3.Клиникалық көрінісі.
Жасырын кезеңі 3-6 айға созылады. Инфекциялық процесс вирус қанға енгеннен кейін басталады.
1)Сарғаю; 2)Сарғаюсыз; 3)Клиникалық көрініссіз
Сырқат біртіндеп басталады. Әлсіздік, енжарлық, тәбетінің төмендеуі, 2-5 күннен кейін тамақтан соң жүрегі айнып, құсады. Қату
немесе іш өту. Сарғаю кезеңі 3-4-5 аптаға дейін және одан да ұзақ болуы мүмкін.
4.Инфекция көзі- жедел және созылмалы гепатитпен науқастанғандар және де вирустасымалдаушылар.
Негізгі берілу жолдары- иньекциялық, гемотрансфузиялық және жыныстық қатынас арқылы берілу. Инфицирленген ананың босану
жолдарымен өткенде вирус нарестеге вертикальды жолмен беріледі.
5.Емдеуі. Симптоматикалық емдеу шараларымен қатар интерферон, интерфероногендер қолданылады.
Алдын алу. Жалпы-медициналық шаралармен қоса спецификалық профилактика мақсатында вакцина егу қолданылады. Жаңа туылған
нарестеге алғашқы 24 сағатта В гепатитке қарсы егіледі, 2 ай және 4 айдан кейін вакцина егуді қайталайды. Ересектер арасында В
гепатитін жұқтыру қаупі зор, қатерлі топтарға жататын адамдарға 3 рет вакцинаа егу жүргізіледі. Вакцинадан кейінгі иммунитет
ұзақтығы 7 жылға дейін сақталады.
---21. 1.Гепатит С қоздырғышы.
1.СГВ- флавивирустар тұқымдастығына жататын, РНҚ геномды вирус. СГВ қоздыратын гепатит созылмалы түрде өтеді. Бұл гепатиттің
созылмалы көбінесе бауыр циррозына және біріншілік бауыр карциномасы дамуына әкеледі.
2.Таксономиясы.
Тұқымдастығы: Flaviviridae
Туыстастығы: Hepacivirus
Түрі: HCV
3.Клиникалық көрінісі
В гепатитке қарағанда жасырын кезеңі қысқа- 6 дан 12 аптаға созылады. Клиникалық ағымы да В гепатитке қарағанда жеңілдеу өтеді.
Көбінесе сарғаюсыз түрі кездеседі. Ауруды қандағы аланинтрансаминазаның көбеюіне байланысты анықтауға болады. Инфекциянын
салыстырмалы түрлде жеңіл өтуіне қарамастан 50% жағдайда созылмалы гепатит қалыстасуына әкеледі, ал 20% жағдайда бауырдың
созылмалы зақымдануы цирроз және қатерлі ісік дамуымен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |