Математикадан интеллектуал сайыстарды ұйымдастыру
Дидактикалық ойын мен интеллектуал сайыстың маңызы
Мазмұны:
І. Кіріспе бөлім. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . 3
І.1.Ойын-пәнге қызығушылықты арттырудың тиімді жолы. . . . . . . . . .4
І.2.Дидактикалық және ұлттық ойындарға анықтама. . . . . . . . . . . . . . .5
ІІ. Негізгі бөлім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
ІІ.1.Дидактикалық ойындарды сабақтың әр алуан буындарына енгізу.16
ІІ.2. Интеллектуал сайыстарды ұйымдастыру: . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 22
а) “Ұшқыр ойлы топ” интеллектуалдың сайыстың бағдарламасы...... 22
б) «Жүзден жүйрік» атты интеллектуалдық сайыстың өткізілуі...........28
ІІІ. Қорытынды бөлім. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 33
Қолданылған әдебиеттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 34
Ойын дегеніміз ұшқын,білімге құштарлық
пен еліктеудің маздап жанған оты. Ойынсыз,
музыкасыз, творчествосыз, фантазиясыз
толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды.
В.М. Сухомлинский
І. Кіріспе
Елімізде үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Өзбекстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз. Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру.
Білім беруді дамытуда өскелең ұрпақтың мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысы болашақ мамандығының кәсіби маңызды қасиеттерін жетілдіруге бағытталуы тиіс. [1]
Сондықтан өмірге жан–жақты дайындалған, еңбексүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, рухани –интеллектуалдық тұрғысынан бай азамат тәрбиелеу , білім беру – тәрбиелеудің басты мақсаты. Бүгінгі білім мен тәрбие технологиясында «жеке тұлға» тәрбиелейтін мұғалімнің де өзіндік жеке тұлға ретінде шығармашылығының орны ерекше.
Оқушыларды математикаға қызықтырудың бір түрі-сайыс. Бұл сайыстарда оқушылар тез есептеуге, ойын тез жинақтауға дағдыландырылды. Оқушылардың сайысқа дайындалу кезінде олардың ізденімпаздығы, творчестволық қабілеті артып, практикалық дағдысы дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |