Дайындаған: Халық Рамазан Группа: ВМ-23-421-10 Тексерген: Рагатова А.Ж
Қостанай.2024
ЖОСПАР - Кіріспе
- Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы заңы»
- Жалпы ережелер
- Бап
- Бап
- Бап
- Қолданылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасында жүргізілетін ветеринариялық қызметтің негізігі мақсаты шаруашылықтарда ветеринариялық шараларды сапалы әрі уақытылы жүргізіп, жануарларды жұқпалы емес, жұқпалы және паразиттік аурулардан тазарту, қауіпті індеттерден адамды сақтандыру, мал ауруын азайту, шығынға жол бермей, шаруашылықтарға келтіретін зиянды барынша азайту болып саналады. Ветеринария саласының экономикалық, биологиялық және медициналық санитариялық маңызы да жоғары. - Қазақстан Республикасында жүргізілетін ветеринариялық қызметтің негізігі мақсаты шаруашылықтарда ветеринариялық шараларды сапалы әрі уақытылы жүргізіп, жануарларды жұқпалы емес, жұқпалы және паразиттік аурулардан тазарту, қауіпті індеттерден адамды сақтандыру, мал ауруын азайту, шығынға жол бермей, шаруашылықтарға келтіретін зиянды барынша азайту болып саналады. Ветеринария саласының экономикалық, биологиялық және медициналық санитариялық маңызы да жоғары.
- Қазақстанда 1810жылға дейін жануарлар ауруларын емдеумен малшы қазақтар өздері айналысқан, содан кейін Ресейден жұмыс бабымен келген ветеринарлық мамандары, ал 1891жылдан бастап ветеринариялық қызмет жекеленіп, өз алдына бөлініп шыққан. Мамандарды Омбы, Тобыл ветеринариялық мектептері, сонымен қатар Қазан, Юрьев, Варшава ветеринариялық институттары дайындаған. 1897 жылы тұңғыш ветеринариялық бактериологиялық лаборатория Оралда ашылған. 1920 жылы ветеринариялық бас басқарма құрылып, Қазақстанда ветеринариялық саланың дамуына А.П.Петровский, У.Б.Базанов, Т.И.Исенгулов, К.И.Скрябин, А.П.Сейдалин және тағы да басқа ғалымдар үлкен үлес қосқан.
- Қазақстан Республикасында жануарлар ауруларымен күресу шаралары ҚР Президенті бекіткен (Бірінші заң 1995 жылы 25маусымда, екіншісі 2002 жылы 10 шілдеде қабылданған, заң 6 тараудан 37 баптан тұрады). «Ветеринария туралы заң» негізінде, Үкімет жарғылары және ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринария туралы заң актілері мен нұсқаулары бойынша жүргізіледі. Қазақстанда ветеринария саласын қадағалау органдары мемлекеттің басқаруында болады, жүргізілетін ветеринариялық шаралар жоспарлы түрде, ал аса қауіпті жұқпалы ауруларды және карантиндік шараларды қоспағанда, ветеринариялық жұмыстардың барлық түрлері бәсекелестік ортаға берілген және лицензиялауға жатады. Ветеринариялық препараттарды өндіру саласы да бәсекелестік ортаға қарайды.
Достарыңызбен бөлісу: |