерін қалай ұстау керек?
-Бүгін қандай күн? Несімен ерекше?
-Мектептен не үйреніп жатырсыңдар?
-Мектебіміздің директорының аты-жөні кім?
«Мектеп тарихы»
№20 ЖОББМ негізі 1958жылы 15 қарашада бастауыш мектеп болып ашылды. 1959 жылы 25 маусымда 7 жылдық, 1962 жылы қаңтардан 8 жылдық болса, 1971 жылы желтоқсаннан орта жалпы білім беретін мектеп болып қаланды. Көптеген танымал тұлғаларды шығарды.
«Мектеп», «Мейірімділік» сөзіне топтастыру құрастыру.
(Мектеп – тәрбие, оқу, өнер, білім, әдептілік ережесі, мұғалім, шеберлік)
(Мейірімділік – қамқорлық, кішіпейілділік, адамгершілік, бауырмалдық, жылылық)
Мейірімділік деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
«Қайырымдылық», «жанашырлық» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
Қайырымдылық - мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық - мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау.
Қазіргі заманда байыған адамдар «қайырымдылық қауымдастығын» ұйымдастырып, сол арқылы жеке адамдарға, әрі асса, бүкіл елге қайырымдылық жасайды. Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдық жасау,кіріптарға қайыр беру, қарттарды аялау, мүгедектерді қорғап қоршау әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді.
Қайырымдылық жылу беру, сыйлық ұсыну, демеуші болу, сый-сыбаға тарту, көрімдік, байғазы бәсіре т.б жөн –жоралғылар арқылы іс жүзінде ізеттілікпен, ілтипаттылықпен, инабаттылықпен, сыпайылықпен орындалады.
Қайырымды, мейірімді адам- айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлап, оларға мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық, қайырымдылық жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды.
|
Тақырыпқа назар аударады.Мағынасы бойынша өз ойларын айтады.
Қойылған сұрақтарға жауап берді.
Өткен сыныптағы материалдар бойынша білім, оқу, мектеп туралы шығармаларды еске түсіреді.
Мұғалімнің қойған сұрақтарына да жауап іздейді.
Мәтінді тыңдайды, талдауға қатысады.
Сұрақтарға жауап береді.Топтастыру құрастырады.
|
«Комплименттер бұрқасыны»
ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.
Смайликтер тарату
Мадақтау және қолдау көрсету.
Мадақтау және қолдау көрсету.
Смайликтер тарату
|
Слайд
Суреттер
Мәтін
Мәтін
Стикер
маркер
|